Главная / Образовательные программы / Жануарлар туралы ғылым
Жануарлар туралы ғылым

Жануарлар туралы ғылым

Білім беру саласының коды және жіктелуі: 8D08 – «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар»       

Дайындау бағыттарының коды және жіктелуі: 8D082 «Мал шаруашылығы»        

Берілетін дәреже:  «Жануарлар туралы ғылым» мамандығы бойынша философия докторы (PhD)

Оқу мерзімі: 3 жыл

Білім беру бағдарламасының мақсатымал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы саласында малдардың өсімін молайтуды, өсіруді және селекциясын қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық, ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызметті орындау үшін жоғары кәсіби кадрларды даярлау болып табылады.

Білім беру бағдарламасының жалпы сипаттамасы

«Жануарлар туралы ғылым» білім беру бағдарламасы пәндерді оқытудың модульдік жүйесі негізінде жобаланған және ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша жалпы білім беру және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыратын 3 модульден тұрады.

Білім беру бағдарламасы негізгі, білім беру, әдіснамалық және зерттеу дайындықтарын және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және АӨК саласындағы кәсіпорындар үшін ауыл шаруашылығы бағыты бойынша пәндерді тереңдетіп оқытуға арналған.

Білім беру бағдарламасы теориялық оқытудан және бейіндік пәндер циклдарын зерделеуді қамтитын теориялық оқыту курсы; оқытудың қосымша түрлері: педагогикалық және зерттеу тәжірбиесі, докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы, оның ішінде докторлық диссертацияны орындау, сонымен қатар қорытынды аттестаттау – кешенді емтихан және докторлық диссертацияны рәсімдеу және қорғаудан тұрады.

«Жануарлар туралы ғылым» білім беру бағдарламасының өзектілігі ғылым, білім және өндіріс саласындағы инновациялық қызметке қабілетті, біліктілігі жоғары ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау қажеттілігіне негізделген.

Сәйкесінше PhD докторант өз бетінше ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызмет дағдыларын, сондай-ақ АӨК саласында табысты жұмыс істеу үшін қажетті басқа да құзыреттерді қалыптастыруы тиіс.

Білім беру бағдарламасы білім беру саласындағы қазіргі ғылыми және практикалық мәселелерді тұжырымдауға және шешуге қабілетті және оқытушылық, ғылыми-зерттеу және басқару қызметін табысты жүзеге асыра алатын кәсіби шеберлілігі жоғары деңгейдегі мамандарды дайындау мақсатына ықпал етеді.

Білім беру бағдарламасын кеңінен енгізу үшін осы салада білікті мамандар қажет.

Мамандарды дайындауда білім беру бағдарламасының бірегейлігі алынған ақпаратты талдауда, жинақтауда және оларды жүйелеуде іскерлікпен жүзеге асырылады.

Білім беру бағдарламасы молекулалық, жасушалық, ағзалық және популяциялық деңгейдегі күрделі биологиялық үрдістер мен жүйелерді зерттеудегі прогрестің негізгі факторы болып табылатын қазіргі заманғы биологияның барлық бағыттарын біріктіреді.

Кәсіби қызмет ету салалары

«Жануарлар туралы ғылым» білім беру бағдарламасының PhD докторантының кәсіптік қызмет саласы - ауыл шаруашылығындағы ғылыми, білім беру, әкімшілік және өндірістік қызмет, атап айтқанда:

  • жергілікті және республикалық мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ ауыл шаруашылығы құрылымдарының әр түрлі түрлері (жеке, ұжымдық, шаруа қожалықтары, акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, өндірістік кооперативтер және т.б.);
  • аграрлық бейіндегі жоғары, арнаулы орта, кәсіптік-техникалық оқу орындарындағы білім беру қызметі, ғылыми-өндірістік мекемелердегі, жергілікті, аудандық облыстық, республикалық құрылымдардың аппараттарындағы ғылыми және басқару қызметі.
  • мал шаруашылығындағы селекция және генетика, асыл тұқымды мақсаттар үшін малдарды бағалау және іріктеу; селекциялық-асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу; малдың жаңа тұқымдары мен тұқымішілік типтерін жасау;

Кәсіби құзыреттіліктер:

түсінуі тиіс:

  • заманауи ғылыми әдістер;
  • селекциялық үдерісінде қолдануға арналған жетілдірілген техникалық құралдар мен әдістер;
  • даму үрдістері мен бағыттары және оларды қолдану перспективалары;
  • ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекция мәселелерін түсіну;
  • басқару үрдістерін ұйымдастыру принциптері;
  • ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекция мәселелері;
  • тәжірибелік жұмыста ғылыми әзірлемелерді енгізу механизмі;
  • ғылыми қоғамдастықтағы өзара қарым-қатынас нормалары;
  • ғалым-ізденушінің педагогикалық және ғылыми этикасы

