Digital Маркетинг

Digital Маркетинг

БАКАЛАВР, 6В04104 – «Digital Маркетинг»

Біліктілік: Басқару және бизнес бакалаврі

Оқу мерзімі: 4 жыл

Оқу түрі: күндізгі

Білімді қолдану аумағына қысқаша сипаттама: қазіргі таңда маркетинг, сатып алушының назары мен көңілін өзіне аудару үшін бәсекелестік күреске қатысатын барлық ұйымдарда қолданылады. Әрине, олар ең жақсысын таңдайды. Сондықтан маркетолог қызметтің барлық саласындағы меншіктің кез келген түріндегі кәсіпорындарда: саудада, өндірістік, дайындайтын, өңдейтін ауылшараушылық және басқа да кәсіпорындарда кәсіби қызметте болуы керек. Ол жарнама бизнесінде, өндіру және қызмет көрсету саласында, маркетинг маманынан бастап кәсіпорын басшысына дейінгі қызметте жұмыс істей алады. Қазіргі таңда, біздің аймақтың еңбек нарығында Digital маркетинг, жарнама бойынша мамандар, маркетинг және сату бойынша менеджерлер, басқа да  маркетолог дипломы бар мамандар сұранысқа ие. Сондықтан, Қазақстан Республикасында нарық қарым-қатынасын ары қарай дамыту маркетолог мамандарға деген сұранысты кеңейтуге әкеледі деп болжам жасауға болады.

Біліктілікке қысқаша сипаттама: «Digital Маркетинг» білім беру бағдарламасын бітіруші оқу үдірісінде келесі дағдыларды меңгереді: саралаушы қабілеттілігі (қаржылық, бюджеттік және т.б. әр түрлі есептердегі деректерді түсіну; маркетингтік зерттеу деректерін түсіну және олар бойынша дұрыс шешім жасай білу; деректер базасына талдау жасай білу және т.б.); жан жақты, ой өрісі кең; мәдени танымы кең және т.б.

Бағдарламаның қысқаша мазмұны: 6В04104 – «Digital Маркетинг» білім беру бағдарламасының мақсаты маркетингтік зерттеулер жүргізе алатын, терең білімді, ынталы, ғылыми іздену және шығармашылыққа қабілеттілігі бар, еңбек нарығы талаптарының және технологияның өзгеруіне бейімделуге қабілетті, университет миссиясына сәйкес жаңа қоғамдық құрылыстағы маркетолог маманын дайындау болып табылады.

Студенттер теориялық курсты меңгеру үдерісінде басқарудағы маркетинг тұжырымдамаларының негізгі ережелерін, маркетингтік зерттеулер, маркетингтік коммуникациялар, маркетингті басқару сияқты әр түрлі маркетинг функцияларының мазмұнын оқып үйренеді.  Сонымен қатар әр түрлі сферадағы және саладағы қызмет ұйымдарында, көбінесе сауда ұйымдарында, банктерде, сақтандыру компанияларында, өндірістік кәсіпорындарда, қызмет көрсету саласындағы және сауда сферасында емес ұйымдарда маркетингті жүзеге асыру ерекшелігін түсінеді. Теориялық курстан басқа студенттер қызметтің кез келген сферасындағы кәсіпорындарда маркетингтік тәжірибені меңгереді.

Бағдарламаның түпкі мақсаты – жеке және кәсіби қызметінде жетістіктерге жететіндей, өз білім алу жолын таңдау мүмкіншілігінде көрінетін, болашаққа нақты бағдар ұсыну.

6В04104 – «Digital Маркетинг» БББ оқу нәтижелері

Осы бағдарламаның түлектері келесідей оқу нәтижелерін көрсете алады:

ON1. Микро және макро деңгейлердегі экономикалық процестердің мазмұнын анықтау және талдау.

ON2. Заңнама нормаларын кәсіби қызметте қолдану.

ON3. Мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде тұлғааралық Әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынас жасау қабілетін білдіру; этикалық, конфессиялық және мәдени айырмашылықтарды ескере отырып, толеранттылық қағидаттарында командалық жұмысты ұйымдастыру

ON4. Әлеуетті клиенттерді анықтау, олардың қажеттіліктері мен қалауларын ажырату, нарықтың мақсатты сегменттерін сегменттеу және таңдау, сондай-ақ тауар ассортиментін әзірлеу және қалыптастыру, бағалар мен жеңілдіктер жүйесін белгілеу..

ON5. Әлеуетті клиенттерді анықтау, олардың қажеттіліктері мен артықшылықтарын анықтау, нарықтың мақсатты сегменттерін саралау және іріктеу, сондай-ақ тауарлық ассортиментті әзірлеу және қалыптастыру, бағалар мен жеңілдіктер жүйесін белгілеу қабілеті.

ON6. Маркетингтік қызметті бақылау мен талдауды, сондай-ақ тұтынушыға жылжыту және коммуникациялық әсер ету құралдарын әзірлеуді ұйымдастыру.

ON7. Қолданбалы бағдарламалық өнімдерді, заманауи цифрлық платформаларды, технологияларды тиімді пайдалану, өнімді тарату және түпкілікті сатып алушыға жеткізу арналарын құру, сатуды ұйымдастыру және тұтынушыларға қызмет көрсету үшін деректерді өңдеудің техникалық құралдарын бейімдей білу.

ON8. Өнімдер мен қызметтерді өндіру және сату кезінде экономикалық субъектілердің қызметіне маркетингтік бақылауды ұйымдастыру және жоспарлау, сондай-ақ алған білімдерін кез-келген шаруашылық жүргізуші субъектінің маркетингтік қызметін басқарудың тиімді жүйесін құру үшін, жалпы білім беру және кәсіби білім деңгейін үнемі арттыруға дайын болу үшін қолдану