Главная / Образовательные программы / Селекция және тұқым шаруашылығы -бакалавриат
Селекция және тұқым шаруашылығы -бакалавриат

Селекция және тұқым шаруашылығы -бакалавриат

Білім беру саласының коды және жіктелуі: 6B08 – «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар»

Дайындау бағытының коды және классификациясы: 6B081 – «Өсімдік шаруашылығы»

Берілетін дәреже: «Селекция және тұқым шаруашылығы» білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр

Білім беру мерзімі: 4 жыл

Білім беру бағдарламасының мақсаты: «Ауылшаруашылық дақылдардың селекциясы және тұқым шаруашылығы» бағытында мамандарды даярлаудағы талаптарға сәйкес студенттерде кәсіби-жекеше қасиеттерін дамыту, сонымен қатар жалпы мәдени және кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру және жұмыс берушілердің талаптарына жауап беру болып табылады. 

Білім беру бағдарламасының міндеттері:

  1. Түлектің жалпы адами және әлеуметтік-тұлғалық құндылықтарды қалыптастыру;
  2. Ауыл шаруашылық дақылдардың селекциясы мен тұқым шаруашылығы аясында теориялық және тәжірибелік білімдерді қалыптастыру;
  3. Түлектің өмір бойына шыңдалу мен өсуіне, кәсіби іскерлікке, ұтқырлыққа дайындығын қалыптастыру.
  • Білім беру бағдарламасының жалпы сипаттамасы
  • «Селекция және тұқым шаруашылығы» білім беру бағдарламасы жоғары және жоғары оқудан кейінгі мамандарды дайындау бағыттарының классификаторына сәйкес құрылды және Дублиндік дескрипторларына, Еуропалық біліктілік аясымен мақұлданды.

   Білім беру бағдарламасының бірегейлігі қазіргі уақытта өсімдік шаруашылығындағы селекция мен ауыл шаруашылық дақылдарының тұқым шаруашылығы саласында персоналдың жетіспеушілігі байқалады. Берілген білім беру бағдарламасы ғылыми және өндірістік мекемелердің білікті қызметкерлерін қамтамасыз етуге бағытталған. Білім беру бағдарламасын дамытудың негізі жетекші университеттердің әлемдік тәжірибесін ескерді.

  • Білім беру бағдарламасы қазіргі заман жағдайында бәсекеге қабілетті пәндерді зерттеу модульдік жүйесі негізінде жасалды және 15 модульден құралады. Білім беру бағдарламасы теориялық білім беруден: жалпы білім беру, базалық және мамандандыратын пәндерден, сонымен қатар қорытынды аттестациядан құралған.

Кәсіби қызметінің шеңбері

  • «Селекция және тұқым шаруашылығы» білім беру бағдарламасы бойынша баклавриат бағдарламасын игерген түлектер агроөнеркәсіп жүйесіндегі мекемелермен ұйымдарда; ғылыми және сынақ мекемелерінде ғылыми–зерттеу мекемелерде және Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігінде жұмыс істей алады.
  • Кәсіптендіру құзыреттіліктері білу және түсіну: ауыл шаруашылығы дақылдар селекциясының негізгі бағыттары мен әдістері және бастапқы материалдарды бағалау; өсімдіктер, тұқым шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы үшін оқшауланған жасушалар мен өсімдіктерінің ұлпа мәдениетінің маңыздылығы; бастапқы материалдарды құру және бағалау әдістері; ауыл шаруашылық және өсімдік шаруашылығы өнімдерінің заңдары; ауыспалы егіс жүйесі, құнарлылығын ескере отырып, ауыспалы егістегі топырақ өңдеу жүйесі; ауыл шаруашылығы дақылдарының негізгі түрлері, олардың шаруашылық құндылықтары, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері; дәнді дақылдарды өсірудің қазіргі заманғы технологиясы; ауылшаруашылық дақылдарды аймақтың нақты жағдайлары үшін іріктеу; егін егу тұқымын дайындау, егілетін материалдарының сапасын анықтау әдістемесі; ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік материалдары мен сапасы бойынша мемлекеттік стандарттардың талаптары; Өсімдік шарушылығы өнімдерін сақтау, бастапқы өңдеу және қайта өңдеу негіздері.

   істей білу: өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіруде технологиялық процестің компоненттерін әзірлеу, енгізу, бақылау, бағалау және түзету; ауыл шаруашылық дақылдарының тұқымдық және көгалдандыру материалдарын өсіру әдістерін қолдану; өсірудің технологиялық карталарды құру және олар бойынша егістік жұмыстарды ұйымдастыру; шаруашылықтың тұқымға, тыңайтқыштарға, пестицидтерге, жанар-жағармай материалдарына, ауылшаруашылық машиналарына, құрал-саймандарына және жабдықтарға, еңбек ресурстарына қажеттіктерін есептеу; кәсіби қызметтің шеңберінде құжаттарды ресімдеу және сақтау.

  дағдылардың болуы: ұйымдастырушылық-шаруашылық мәселелерді шешуде; ауыл шаруашылық дақылдарын өсірудің заманауи технологиясын қолдану; өсімдіктер мен жасушаларды өсіру әдістері, регенеранттарды алу және оларды цитогенетикалық талдау; негізгі зертханалық эксперименттер жүргізу; агротехникалық әдiстерге түзетулер енгiзу және жердiң және аймақтың биоклиматтық ресурстарын тиiмдi және ұтымды пайдалану жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу туралы; еңбек ресурстарын бөлу, нақты және тиімді нұсқаулар беру, өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру жұмыстарының барысын қадағалау; жоғары сапалы сортты тұқымдарды және тұқымдық материалдарын өсіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, сондай-ақ тұқымдық қордың қажетті мөлшерін құру туралы; тұқымдық учаскелерді орналастыруды қамтамасыз ету, жоғары сапалы тұқым алу үшін оларға күтім жасау үшін агрономиялық шараларды жүргізу; әлемдік жетістіктерді есепке ала отырып, өсіп келе жатқан дақылдардың алдыңғы қатарлы прогрессивті технологиясын қолдануды игерген болу қажет.