білуі тиіс:

  • критикалық талдау әдістері;
  • заманауи ғылыми жетістіктерді бағалау;
  • ғылыми мәтіндердегі негізгі идеяларды жіктеу және жүйелеу;
  • кез келген келіп түскен ақпаратты, көзіне қарамастан сыни бағалау;
  • малдарды толық азықтандыруды ұйымдастыру және бақылау бойынша;
  • ғылыми мәтіндердегі негізгі идеяларды бөлу және жүйелеу;
  • кез келген ақпаратты сыни бағалау;
  • селекциялық процестің аса маңызды қасиеттеріне іріктеу, ұйымдастыру және техникасы әдістері;
  • қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы техникасын пайдалана отырып, мал шаруашылығы шаруашылықтарында мал өнімділігін басқару мүмкіндігін және алынатын өнімнің сапасын ескере отырып, өндірістік процестерді ұйымдастыру және орындау туралы;
  • жоғары және арнайы білім беру мекемелерінде оқыту әдістемесі мен әдіснамасы;
  • қазіргі заманғы коммуникация құралдары, есептеу техникасы, жоғары және арнайы білім беру саласында ақпараттық технологиялардың даму болашағы мен үрдістері;
  • экономика, еңбекті ұйымдастыру, жоғары және арнайы білім, өндіріс және ғылыми зерттеулер негіздері.

меңгеруі тиіс:

  • заманауи селекция әдістерін қолдану;
  • селекция саласында ғылыми зерттеулер жүргізу әдістемесін қолдану;
  • будандастыру әдістерін меңгеру;
  • будандастыру әдістерін меңгеру;
  • мал шаруашылығының жем-шөп базасын дамытуды ұйымдастырушы болып жұмыс істеу;
  • жоғары өнімді мал ағзасының қажеттілігінің тетіктелген нормаларын құру;
  • қолда бар жемдерден ғылыми негізделген және теңдестірілген азықтандыру рационын құру;
  • технологиялық сипаттағы проблемалар мен процестерді талдау;
  • селекция саласында ғылыми зерттеулер жүргізу әдістемесін қолдану;
  • Педагогикалық іс-әрекетте, негізгі және қолданбалы зерттеулерді жүзеге асыруда алынған теориялық білім мен тәжірбиелік дағдыларды пайдалану;
  • тереңдетілген кәсіптік білімді талап ететін кәсіби, ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызмет барысында туындайтын міндеттерді тұжырымдау және шешу;
  • заманауи редакциялық және баспа құралдарын тарта отырып, қолданыстағы талаптарға сәйкес әзірленген есептер, баяндамалар, рефераттар, мақалалар түріндегі жұмыстардың нәтижелерін ұсыну;
  • ғылыми салалар мен білім беру бағдарламаларының шекараларын кеңейте отырып, өзіндік ерекше шешімдермен, зерттеулермен үлес қосу.

дағдысы болуы:

  • мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің қарқынды технологиясын дамыту саласындағы жаңа жетістіктер туралы;
  • мал шаруашылығы салаларындағы базалық технологиялар;
  • ғылыми қарым-қатынас;
  • ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің логикасы мен технологиясын жалпы ғылыми әдіснамасын, оның нәтижелерін ғылыми өнімнің әр түрлі нысандарында ресімдей отырып пайдалану.

құзыретті болуы:

  • ақпараттық ағымдардың жедел жаңаруы мен өсуі жағдайында ғылыми және білім беру қызметі саласында;
  • зерттеу және тәжірбиелік міндеттерді шешу кезінде жаңа идеяларды генерациялау;
  • ауыл шаруашылығы малдарын селекциялау саласында теориялық және эксперименттік ғылыми зерттеулер жүргізу;
  • ғылыми зерттеуде теориялық және қолданбалы есептерді қою және шешу;
  • ауыл шаруашылығы малдарының селекциясындағы мәселелерге кәсіби және жан-жақты талдау жүргізу;
  • тұлғааралық қарым-қатынас және адам ресурстарын басқару мәселелері бойынша;
  • мамандарды жоғары оқу орындарында даярлау мәселелері бойынша;
  • ғылыми жобалар мен зерттеулерге сараптама жүргізу;
  • тұрақты кәсіби өсуді қамтамасыз ету;
  • ғылыми-зерттеу жұмыстарына пікір бере білу;
  • наукометрия және үлгілеу және наукометрия индикаторларын әзірлеудің теориялық-әдіснамалық негіздері;
  • Қазақстанның мал шаруашылығындағы негізгі мәселелерді білу;
  • жеке асылдандыру базасы негізінде бағалы генетикалық ресурстарды пайдалану мәселелерін шешу;
  • мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өткізу тиімділігі.