Жүйелік инженерия

Жүйелік инженерия

Білім беру саласының коды және жіктелуі: 8D061- "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар"

Білім беру бағдарламаларының тобы : D099- "Ақпараттық технологиялар" 

НЕГІЗГІ ПӘНДЕР

Күрделі жүйелер теориясы

Статистикалық модельдеу әдістері

Интернет заттардың осалдықтарын анықтау әдістерін талдау және зерттеу 

Білім беру бағдарламасын сәтті аяқтағаннан кейін PhD докторы АКТ саласындағы ғылыми-теориялық және тәжірибелік білімдерін игереді, жобаларды басқарудағы ғылыми мәселелерді шешуге қабілетті, күрделі жүйелерді аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу, кластерлеу және деректерді талдау дағдылары бар, ғылыми және педагогикалық, өндірістік және технологиялық, эксперименттік зерттеулер, тәжірибелік-конструкторлық, дизайн және технология жұмыстармен айналыса алады 

«Жүйелік инженерия» мамандығын меңгерген PhD докторларының кәсіптік қызмет саласы  адам қызметінің барлық салаларындағы АКТ облыстарын қамтиды. PhD докторанттары ғылыми-зерттеу, оқу-әдістемелік және басқару ұйымдарында, IT-компанияларда және жоғары оқу орындарында қызмет атқарады.