Главная / Образовательные программы / Мал шаруашылығы өнімдерінің санитарлық-экологиялық қауіпсіздігі
Мал шаруашылығы өнімдерінің санитарлық-экологиялық қауіпсіздігі

Мал шаруашылығы өнімдерінің санитарлық-экологиялық қауіпсіздігі

Білім беру саласының коды және классификациясы: 8D09-«Ветеринария»

Дайындық бағыттарының коды мен классификациясы: 8D091-«Ветеринария»

Білім берудің халықаралық стандартты классификациясының коды: 8D 0841

Квалификация: доктор PhD (философия)

Білім беру бағдарламасының мақсаты: Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты докторанттардың тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін меңгеру болып табылады. Осыған байланысты білім беру бағдарламасының мазмұны Кеден одағы және Дүниежүзілік Сауда Ұйымы жағдайында мал шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігіне ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргізу үшін, сондай-ақ халықаралық ветеринариялық ұйымдардың (ХЭБ, ФАО, БДҰ және т.б.) талаптары мен ұсыныстарына сәйкес білім мен практикалық дағдыларды алуға бағытталған.

8D091-Ветеринария мамандығы бойынша білім беру докторлық бағдарламасының негізгі міндеттері:

  • докторанттарды тағам өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізудің қазіргі заманғы әдістерін үйрету;
  • докторанттарды жануарлар мен адамның ағзасына зиян келтіруі мүмкін Тамақ өнімдеріндегі бөгде заттардың негізгі топтарымен таныстыру;
  • тағамдық өнімдердегі негізгі бөгде заттарды анықтау әдістерін үйрету;
  • докторанттардың таңдаған мамандандығына сәйкес жеке білім беру теориясымен қамтамасыз ету;
  • білім алушыларда өзін-өзі жетілдіру және жаңа білімді меңгеру қабілетін қалыптастыру;  
  • әртүрлі деңгейдегі ғылыми іс-шараларға қатысу дағдыларын меңгеруге, постдокторантурада ғылыми дайындықты жалғастыруға ықпал ету.

Білім беру бағдарламасының жалпы сипаттамасы: 8D091 – «Мал шаруашылығы өнімдерінің санитарлық-экологиялық қауіпсіздігі» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы ұлттық біліктілік шеңберінде және кәсіптік стандарттарға сәйкес әзірленді, Дублин дескрипторларымен және Еуропалық біліктілік шеңберімен келісілген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 Бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты.

Базалық құзыреттер (МЖБС): 6D120200 – Ветеринарлық санитария мамандығы бойынша философия докторы (PhD) кәсіби қызметінің типтік міндеттері төмендегі мәселелерді шешуге бағытталған.

Сараптамалық-қадағалау қызметі саласында:

  • жануар және өсімдік тектес өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін бағалау;
  • жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың өндірілуін, тасымалдануын және өткізілуін ветеринарлық-санитарлық бақылау;
  • жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат арқылы берілетін аурулардың алдын алу;
  • Қазақстан Республикасының аумағын импортталатын өнімдер мен шикізат арқылы жұқпалы аурулардың әкелінуінен қорғау;

Өндірістік-технологиялық қызмет саласында:

  • мал және өсімдік тектес өнімдерді өндіру, қайта өңдеу, сақтау, тасымалдау және сату технологиясының сақталуын ұйымдастыру және бақылау; дәрілік заттарды, биологиялық препараттар мен азық қоспаларын дайындау мен пайдалануды ұйымдастыру және бақылау; азықтарды дайындау мен азықтандыруға дайындауды бақылау;

Ұйымдастыру-басқару қызметі саласында:

  • Қазақстан Республикасының аумағында ветеринариялық заңнаманың сақталуын бақылау;
  • қоршаған ортаның биологиялық ластануын бақылау;
  • мал шаруашылығы, құс шаруашылығы және балық шаруашылығы қызметкерлерінің малдармен, құстармен және балықтармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасын сақтауын оқыту және бақылау;
  • балық шаруашылығы, құс шаруашылығы, жануар және өсімдік тектес өнімдерді, биологиялық белсенді заттар мен қоспаларды өндіру және сату кезінде ветеринариялық-санитариялық ережелердің сақталуын бақылау;
  • сараптау-қадағалау қызметін жүзеге асыратын кәсіби ұжымға басшылық ету, ветеринарлық-санитарлық шаралардың экономикалық тиімділігін бағалау.
  • Бақылау қызметі саласында:
  • мал шаруашылығы өнімдерін шығаратын ет-сүт өнеркәсібі кәсіпорындарында, мал сою пункттерінде, тоңазыту орындарында, шағын зауыттарда, цехтарда және басқа да кәсіпорындарда сапаны, стандарттарға сәйкестігін және ветеринарлық-санитарлық сараптама және гигиена ережелерінің сақталуын, технологияларды бақылау;

Білім беру қызметі саласында:

  • мамандық бейіні бойынша орта кәсіптік оқу орындарында педагогикалық жұмыс, сараптау-қадағалау қызметін жүзеге асыратын ветеринарлық мамандарды даярлау және қайта даярлау.

Ғылыми-зерттеу қызметі саласында:

  • ветеринариялық, биологиялық, экологиялық және тағамдық бағыттағы ғылыми-зерттеу, өндірістік мекемелерде ғылыми зерттеулер мен эксперименттер жүргізу.

Жобалау қызметі саласында:

  • азық-түлік, ет-сүт (ет комбинаттары, мал сою пункттері, сүт комбинаттары, шұжық, консервілер, ірімшік өнімдері және т. б. өндіру бойынша шағын зауыттар) өнеркәсіп, сауда желілері, базарлардың ветеринариялық-санитариялық сараптамасы  зертханалары объектілерінің құрылысы кезінде жобалық-сметалық құжаттаманы дайындауға және сараптауға қатысу.

Кәсіби құзыреттер (МЖБС)

6D120200-«Ветеринарлық санитария» мамандығы бойынша докторантураның білім беру бағдарламасының түлектері келесі салаларда жұмыс істей алады:

  • мал және өсімдік тектес азық және азық өнімдерін өндіру, қайта өңдеу, сақтау, сату кәсіпорындарында;
  • базарлардың ветеринарлық-санитарлық сараптау зертханаларында;
  • тағам қауіпсіздігі зертханаларында;
  • мемлекеттік ветеринарлық қызмет мекемелерінде, шекарадағы және көліктегі ветеринарлық бекеттерде, бақылау-өткізу пункттерінде;
  • биологиялық препараттар мен биологиялық белсенді заттарды дайындау және бақылау кәсіпорындарында;
  • ғылыми-зерттеу институттарында, ветеринарлық бейіндегі мемлекеттік және жеке ұйымдарда;
  • ветеринариялық мамандарды даярлау және қайта даярлауды жүргізетін кәсіпорындар, ұйымдар;
  • ветеринария саласындағы ғылыми-зерттеу, жобалық ұйымдар;
  • тамақ қауіпсіздігі бейіндегі білім беру ұйымдарында (институттар, университеттер).