Главная / Образовательные программы / Органикалық егіншілік
Органикалық егіншілік

Органикалық егіншілік

Білім беру саласының коды және жіктелуі: 8D08 – «Ауыл шаруашылық және биоресурстар»

Дайындау бағыттарының коды және жіктелуі: 8D081 – «Өсімдік шаруашылығы»

Берілетін дәреже: «Органикалық егіншілік»  мамандығы бойынша философия докторы (PhD)

Оқу мерзімі: 3 жыл

Білім беру бағдарламасының мақсаты: кәсіби құзіреттілігі жоғары деңгейдегі  PhD докторларды дайындау, соның ішінде кәсіби қарым-қатынас мәдениетіне ие, азаматтық ұстанымы бар, «Өсімдік шаруашылығы» бағытындағы білім және ғылым саласындағы замануи эксперименталды және тәжірибелік мәселелерді  айқындай шеше алатын қабілеті болуы тиіс, жергілікті және республикалық мемлекеттік мекемелерде, ауылшаруашылық кәсіпорындарында, ауылшаруашылық бағытындағы жоғары оқыту мекемелерде және  т.б. ғылыми-эксперименталды, өндірістік және басқару қызметін атқару.

Білім беру бағдарламасының жалпы сипаттамасы

Білім бағдарламасының өзектілігі бұл мемлекет нарығында экологиялық қауіпсіз өнімдерге сұраныс болғанына байланысты, осыған орай ауылшаруашылығында экологиялық технологияларды пайдаланатын мамандардың қажеттілігі жоғарлайды, ал бұл әлемде, соның ішінде Қазақстанда оны алға басатын негізгі міндеттердің бірі болып табылады.

«Органикалық егіншілік» білім беру бағдарламасының ерекшелігі еңбек нарығында сыртқы ортаның сақталуын және қауіпсіз өсімдік шаруашылығы өнімдерді тұрақты өндіруін қамтамасыз ететін жаңа формациядағы мамандардың қажеттілігіне байланысты болып отыр.

Білім бағдарламасының бірегейлігі бұл докторанттарда биоалуантүрлікті сақтау және сыртқы ортаны қорғау құзіреттілігін қалыптастыруға бағытталған.

Кәсіби қызметінің шеңбері

 «Органикалық егіншілік» білім беру бағдарламасының кәсіби қызметінің саласы-ауылшаруашылығы саласында ғылыми, педагогикалық, әкімшілік қызметтері, соның ішінде:

- жергілікті және республикалық мемлекетік мекемелер, сонымен қатар әртүрлі ауылшаруашылық ұйымдары (жеке меншік,  қауымдастық, фермерлік шаруашылықтар, акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестер, өндірістік кооперативтер);

- аграрлық және биологиялық бағытындағы жоғарғы, орта қәсіптік,  кәсіптік-техникалық оқыту мекемелерінде білім беру, ғылыми-өндірістік мекемелерде, жергілікті, облыстық, республикалық басқармаларында ғылыми және басқару қызметі.

Кәсіптендіру құзыреттіліктері

білу:

-  ғылыми қауымдастықта қарым қатынастың нормаларын;

- ғалым-зерттеушінің педагогикалық және ғылыми этикасын;

- егіншілік, өсімдік шаруашылығы, селекция және тұқым шаруашылығы саласында кластерлік нанотехнологияларды, ғылыми зерттеулердін әдістерін және құралдарын қолдану.

істей білу:

- оқыған теориялық білімдерін және тәжірибесін өздігінен фундаменталды және қолданбалы зерттеулерді өткізу кезінде, ғылымның ауыл шаруашылық салаларында және өндірісте қодануды білу ;

-    терең қәсіптік білімдерін қажет ететін қәсіптік және ғылыми- зерттеу қызметінде пайда болатын міндеттерді тұжырымдау және шешу; қажетті зерттеу әдістерін таңдау,  нақты зерттеудің міндеттеріне байланысты жаңа әдістерін әзірлеу, оларды әдебиеттердің мәліметтеріне сүйеніп талдау жасау және ойластыру;

- ғылыми эксперименттердің әдіснамасын қолдану.

дағдылардың болуы:

- патенттік ізденістерді өткізу және заманауи ақпараттық және инновациялық технологияларын пайдаланып ғылыми ақпараттарын жеткізу тәжірибесін игеру;

- ғылыми жаңалықтарын және зерттемелерлің интеллектуалды кұқықтарын қорғау;

- ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметіне жауапкершілікті және шығармашылық  көзқарасы;

құзыретті болу:

- өсімдік шаруашылығы саласына жататын эксперименталды зерттеу кезінде теориялық және қолданбалы міндеттерді тұжырымдау және шешу;

   - агрономия, жоғарғы және арнаулы білім беру саласына жататын барлық кәсіптік қызметтердің түрлерін жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу;

-  мемлекеттің саяси және экономикалық саласында, мемлекеттік мекемелерін және экономиканы басқару, агрономия саласындағы ұйымдары мен мекемелерінде;

- экологиялық қауіпсіз өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіруге жататын барлық ұйымдастыру, жоспарлау, өткізу  сұрақтарын.