Главная / Образовательные программы / Ландшафты дизайн және көгалдандыру
Ландшафты дизайн және көгалдандыру

Ландшафты дизайн және көгалдандыру

Білім беру саласының жіктеуі мен коды: 6B08-«Ауыл шаруашылығы және биоресурстар»

Даярлау бағыттарының жіктеуі мен коды: 6B083-«Орман шаруашылығы»

Дәрежесі: «Ландшафты дизайн және көгалдандыру" білім беру бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы бакалавры  

Оқыту мерзімі:  4 жыл

«Ландшафты дизайн және көгалдандыру» білім беру бағдарламасының мақсаты – алған білімдерін тәжірибеде іске асыруға және әрі қарай өзін кәсіби жетілдіруге, шығармашылық дамуға қабілетті, ландшафтық жобалау, бақ-саябақ екпелерін пайдалану және қайта құру жүйесінде өндірістік қызметке дайын бәсекеге қабілетті маманды дайындау.

Білім беру бағдарламасының міндеттері:

  1. Болашақ мамандардың негізгі кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру;
  2. Студенттердің өзіндік ізденіс-зерттеу іс-әрекеті үшін алғышарттар жасау;
  3. Ғылыми-техникалық ақпаратпен жұмыс істей білу, кәсіби қызметте отандық және шетелдік тәжірибені пайдалану, алынған ақпаратты жүйелеу және жалпылау;
  4. Ландшафтық дизайн саласында шығармашылық міндеттерді шешу үшін студенттерде шығармашыл (креативті) ойлауды қалыптастыруға бағытталған ландшафттық жобалаудың тәжірибелік тәсілдерді және теориялық білімдерді меңгеру;
  5. Аграрлық бағыттағы адамдардың кәсіптеріне оң көзқарас қалыптастыру және АӨК аграрлық секторында жылдам жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін қалыптастыру.

Білім беру бағдарламасының жалпы сипаттамасы

«Ландшафты дизайн және көгалдандыру» білім беру бағдарламасы ландшафтық сәулет нысандарын жобалау, салу және пайдалану, жасыл алқаағаштармен саябақтарды қайта қалпына келтіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға және орындауға қабілетті көгалдандырушы-мамандарға қажеттіліктің артуына байланысты жұмыс берушілердің сұранысы негізінде құрылды.

Қалалар мен елді мекендерді көгалдандыру және ландшафтық дизайн мәселелерін шешу үшін адам қоғамының тіршілік ету ортасын сауықтыру мен абаттандыруды қамтамасыз ететін заманауи және тарихи ландшафттарды ұйымдастыру, сақтау және қалпына келтірудің негізі ретінде студенттерге ландшафтық дизайн бойынша білім беру қажет.

Осы ББ-ның бәсекелестік артықшылықтары ландшафтық сәулет және көгалдандыру саласында тәжірибелік икемі бар, сондай-ақ шетел тілінде сабақ беретін, отандық және шетелдік тәжірибе әдістерін үйлестіретін жоғары білікті оқытушылар құрамы болып табылады, компьютерлік сыныптарда, зертханаларда жаңа жабдықтармен және университет кампусында, орман питомнигінде білім алады.

Кәсіби қызмет ету салалары

«Ландшафты дизайн және көгалдандыру» білім беру бағдарламасы түлектерінің кәсіби қызмет ету саласы елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру, ландшафтық жобалау, сәндік өсімдіктерді өсіру, коммерциялық орман шаруашылығы болып табылады. Бітірушілердің кәсіби қызметінің объектілері: көгалдандыру ұйымдары, орман орналастыру және жобалау кәсіпорындары, орман және сәндік питомниктер.

Кәсіби құзыреттілігі

білу және түсіну: ағаш-бұта және гүл өсімдіктерінің сәндік морфологиясы мен биологиясын; отырғызу материалдарын өсіру тәсілдері мен технологиясын, екпе ормандарын, көгалдандыру орман алқаптарын құру тәсілдерін; қазіргі заманғы стильдердің түрлері мен өсімдік композицияларының заңдарын; заттық-кеңістіктік ортаның қалыптасуының композициялық заңдылықтарын; тәжірибелік жұмыстарды орындау ұғымдары мен технологияларын, осы бейіндегі дизайнердің жұмыс ерекшелігін түсіну.

істей алу қажет: табиғи аймақтылығын, өсу жағдайларын, сәндік қасиеттерін ескере отырып, ағаш-бұта және гүлді өсімдіктерді таңдап алуға; табиғаттың барлық нысандарының көлемді формасын дұрыс беруге; есте сақтау, ұсыным бойынша стильдеудің әр түрлі түрлерін қолдануға қабілетті.

дағды болуы тиіс: аумақтарды көгалдандыру және абаттандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруда, орындау және бақылауда; питомниктердің, екпе ормандары мен жасыл алқаағаштардың зиянкестері мен ауруларына қарсы күресу жөніндегі жұмыстарда; негізгі және арнайы компьютерлік бағдарламаларда жұмыс істеуде; ландшафтық сәулет нысандарын жобалау, салу және пайдалану, жасыл алқаағаштармен саябақтарды қайта қалпына келтіру жұмыстарды орындауда.

Денсаулық мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін тәжірибеден өту орындарын таңдау, олардың осы білім алушылар үшін қол жетімділігі және денсаулық жағдайы талаптармен келісіледі.