Главная / Образовательные программы / Аңшылықтану және аң шаруашылығы
Аңшылықтану және аң шаруашылығы

Аңшылықтану және аң шаруашылығы

Білім саласының коды және  классификациясы: 6В08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар

Дайындау бағытының  коды және классификациясы: 6В083 Орман шаруашылығы  

Білім классификациясының  Халықаралық стандарттау коды: 0821

Біліктілігі: білім беру бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы бакалавры "Аңшылықтану және аң шаруашылығы "

Оқу мерзімі: 4 жыл

Білім беру бағдарламасының мақсаты: «Аңшылықтану және аң шаруашылығы» білім беру бағдарламасы аңшылық шаруашылығын жүргізу және басқару әдістерін; аңшылық жануарлардың биологиясы және экологиясын; аң шаруашылығы мен жабайы жануарларды өсіру негіздерін және болашағын, аңшылық шаруашылығын жүргізудің құқықтық негіздерін; аңшылық жануарлардың популяцияларын зерттеудің тәсілдерін; аңшылық шаруашылықтардағы негізгі биотехникалық іс шаралардың негіздерін зерттейді.

Бағдарламаның негізгі міндеттері: 

  1. сапалы кәсіптік білім алуға толық жағдайды қамтамасыз ету;
  2. аңшылықтану және аң шаруашылығы болашақ мамандарының кәсіби құзіреттілігінің негізін қалау;
  3. барлық кезеңде сынақ жүргізу шеңберінде студенттерге өзіндік ғылыми-зерттеу жұмыстарына жағдай жасау;
  4. ғылыми -техникалық ақпаратттармен жұмыс жүргізе білу, шетелдік және отандық тәжірибелерді жұмыс барысында пайдалану, алынған ақпараттарды жүйелеу және топтастыру болып табылады.

Білім беру бағдарламасының жалпы сипаттамасы 

«Аңшылықтану және аң шаруашылығы» Білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдегі  «Жануарлар әлемін қорғау және пайдалану» Заңына сәйкес және жұмыс берушілердің сұранысын есепке ала отырып жасалды.  Бұл білім беру бағдарламасы  биоәртүрлілікті сақтаудың  және аңшылық қорды тиімді пайдаланудың негізгі мәселелерін шешіп, болашақ маманның негізгі өкілеттілігін қалыптасуына мүмкіндік береді.  

Білім беру бағдарламасының өзектілігі қоршаған ортаны қорғау және жануарлар әлемін қорғау мен аңшылық шаруашылығын жүргізу мәселелерін заманауи қажеттіліктерге сай айқындайды.

Бұл білім беру бағдарламасының ерекшелігі аңшылық шаруашылықты ұйымдастырумен аңшылық жүргізудің әлемдік тәжірибелері ( Батыс-Венгер университеті, Варшава жаратылыстану университеті, Вятка ауылшаруашылық академиясы, Иркутск мемлекеттік ауыл шаруашылығы академиясы)  және ПРООН, ҚБСА жұмыстарымен ұсыныстары ескерілген. 

Білім беру бағдарламасының бәсекелестік артықшылығы түрлі елдердің тәжірибесіне сүйене отырып Қазақстан Республикасының жануарлар әлемін  қорғау, тиімді пайдалану мәселелерін аңшылық фаунаның бірегейлігін және ерекшелігін есепке ала отырып шешуге бағытталған. 

Білім беру бағдарламасының бірегейлігі Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылықтардың дамуының және жануарлар әлемін қорғау оның ішінде жабайы жануарларды өсіру, аңшылық шаруашылықтарды қарқындату және аңшылықтың ұлттық  түрлерін дамыту мәселесі айқындалады. Білім беру бағдарламасын  жүзеге асыруға арналған материалды-техникалық  база ("Дударай" оқу-өндірістік аңшылық-балық аулау шаруашылығы,  УАЗ автокөліктері,   мотошана, тірі объектілерді бақылауға арналған құралдар, жүзу құралдары, аулау құралдары  және т.б.), сондай-ақ ҚР АШМ орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті,   ҚР АШМ облыстық аумақтық инспекциялар, «Қансонар» аңшылардың қоғамдық бірлестіктері мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің республикалық қауымдастығы, «ӨБ»"Охотзоопром", "Бурабай" МҰТП, Қорғалжын МТҚ және басқада  аңшылықтану және аң шаруашылығы саласындағы  субъектілер ұсынған тәжірибе базалары бар.

Кәсіптік құзіреттілік-оқу барысында білім алушы келесі құзіреттіліктерді иеленеді:  

Білуі және түсінуі керек:

  • аңшылық шаруашылыққа байланысты қаулыларды,  бұйрықтарды, өкімдерді, инструкцияларды және басқа нормативтік материалдарды;
  • аңдар мен құстардың экологиясын, биологиясын, аңшылықтануды, санақ жүргізу тәсілдерін аңшылық жануарларды аулауды;
  • аңшылық шаруашылықтың экономикасын және кәсіптік аулауды ұйымдастыруды;
  • еңбек заңдылықтарының негіздерін, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасын, өндірістік санитарлық және өртке қарсы нормалары мен ережелерін; 

Істей білуі керек:

  • Алған білімдерін ғылыми, тәжірибелік ақпарат-іздеу мәселелерін шешуге пайдалану; 
  • Қоластындағы жұмыскерлерді ұйымдастыру, жұмыс барысын бақылау және нәтижелеріне баға беру, басшылықтың алдындағы жауапкершілікті түсіне білу; 
  • Жабайы жануарларды аулау кәсіпорындардың, аңөсіру питомниктерін, марал өсіру шаруашылықтарының барлық меншіктерінің түрлерінің  кәсіптік жұмысын, және аңшылық шаруашылықтық жұмысын табиғи жағдайда ұйымдастыруды, аңшылық шаруашылыққа пайдалану мақсатында алқаптарды сараптамалық бағалауды;

 Тәжірибелік қабілеттілігі болуы қажет:

Аңшылықтану және аңшылық шаруашылығындағы түрлі салаларының мәселелерін шешу мақсатында өзінің тәжірибелік жұмысында фундаменталдық ғылыми білімдерін пайдалану; заманауи зертханалық жабдықтарды пайдалану; жоспарлау, ұйымдастыру және өндірістік жұмыстарды басқару;    

Тәжірибе жүзінде істей білу керек:

Далалық тәжірибелерді жүргізу, аңдар мен құстарды ұстауға арналған жабдықтармен жұмыс жүргізе білу; аңшылық жануарларды есептеу әдістерін пайдалануды; биотехникалық іс шараларды жүргізу.

Аңшылықтану және балық шаруашылығы кафедрасының меңгерушісі Сыздыков Қ.Н.

Тел.:8-701-773-57-61, Е-mail: k_syzdykov@mail.ru