Главная / Образовательные программы / Тағам қауіпсіздігі
Тағам қауіпсіздігі

Тағам қауіпсіздігі

Білім беру саласының коды және классификациясы: 6B09-«Ветеринария»

Дайындық бағыттарының коды мен классификациясы: 6B091- «Ветеринария»

Білім берудің халықаралық стандартты классификациясының коды: 0941

Біліктілік: бакалавр/специалист 6B09-«Ветеринария»

Берілетін дәрежесі: ветеринария мамандығы бойынша бакалавр 6В092 – «Тағам қауіпсіздігі»

Білім беру бағдарламасының мақсаты: 6В092-«Тағам қауіпсіздігі» мамандығы бойынша «Тағам қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасы Еуразиялық Экономикалық Одақ пен Бүкіл әлемдік Сауда Ұйымы талаптарына сәйкес ветеринариялық қызметтегі заңнамалық базаларға өзгерістер енгізілуіне орай, сонымен қатар, жұмыс берушілердің (басшылықтағы ветеринариялық ұйымдар мен жеке-кәсіпкерлік қызмет түрлері) ұсыныстарын ескере отырып, құрастырылған. Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – қазіргі уақытта аса өзекті деп танылып отырған, биологиялық және тағам қауіпсіздігі мәселелерін зерттеп, білу. Осы орайда модульдік білім беру бағдарламасының мазмұны Еуразиялық Экономикалық Одақ пен БСҰ жағдайында, сонымен қатар, халықаралық ветеринариялық ұйымдардың (ХЭБ, ФАО, БДҰ т.б.) талаптары мен ұсыныстарына орай мал шаруашылығы өнімдерінің ветеринариялық-санитарлық сараптамасын жүргізу үшін білім мен практикалық машықтану алуға бағытталады. «Тағам қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты  – биологиялық және тағамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сонымен қатар, тағам өнімдері сапасын бақылау бағыты бойынша жоғары білікті мамандар дайындау, бұл қазіргі уақытта өзекті де қажетті мәселе болып отыр. Білім беру бағдарламасының мазмұны Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде және БСО ену кезеңінде малшаруашылығы өнімдерін ветеринариялық-санитарлық сараптауды қамтамасыз ету мүмкіндігін беретін, сонымен қатар, халықаралық ветеринариялық ұйымдардың (ХЭБ, ФАО, БДҰ т.с.с.) талаптары мен ұсыныстарына сәйкесетін білім мен практикалық машықтаным алуға бағытталған.

Білім беру бағдарламасының жалпы сипаттамасы: «Тағам қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасы біліктілік тағайындаудың Ұлттық шеңбері мен кәсіби стандарттарға сәйкес құрастырылған, Дублин дескрипторлары мен Еуропалық біліктілік тағайындау шеңбері талаптарымен келісілген. Білім беру бағдарламасының мазмұнында жалпы білім беру, базалық және бейінді пәндер циклын оқытуды қарастыратын теориялық білім; қосымша оқыту түрлері, кәсіби практика, дене шынықтыру т.б. енеді. Білім беру бағдарламасының көлеміне 300 кредит енгізілген, соның ішінде 240 кредит теориялық білім беруге, 28 кредит кәсіби практикаға, 8 кредит дене шынықтыруға және 12 кредит дипломдық жұмыс жазуға, 12 кредит қорытынды аттестациялауға бөлінген.

Құрастырылған білім беру бағдарламасының өзектілігі ретінде оның Бүкіл Әлемдік Денсаулық сақтау Ұйымы мен ФАО бірінші күнгі түлегінің типтік кұрылымы мен құзыреттіліктері талаптарымен үйлесетін атаймыз, бұл білім беру бағдарламасының халықаралық ветеринариялық білі беру кеңістігіне интеграциялану мүмкіндігін беретін болады.

Кәсіби қызмет ету салалары

- ветеринариялық зертханалар (тағам қауіпсіздігі бөлімдері);

- азық-түлік базарларындағы ветеринариялық-санитарлық сараптама зертханалары;

- ет-сүйек кәсіпорындарындағы өзіндік өндірістік бақылау зертханалары;

- тағам өнімдері мен жануар текті азықтар өндіру, өңдеу, сақтау, пайдаға асыру бойынша кәсіпорындар;

- шекара мен көлік түрлеріндегі ветеринариялық бекеттердегі, бақылау-өткізу бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық қызмет мекемелері;

- биологиялық препараттар мен биологиялық белсенді заттарды дайыныыдау және бақылау жөніндегі кәсіпорындар, ветеринариялық дәріханалар;

- ғылыми-зерттеу институттары, мемлекеттік және жеке меншік иелігіндегі ветеринариялық бейіндегі ұйымдар;

- сойыс бекеттері, жануарларды тасымалдауға арналған көлік түрлері, жануарларды ұстауға арналған орындар.

- ауылшаруашылық өндірісін жүргізу бейініндегі барлық шаруашылық жүргізу субъекттерінің түрлері;

Кәсіби қызмет түрлері

Кәсіби қызмет түрлеріне жататыны:

- өндірістік-технологиялық қызметтер;

- ұйымдастыру-басқару сипатындағы қызметтер;

- эксперименталды-зерттемелік сипаттағы қызмет түрлері;

- ғылыми-зерттеу сипатындағы қызмет түрлері;

- жобалау қызметтері;

- білім беру сипатындағы қызмет түрлері;

- әскери-ветеринариялық қызмет;

Жалпы білім беру құзыреттіліктері

1) олар болашақ маманның әлемді тану, азаматтық және адами тұрғыдан, сонымен қатар, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды игеру, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде коммуникация бағдарламаларын құрастыру, саламатты өмір салтын ұстануға және кәсіби жетістікке жетуіне бейімделу тұрғысынан бәсекелестікке қабілетті болып дайындалуына, қалыптасуына бағытталады;

2) болашақ маманның әлемді тану, азамматық және адами тұрғыдан алғандағы әлеуметтік-мәдени тұлға ретінде қалыптасуының жалпы құзыреттіліктерін қамтамасыз етеді;

3) мемлекеттік, орыс және шет тілдерде тұлға аралық әлеуметтік және кәсіби пікір алмасуына септігін тигізетін болады;

4) өз өмірі мен қызметінің барлық салаларында заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды игеру мен пайдалану арқылы ақпараттық сауаттылығының дамуына ықпалын тигізеді;

5) өздігінен дамуы мен барлық өмір сүруі барысында жетілдіріліп отыру дағдысын қалыптастырады;

6) қазіргі заманға бейімделген ұтқырлық сипатындағы, қайшылық кезеңдері жылдам ой қорыта білетін және физикалық жетіле беруге қабілетті тұлғаны қалыптастыра алады.