Главная / Образовательные программы / Механикалық инженерия (бакалавриат)
Механикалық инженерия (бакалавриат)

Механикалық инженерия (бакалавриат)

Білім беру саласының  коды:

6В071 – Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

Дайындық бағытының коды:

6В071 -  Инженерия және инженерлік іс

Білім беру

 бағдарламасының тобы           

6В064 –  Механика және металл өңдеу ”

Білім беру

бағдарламаларының атауы 

6В07104 -  “Технологиялық машиналар және жабдықтар”

 

6В07105 -   “Механикалық инженерия”

 

 

Біліктілігі:

Білім беру бағдарламалары бойынша техника      және технология  бакалавры

 

6В07104 -   “Технологиялық машиналар және жабдықтар”

 

6В07105 -   “Механикалық инженерия”

 

Оқу мерзімі: 4 жыл

Оқу түрі: күндізгі

Таңдау пәні: Математика, физика 

Білімді қолдану саласының қысқаша сипаттамасы: Технологиялық машиналар және жабдықтар (механикалық инженерия) мамандығының түлегі ауыл шаруашылық машина жасау саласында білім беру бағдарламасының барлық пәндерін оқу және игеру кезінде алған білімдерін қолдана алады; ауыл шаруашылық машина жасауда технологиялық процестердің бұзылу себептеріне талдау жүргізеді және өлшеудің сапалы нәтижелерін алумен олардың алдын алу бойынша іс-шаралар әзірлейді. "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өндірісті индустрияландыру және экономика салаларын цифрландыру жағдайындағы еңбек нарығының қажеттіліктері әртараптандыру және мамандарды даярлау сапасын арттыру бағытында жаңа талаптарды қалыптастырады. Осыған байланысты бағдарламаны жүзеге асыру техника және технология бакалаврларын даярлауда зерттеу және іргелі құрамдас бөліктерді дамытуға бағытталған. Бұл міндетті шешу білім беру бағдарламаларын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларымен сәйкестендіру бойынша жүзеге асыруға болады.

Білім беру бағдарламаларының кәсіби қызметінің объектілері:  

Мамандардың кәсіби қызметінің объектісі агроөнеркәсіптік кешен және қайта өңдеу өндірістерінің салалары, мемлекеттік басқару органдары, ғылыми-зерттеу ұйымдары, әртүрлі меншік түріндегі фирмалар, машина жасау зауыттары, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары, сондай-ақ бақылау-өндірістік зертханалар, атап айтқанда:

  • машина жасау өндірісінің объектілері, технологиялық жабдықтар, құрал-саймандық техника, технологиялық жабдықтар және автоматтандыру құралдары;
  • технологиялық жабдықтарды әзірлеу және жобалау;
  • өндірістік және технологиялық процестер, оларды әзірлеу және жаңа технологияларды игеру;
  • шығарылатын бұйымдардың сапасына жету үшін технологиялық жүйелерді ақпараттық, метрологиялық, диагностикалық және басқарушылық қамтамасыз ету құралдары;
  • машина жасау бұйымдарын сынау және сапасын бақылау әдістері, құралдары;
  • нормативтік-техникалық құжаттама, стандарттау және сертификаттау жүйесі, машина жасау бұйымдарын сынау және сапасын бақылау әдістері мен құралдары. 

Мамандықтың бәсекелестік артықшылықтары: "Технологиялық машиналар және жабдықтар" (механикалық инженерия)

  • соңғы 3 жылда Қазақстан Республикасы бойынша аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (АРТА) нәтижесі бойынша "Технологиялық машиналар мен жабдықтар" Білім беру бағдарламасы 1-орында;
  • "Технологиялық машиналар және жабдықтар" кафедрасы магистратура және докторантура бойынша білім беру қызметін жүргізу туралы лицензияға қосымшасы бар, бұл бакалавриат түлектеріне магистратура және докторантурада өз білімдерін жетілдіруге мүмкіндік береді;
  • Калифорния университетінің жетекші ғалымдарының ұсынысы бойынша Дэвисте агроинженерия платформасы құрылды, оның құрамына "өндірістік-эксперименталдық металл өңдеу және дәнекерлеу цехы" және "конструкторлық бюро" кіреді, заманауи CББ (ЧПУ) станоктарымен жабдықталған;
  • Қазақ-Қытай ауыл шаруашылығын механикаландыру орталығы;
  • Қазақстан-Германия дәл егіншілік «Glass»;  
  • Қазақстан-Америка дәл егіншілік орталығы «John Deer»;
  • Университеттің ғылыми-тәжірибелік кампусы (алаңы 1200 га);
  • Қазақстан-Беларусь кадрларды даярлау және қайта даярлау орталығы.

 

Эдвайзердің байланыстары: Байшугулова Шырын Кадрменденовна, email: shyryn67@mail.ru, тел.:+77014017493