Главная / Образовательные программы / Табиғат биоресурстарын тиімді пайдалану
Табиғат биоресурстарын тиімді пайдалану

Табиғат биоресурстарын тиімді пайдалану

Білім саласының коды және  классификациясы: 7М08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар

Дайындау бағытының  коды және классификациясы: 7М083 Орман  шаруашылығы  

Білім классификациясының  Халықаралық стандарттау коды: 0821

Біліктілігі: «Табиғат биоресурстарын тиімді пайдалану»  білім беру бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі

Оқу мерзімі: 2 жыл

Білім беру бағдарламасының мақсаты магистранттарды ҚР-да аңшылық шаруашылығын жүргізудің заманауи теориялық білім мен тәжірибелік дағдысын игерту болып табылады.

Міндеттері: ҚР-да аңшылық шаруашылығын жүргізу және дамытудың заманауи түсінігін алу;

  • аң шаруашылығы саласындағы нормативтік-құқықтың актілер мен табиғат қорғау жөніндегі заңнамалды, сондай-ақ аң шаруашылығын жүргізудің экономикалық тиімділігін арттыру жолдарын меңгеру;
  • аңшылық шаруашылығы өндірісін басқарып жүргізудің ғылыми-негіздері әдістерін тәжірибеде қолдана білу;
  • аң шаруашылығын басқару міндеттемелерін шешу;
  • аң шаруашылығын өндірісін, аң шаруашылығы өнімдері маркетингісін жүргізудің топ-менеджері рөліне дағдырлану, аңшылық жануарларын зерттеуде қолданылатын ғылыми зертханалық және далалық жабдықтар мен техникалық құралдары игеру;
  • аң шаруашылығының өндірісін ұйымдастырып, басқару, аң шаруашылық өндірістін жобаларын жасау, сондай-ақ жануарлар әлемін қорғау, өсіру және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мәселерінде білікті болу.

Білім беру бағдарламасының сипаттамасы

«Аңшылық шаруашылығын қарқындандыру» білім беру бағдарламасы жұмыс берушілердің сұранысын ескере отырып 2004 жылғы шілденің 9-ында қабылданған ҚР-ның «Жануарлар әлемін қорғау», өсімін молайту және пайдалану заңына сәйкес жасалған. Осы білім беру бағдарламасы биоәртүрлілікті сақтау, аңшылық қорларды тиімді пайдаланудың негізгі мәселелерін шешеді, жәнеде болашақ маманның негізгі біліктілігін қалыптастырады.

Білім беру бағдарламасының өзектілігі – жануарлар әлемі мен қоршаған ортаны қорғау, аң шаруашылығын заманауи реалдары ескере отырып жүргізу, жануарлардың өсімін реттеу, жерсіндіру қатарлы мәселелерді қамтуында.

Білім беру бағдарламасының ерекшелігі – аңшылықты жүргізу және аң шаруашылығын ұйымдастыруда әлемдік көптеген елдердің (Батыс, Венгер университеті, жаратыныс ғылымдарының Варшава университеті, Вятск ауыл-шаруашылық академиясы, Иркутск ауыл шаруашылық университеті) тәжірибелерді сондай-ақ БҰҰДБ, ҚБСА т.б. жұмыстары мен ұсыныстары ескерілді.

Білім беру бағдарламасының бәсекелестік артықшылығы осы бағдарламаның әртүрлі елдер тәжірибесіне сүйене отырып, ҚР-ның аңшылық фаунасының өзіндік ерекшелігін ескеру арқылы жануарлар әлемін қорғау және тиімді пайдалану мәселелерін шешуге бағытталғандығында.

Білім беру бағдарламасының бірегейлігі ҚР-да жануарлар әлемін қорғау және аң шаруашылығын дамыту, соның ішінде әсіресе жабайы аң өсіру, аң шаруашылығын қарқындандыру, аңшылықтың ұлттық түрлерін дамыту мәселелерін қамтуында. Сонымен Венгрия, Чехия, Польша, Ресей қатарлы дамыған елдердің білім беру бағдарламаларымен сәйкестендірілгендігімен де ерекшелінеді.

Қазіргі таңда білім беру бағдарламасын іске асырудың тиісті материалдық-техникалық базасы қалыптасып жұмыс істеуде. Атап айтқанда «Дударай» аңшылық-балықшылық оқу-өндірістік шаруашылығы, УАЗ автокөліктері, мотошаналар, тірі нысандарды бақылау аспаптары, жүзу, аулау құралдары, сондай-ақ жұмыс берершілер тарапынан берілетін тәжірибеден өту базалары – ҚР АШМ-нің орман шаруашылығы және жануарлар әлемі жөніндегі Комитеті мен олардың облыстық аумақтық инспекциялары, «Қансонар», «Охотзоопром», «Бурабай» МҰТС, Қорғалжын МТҚ болып т.б. аңшылықтану мен аң өсіру субъектілерін атауға болады.

Кәсіптік қызмет саласы

Аңшылықтану магистрдің кәсіптік қызмет саласы әртүрлі меншік түріндегі аңшылық шаруашылықтары, мемлекеттік табиғи қорықтар, зоологиялық тапсырыс берушілер, ұлттық табиғи саябақтар мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар әлемі мен орманды қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер; республикалық және облыстық деңгейдегі жануарлар әлемі мен аңшылық шаруашылықтарын мемлекеттік басқару ұйымдары, аңшылар мен балықшылардың туристік ұйымдары мен қоғамдық бірлестіктері.

Кәсіптік құзыреттілік

  • аң шаруашылығы саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, жүргізу әдістемелерін реттеуші нормативтік-құқықтық құжаттарды пайдалана білу;
  • аң шаруашылығы өндірісін ұйымдастыру және басқару, аң шаруашылығын құру жобаларын жасау, жануарлар әлемін қорғау, өсіріп, көбейту және пайдалану мәселелері;
  • аң шаруашылығы өндірісінің ғылыми негіздері; аңшылықтану бағытының базалық пәндер бағдарламасы; аңшылық жануарлардың биологиясы мен экологиясы бойынша ғылыми-зерттеу әдістері;
  • аңшылық шаруашылығы өндірісі топ-менеджерінің рөлі мен аң шаруашылығы өнімдерінің маркетингісі, сондай-ақ аңшылық жануарларды зерттеуде ғылыми зертханалық және далалық жабдықтар мен техникалық құралдарды қолдану дағдысын игеру;
  • аңшылықтану пәндерін оқыту ісіне дағдыланып аңшылықтанудың ғылыми мәселерінде жас мамандарға білім беру дағдысын меңгеру.

Аңшылықтану және балық шаруашылығы кафедрасының меңгерушісі Сыздыков Қ.Н.

Тел.:8-701-773-57-61, Е-mail: k_syzdykov@mail.ru