Главная / Образовательные программы / Ауыл шаруашылығы жануарларының селекциясы және көбеюі
Ауыл шаруашылығы жануарларының селекциясы және көбеюі

Ауыл шаруашылығы жануарларының селекциясы және көбеюі

Білім беру саласының коды мен жіктелуі: 7М08 «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар».

Дайындау бағыттарының коды мен жіктелуі: 7М082 «Мал шаруашылығы».

Берілетін дәреже: «Ауыл шаруашылығы жануарларының селекциясы және көбеюі»  БББ бойынша ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі.

Оқу мерзімі: 2 жыл (ғылыми-педагогикалық бағыт).

Білім беру бағдарламасының мақсаты: ауыл шаруашылығы жануарларын селекциялау мен ұдайы көбейтуді тереңдетіп оқытумен мал шаруашылығы технологиясы саласында мемлекеттік қызметтің бәсекеге қабілетті ғылыми-педагогикалық кадрларын және өндіріс мамандарын дайындау.

Білім беру бағдарламасының міндеттері:

- магистранттарда еңбек нарығында, жоғары білім саласында, сондай-ақ мал шаруашылығы өнімдерін өндіру саласында сұранысқа ие кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру;

- ауыл шаруашылығы жануарларын селекциялау және ұдайы көбейту саласында ғылыми бағыттылықты қалыптастыру және дамыту;

- білім алушыларда педагогикалық шеберлікті, іскерлік қарым-қатынас өнерін, тұлғалық даму психологиясы мен басқарушылық қасиеттерді қалыптастыру;

- азаматтық ұстанымы бар, ғылым тоғысындағы қазіргі заманғы ғылыми және тәжірибелік мәселелерді тұжырымдауға және шешуге қабілетті, оқу, ғылыми және өндірістік салаларда зерттеу және басқару қызметін табысты жүзеге асыруға қабілетті магистранттарда кәсіби мәдениетті қалыптастыру.

-мал шаруашылығы саласындағы ҚР ұлттық саясатының басымдықтары мен өндіріс қажеттіліктеріне сәйкес келетін өзекті тақырыптар бойынша магистрлік диссертацияны орындау үшін ЖОО-ның және кафедраның ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарына, ҒЗБ-ға магистранттарды тарту (мембағдарламалар, салалық даму бағдарламалары).

Білім беру бағдарламасының жалпы сипаттамасы.

Магистратураның ғылыми-педагогикалық бағыты "Ауыл шаруашылығы жануарларын селекциялау және ұдайы көбейту" білім беру бағдарламасы ұлттық біліктілік шеңберіне және кәсіби стандарттарға сәйкес әзірленген, Дублин дескрипторларымен және Еуропалық біліктілік шеңберімен келісілген, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде (2018 жылғы 31 қазандағы №604 ҚР БҒМ бұйрығы) және Калифорния штаты, АҚШ Дэвис университетінің профессорларымен бірлесіп әзірленген.

Іске асырылып жатқан бағдарламаның ерекшелігі оның педагогикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың қазіргі заманғы әдістерін меңгерген «Ауыл шаруашылығы жануарларының селекциясы және көбеюі»  саласындағы білімі мен құзыреттілігін біріктіретін кәсіби қызметке түлектерді даярлауға бағытталуы болып табылады.

Білім беру бағдарламасының бірегейлігі - кәсіби пәндердің тәжірибелік сабақтарын тікелей базалық шаруашылықтарда және зертханалық жағдайларда, әр түрлі және әр тұқымды жануарларды зерттей отырып, селекцияны, өсімін молайтуды, ұстауды, азықтандыруды кәсіпорын аумағында тікелей жүргізу болып табылады.

Білім беру бағдарламасы жұмыс берушілер мен серіктес ЖОО талаптарын, сондай-ақ магистранттардың қажеттіліктері мен мүдделерін ескере отырып, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік қызметпен байланысты базалық және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған.

Білім беру бағдарламасы шеңберінде жоғары іргелі дайындық магистратура түлектеріне докторантурада оқуын жалғастыруға мүмкіндік береді.

