Главная / Образовательные программы / Қорғаулы грунттағы көкөніс шаруашылығы
Қорғаулы грунттағы көкөніс шаруашылығы

Қорғаулы грунттағы көкөніс шаруашылығы

«Қорғалған топырақтағы көкөніс шаруашылығы» білім беру бағдарламасы - магистратура

Білім беру саласының коды және жіктелуі: 7M08 – «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар»

Дайындау бағыттарының коды және жіктелуі: 7М081 – «Өсімдік шаруашылығы»

Берілетін дәреже: «Қорғалған топырақтағы көкөніс шаруашылығы» білім беру бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі

Оқу мерзімі: 2 жыл (ғылыми-педагогикалық)

Білім беру бағдарламасының мақсаты: жылыжайлық көкөніс шаруашылығы саласындағы қазіргі заманғы және іс жүзіндегі мәселелерді айқындайтын және шеше алатын, ғылыми-зерттеу, басқару және педагогикалық қызметтерді табысты жүргізе алатын қабілеті бар, кәсіби мәдениеті жоғары деңгейдегі  мамандар дайындау.   

Білім беру бағдарламасының міндеттері:

  1. Магистранттың ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызметттерді өз бетінше жүргізе алу машықтарын қалыптастыру;
  2. Қорғалған топырақтағы көкөніс шаруашылығы саласында терең және кәсіби дайындықты талап ететін, сонымен қатар ғылыми-зерттеу, әдістемелік және педагогикалық жұмыстар жүргізу қызметіне ауылшаруашылық магистрін дайындау. 

Білім беру бағдарламасының жалпы сипаттамасы

«Қорғалған топырақтағы көкөніс шаруашылығы» білім беру бағдарламасы жұмыс берушілердің кәсіби құзіреттілікке ие, жылыжайлық көкөніс шаруашылығы бойынша мамандарға деген сұранысы негізінде құрастырылды.

Білім беру бағдарламасы біліктіліктің Ұлттық шеңбері және кәсіби стантарттарға сәйкес, Дублиндік дескрипторлар және біліктіліктің Еуропалық шеңберімен келісіліп құрастырылды.

Білім беру бағдарламасының бірегейлігі сол, түлектердің әлеуметтік мобильділігі мен олардың еңбек нарығындағы сұранысын арттырады және Калифорния штаты (АҚШ) Дэвис университетінің ғалым-оқытушылырымен бірігіп құрастырылған.

 «Қорғалған топырақтағы көкөніс шаруашылығы» білім беру бағдарламасы пәндерді модульды жүйемен оқу негізінде жоспарланған  және     5 модульдан, қалыптастыратын, базалық және кәсіби құзіреттіліктерден тұрады.

Берілген білім беру бағдарламасындағы кредиттердің жалпы саны – 120 кредит, олардың ішінде: теориялық оқыту кредиттерінің жалпы саны – 84 кредит, магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысына – 24 кредит, қорытынды аттестацияға – 12 кредит.

Кәсіби қызметінің шеңбері

 «Қорғалған топырақтағы көкөніс шаруашылығы» білім беру бағдарламасының бітірушілері жұмыс істей алады:

  1. аграрлық бейіндегі жергілікті және республикалық мемелекеттік мекемелерде және әртүрлі ауылшаруашылық құрылымдарда;
  2. аграрлық және биологиялық бейіндегі жоғары, орта-арнайы, кәсіби-техникалық деңгейдегі білім беру мекемелерінде;
  3. аграрлық ғылымның ғылыми-өндірістік мекемелерінде.

Кәсіптендіру құзыреттіліктер

білу:  көкөніс дақылдары тұқым шаруашылығы және егіншіліктің аймақтық жүйесінің теориялық және практикалық негіздері; көкөністерді жылыжайларда өсірудің заманауи тәсілдері; жылыжай жағдайындағы көкөніс дақылдарын қорғаудың замануи тәсілдері және қоректендірудің ғылыми негіздері; жылыжайлық көкөніс шаруашылығындағы зерттеу жұмыстарын жүргізу әдістері және математикалық статистиканың негізгі әдістері; көкөніс өнімдерін өндірудегі қолданбалы ғылымдар негізі.

істей білу: заманауи жылыжайларда микроклиматты реттеу және көкөніс дақылдарын өсіру технологияларын қолдану; жылыжай жағдайында өсімдік қорғаудың заманауи интегралды жүйесін және көкөніс дақылдарын қоректендіруді оңтайландыруды ұйымдастыру; зерттеуді жүргізу және алынған мәліметтерді статистикалық өңдеуден өткізу; зерттеу жүргізілетін сала бойынша патенттік іздестіруді жүргізу; ҒЗЖ мәліметтерін жинау.

дағдылардың болуы: көкөніс дақылдарының тұқым шаруашылығын іс жүзінде жүргізе білу; жылыжайлық көкөніс шаруашылығында көкөніс  дақылдарын өсірудің заманауи тәсілдерін қолдану және берілген технологияға қажетті түзетулер енгізе білу; жылыжайда өсімдіктерді қорғаудың заманауи әдістерін қолдану және көкөніс дақылдарын қоректендіруді реттеу; ғылыми мәліметтердің статистикалық өңдеудің нәтижелерін қорытындылау; патенттік іздестіруді өз бетінше жүргізе білу; ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе білу.