Главная / Образовательные программы / Табиғат пайдалану (бакалавр)
Табиғат пайдалану (бакалавр)

Табиғат пайдалану (бакалавр)

Біліктілігі:

«Табиғат пайдалану» білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр 

Оқу мерзімі: 4 жыл, триместр

Білім беру саласының коды және жіктелуі6B05 – “Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика 

Дайындау бағыттарының коды мен жіктелуі: 6В052 – Қоршаған орта 

Білім берудің халықаралық стандартты сыныптамасының коды: 0520

Білімді қолдану саласының қысқаша сипаттамасы:

Бакалаврлардың кәсіби қызметінің салалары: өндірістік, басқарушылық, ғылыми – зерттеу және білім беру, жасыл экономика саласы, табиғи ортаның сапасын бақылау және қоршаған ортаға әсер етуді бағалау болып табылады. Сондай-ақ қызмет саласына экологиялық картографиялау және ГАЖ, экологиялық нормалау және сараптама кіреді. 

Дағдылардың қысқаша сипаттамасы:

Кәсіби қызмет саласы: 

Бакалаврлар кәсіби қызметтің келесі түрлерін орындай алады: ұйымдастырушылық және басқарушылық; өндіріс пен технология; қызмет көрсету және пайдалану; эксперименттік зерттеулер; білім беру (педагогикалық); жобалық. 

«Табиғат менеджменті» білім беру бағдарламасының аясында студенттердің кәсіптік қызметінің салалары: 1) МДЭ стандарттарын әзірлеу, экологиялық паспорттарды жасау, экологиялық аудит; 2) экологиядағы зерттеу әдістері; 3) қоршаған ортаға келтірілген залалды есептеу әдістемесі; 4) технологияның негіздері және экологиялық таза өндірісті ұйымдастыру; 5) табиғат пен қоғам арасындағы өзара әрекеттесу проблемалары; 6) ғылыми-техникалық революцияның қоршаған ортаның жай-күйіне әсері; 7) табиғатты ұтымды пайдаланудың, өзгертудің және қорғаудың нысандары мен әдістерін; 8) экология және табиғат қорғау шаралары (типі бойынша); 9) экология және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану; 10) қайта өңдеу; 11) экологиялық мониторинг. 

Кәсіби қызмет объектілері:

табиғи ресурстар жəне табиғатты пайдалануды басқару аумақтық басқармалары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, өнеркәсіптік кәсіпорындар, агроөнеркәсіптік кешендер, түрлі қалдықтар полигондары, энергетикалық нысандар, атомдық электр станциялары, экологиялық объектілерді, зерттеу институттары мен орталықтарының аналитикалық мониторингі үшін мекемелер. 

Бағдарламаның қысқаша мазмұны:

Қоршаған ортаны қорғау саласында қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруда Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасына сәйкес қазіргі жағдайда экожүйелердің жағдайын бағалауға, жер, табиғи, өндірістік және биологиялық ресурстарды тиімді пайдалануға, қоршаған ортаға техногендік қысымның өсуін азайту үшін экологиялық шараларды әзірлеуге қабілетті білікті мамандарды даярлау – білім беру бағдарламаның негізгі мақсаты болып табылады.

Білім беру бағдарламасының міндеттері:

  1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы болашақ мамандардың негізгі кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру.
  2. Тәжірибе жасаудың барлық кезеңдерінде студенттердің өз бетімен ғылыми-ізденіс жұмыстарын жасауға алғышарттар қалыптастыру.

3.Ғылыми-техникалық ақпаратпен жұмыс істеуді үйрену, отандық және шетел тәжірибелерін кәсіби қызметте пайдалану, алынған ақпаратты жүйелеу және жалпылау болып табылады. 

«Табиғатты пайдалану» білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды даярлау болашаққа айқын жолды бағыттап, жұмыс берушілердің сұраныстарын қанағаттандыратын жеке және кәсіби тұрғыдан білімін қалыптастыруға мүмкіндік туғызады. 

«Табиғатты пайдалану» білім беру бағдарламасы Дублиндік дескрипторлармен және Еуропалық біліктілік шеңберімен келісілген және жалпы мәдени және кәсіби құзыреттерді қалыптастыратын пәндерді оқу үшін модульдік жүйе негізінде әзірленген ұлттық біліктілік шеңберіне сәйкес әзірленген. 

«Табиғатты пайдалану» білім беру бағдарламасының ерекшелігі сонымен қатар, ол UCDavis (АҚШ) университетінің «Экологиялық менеджмент» білім беру бағдарламасының негізінде жасалды, ол түлектердің еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, студенттер UC Dawvis университетінде академиялық ұтқырлық аясында келесі пәндерді оқуға мүмкіндік алады: Табиғатты қорғау биологиясы, Жайылымдарды қалпына келтіру экологиясы, Экожүйе және ландшафтық экология, Ағыс, эрозия және судың сапасын басқару, Урбоэкология, Топырақтану ғылымының негіздері, Агроэкосистемаларды тұрақты дамыту және басқару, Ауыл шаруашылығын және қоршаған ортаны қорғау, Экологиялық талдау, Қоршаған ортаға әсерді бағалау, Географиялық ақпараттық жүйелерге кіріспе. 

Қосымша сұрақтармен хабарласа алатын тұлғаның байланыстары:

«Экология» кафедрасының меңгерушісі Сатыбалдиева Гүлмира Қалмашқызы 

010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, 29, А. Молдағулова к., агрономия факультетінің  ғимараты, тел.: +7(7172) 38-39-11, e-mail: gkalmashevna@mail.ru