АӨК Менеджмент

АӨК Менеджмент

ДОКТОРАНТУРА 8D04101 - «АӨК-дегі менеджмент»

Біліктілігі: 8D04101 - «АӨК-дегі менеджмент» білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы

Оқу мерзімі– 3 жыл

Оқу түрі – күндізгі

Білімді қолдану аумағына қысқаша сипаттама: Философия докторын PhD  даярлаудың білім беру бағдарламасы ғылыми-педагогикалық бағытқа ие және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі біліммен ғылым салалары үшін іргелі білім беру, әдіснамалық және зерттеушілік даярлық пен ғылымның сәйкес бағыттары бойынша пәндерді терең оқытуды қарастырады.

Докторантурадағы оқу келесілерді қамтиды: оқу үрдісінің және зерттеу қызметінің қатар жүруді; ғылыми, білім беру және әдіснамалық дайындықты алуды; докторанттың ғылыми – зерттеу жұмысы аясындағы шетелдік тағылымдамаларды; танымал шетелдік ғалымдармен кеңестерді  қарастырады.  

Докторанттар келесі жалпы білім беру құзыреттеріне ие:

- кәсіпорынды басқарудың заманауи тәсілдері және менеджменттің талдау әдістері, диагностика, талдау және мәселелерді шешу, шешімдер қабылдау және оларды ұйымдарда жүзеге асыру әдістері;

- менеджменттің тәжірибелік мәселелерін шешу, оларды тәжірибеде жүзеге асыру бойынша шешім қабылдау, басқару қызметтерін жүзеге асыруға дайын болу және кәсіпорын мүддесінде кәсіби мәселелерді шешу;

- нарықтық экономика мен оның мүмкіндіктерінің ерекшеліктерін терең түсінуге, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін және т. б. ұғынуға негізделген тиісті басқару лауазымымен айналысу үшін қажетті білім, дағды мен іскерлікке ие болу;

- Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының қазіргі мәселелері мен перспективаларына баға бере білу, әлемдік экономика мен жаһандану дамуының қазіргі заманғы үрдістерін түсіну, халықаралық бәсекелестік мәселелерінде бағдарлау.

8D04101 – «АӨК- дегі менеджмент» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы PhD міндетті пәні «Зерттеулерді басқару» және таңдау бойынша пәндер: «Ауыл шаруашылығында мемлекеттік басқару», «Кооперативтік бизнес-кәсіпорындар» / «Адам ресурстарын басқару стратегиясы» / «Экономикадағы статистика»

8D04101 – «АӨК менеджменті» бағдарламасы экономиканың даму үрдістері мен еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, отандық және шетелдік ғалымдар, оқытушылар, табысты бизнесмендер тобы әзірлеген болатын. Бағдарламаны жүзеге асыруға университеттің докторлары, ғылым кандидаттары және PhD докторлары, «ЖОО-ның үздік оқытушысы» және ҚР Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерлері, сондай-ақ шетелдік жоғары оқу орындарының ғалымдары: Пловдива Аграрлық Университеті (Болгария), Корей университеті (Корея), Александр Стулгинск университеті (Литва) және т. б. тартылды.

Білім беру бағдарламасының мақсаты: жеке, сондай-ақ командада жұмыс істей алатын, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы бизнес-процестерді тиімді басқаруға, өндірістік, педагогикалық саладағы қызметті жүзеге асыруға, идеяның пайда болуынан бастап оны коммерцияландыруға дейін инновациялық өнім жасау бойынша ғылыми-зерттеу жобаларына қатысуға қабілетті PhD докторларын дайындау. Стратегиялық серіктес ретінде университеттің тұрақты ұстанымдары ғылыми және шығармашылық зерттеулерде корпоративтік серіктестеріміздің сенімді желісін қалыптастыруға мүмкіндік берді: бұл қаржы-несие жүйесінің мекемелері, мемлекеттік басқару саласындағы департаменттер мен ведомстволар, әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар, жоғары оқу орындары және т. б.

8D04101 – «АӨК-дегі менеджмент» БББ оқыту нәтижелері

Осы бағдарламаның түлектері келесідей оқу нәтижелерін көрсете алады:

ON1 - ғылыми зерттеу тұрғысынан ғылыми зерттеулерді, ұлттық және халықаралық деңгейде ғылыми зерттеулерді жариялау, ойлау, жобалау, енгізу және бейімдеу мүмкіндігін көрсету;

ON2 - ауылшаруашылық ресурстарын тиімді пайдаланудың заманауи тәсілдерін қолдануға, агроөнеркәсіптік кешенді басқарудың және тұрақтандырудың тиімді бағыттарын дамыту, агроөнеркәсіптік кешен секторларында, жеткізу тізбегі жүйесін басқаруда дайындалуға;

ON3 - кәсіпорынның мүддесі үшін басқару функцияларын жүзеге асырады және кәсіптік мәселелерді шешеді, практикада оларды енгізу бойынша шешім қабылдау, интеграцияланған агробизнесті тиімді басқару мүмкіндігі;

ON4 - агроөнеркәсіптік кәсіпорындардың тиімді қызметін ұйымдастыру, оның стратегиялық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, стратегиялық және компания ішіндегі жоспарлау құралдарын іске асыруға мүмкіндік беру;

ON5 - корпоративтік мәдениеттің және сыртқы ортаны өзара әрекеттесуді қамтамасыз ететін коммуникативтік дағдыға ие; кооперативті кәсіпкерлік кәсіпорындарын ұйымдастыру және дамыту мүмкіндігіне ие болу; адам ресурстарын басқару; басқарудың кәсіби және ғылыми міндеттерін шешуде қолдану үшін ғылыми зерттеулер мен академиялық жазудың заманауи әдістерін қолдану

ON6 - нақты әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің жай-күйі мен даму перспективаларын бағалауда статистикалық талдау әдістерін қолданады.

Байланыстар: «Менеджмент және Маркетинг» кафедрасының меңгерушісі Нукешева Анар Жаскайратқызы, 39-82-08

е-mail:annukesheva@mail.ru