Білім беру бағдарламасы пәндерді оқытудың модульдік жүйесі негізінде жобаланған және базалық (жалпы мәдени, арнайы тілдік) және кәсіби құзыреттерді қалыптастыратын 6 модульден тұрады.

БББ 120 кредитті (3600 сағат) қамтиды, оның ішінде: 84 кредит (1920 сағат) - теориялық оқыту, 24 кредит (720 сағат) – ғылыми-зерттеу жұмысы және 12 кредит (360 сағат) - қорытынды аттестаттау. Бұл ретте магистрант ЖОО компоненті бойынша 25 кредитті (990 сағат) және таңдау компоненті бойынша 35 кредитті (930 сағат) меңгеруі тиіс.

Кәсіби қызмет ету салалары:

Кәсіби қызметінің саласы болып табылады:

  • жергілікті және республикалық мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ ауыл шаруашылығы құрылымдарының әртүрлі түрлері (жеке, ұжымдық, фермерлік шаруашылықтар, акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, өндірістік кооперативтер және т. б.);
  • аграрлық және биологиялық бейіндегі жоғары, арнаулы орта, кәсіптік-техникалық оқу орындарындағы білім беру қызметі, ғылыми, өндірістік мекемелердегі, жергілікті, аудандық, облыстық, республикалық құрылымдардың аппараттарындағы ғылыми және басқару қызметі;
  • мемлекеттік қызмет, ғылыми-педагогикалық және есептік ұйымдар, сондай-ақ мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, әртүрлі меншік нысанындағы шаруашылықтарда асыл тұқымды жұмыс және мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді ұйымдастыру, ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының көрмелері мен аукциондары, мал өнімдерінің экспорты мен импортын ұйымдастыру.

Кәсіби құзыреттіліктер:

білуі тиіс: ауыл шаруашылығы малдарының селекциясы және көбеюі саласындағы іргелі және қолданбалы ғылымдар негіздерін; ауыл шаруашылығы малдарын селекциялау және өсімін молайтудың жалпы теорологиялық негіздерін, ғылыми зерттеулер жүргізу және оның нәтижелерін матетикалық өңдеу әдістері мен әдіснамасын; мал шаруашылығы (мал шаруашылығы, қой шаруашылығы, құс шаруашылығы және т. б.) салаларының ғылыми негіздерін; техникалық реттеу негіздерін (стандарттау және сәйкестікті растау) және мал шаруашылығы өнімінің сапасына, қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды;

меңгеруі керек: ауыл шаруашылығы жануарларының селекциясы және көбеюі саласында нәтижелерді тұжырымдау және негіздеу, ұсыныстар жасау; селекциялық әдістерді, жануарларды ұстау, өсімін молайту, өсіру технологиясын пайдалану; мал шаруашылығы өнімінің сәйкестігін сараптау және растау, құжаттарды рәсімдеу бойынша практикалық жұмыс үшін өнім сапасының негіздері бойынша алынған білімді қолдану; зерттеу жұмыстарын жоспарлау және жүргізу; ауыл шаруашылығы жануарларын селекциялау және ұдайы көбейту саласында; ғылыми деректерді статистикалық өңдеу нәтижелерін қолдану, ауыл шаруашылығы жануарларының селекциясы және көбеюі саласында алған теориялық білімдерін практикада қолдану.

дағдысы болу керек: ауыл шаруашылығы жануарларының селекциясы және көбеюі бойынша қазіргі заманғы әдістермен теориялық және практикалық жұмыстар, құжаттарды жүргізу; патенттік іздеуді өз бетінше жүргізу; ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу; мал шаруашылығының жоғары сапалы өнімдерін алу мақсатында технологиялық процестерді ұйымдастыру; жеке ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау және жүргізу; технологиялық процесс компоненттерін әзірлеу, енгізу, бақылау, бағалау және түзету.

құзыретті болуы тиіс: ауыл шаруашылығы жануарларының селекциясы және көбеюі саласында терең білімді практикалық пайдалану; ауыл шаруашылығы жануарларының селекциясы және көбеюі бойынша қазіргі заманғы технологияларын қолдану; технологиялық процесс учаскесінде олардың іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті қабылдай отырып, қызметкерлер тобына басшылық ету.