Главная / Образовательные программы / Тамақ өнімдерінің технологиясы
Тамақ өнімдерінің технологиясы

Тамақ өнімдерінің технологиясы

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТОБЫ

В068 – «Азық-түлік өнімдерінің өндірісі» 

Білім беру бағдарламасы

(бакалавриат) 

  • 6В07201 –«Тамақ өнімдерінің технологиясы»
  • Білім алу мерзімі – 4 жыл
  • Біліктілігі техника және технология бакалавры

 

  • 7M07201 –«Тамақ өнімдерінің технологиясы»
  • Білім алу мерзімі – 2 жыл
  • Біліктілігі техника және технология магистрі

 

  • 8D07201 –«Тамақ өнімдерінің технологиясы»
  • Білім алу мерзімі – 3 жыл
  • Біліктілігі  философия ғылымдарының докторы, PhD

 

Білім беру бағдарламасының мақсаты  тамақ өнеркәсібі және  ғылыми-зерттеу ұйымдарына бәсекеге қабілетті мамандар даярлау болып табылады. 

Ерекшелігі және бәсекелестік артықшылықтары:

- Білім беру бағдарламасы Дэвистегі (АҚШ) Калифорния университетінің профессорларымен бірлесіп және осы саладағы жетекші мамандардың ұсыныстарын ескере отырып әзірленді;

- ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша ғылыми-тәжірибелік платформасы UCDavis зертханаларына сәйкестендіріле құрастырылған. Платформаның құрамына ет, сүт, нан-тоқаш өнімдері мен өсімдік майларына арналған 4 тәжірибелік-өндірістік цехтар кіреді. Олардың жұмыс істеуі жоғары білікті мамандарды даярлаудың кепілі болып табылады. Барлық аудиториялар оқу процесін цифрландыру жүйелерімен жабдықталған, яғни цехтардағы технологиялық процестерді онлайн режимде бақылауға мүмкіндік береді;

- профессорлық - оқытушылық құрамның шамамен 70% -ының ғылыми дәрежелері бар, олардың ішінде 2 доктор,  15 кандидат, 1 доктор PhD және қалғандары- техника ғылымдарының магистрлері;

- көп тілді және дуальды технологиялар бойынша оқытылады, яғни сабақтардың теориялық бөлімі университеттің аудиторияларында, ал практикалық сабақтар өндірістік кәсіпорындар базасында өткізіледі;

- білім алушылар ұтқырлық бағдарламмасы негізінде Еуропаның, АҚШ пен басқа да шет елдердің жетекші университеттерінде семестрлік білім алуға мүмкіндіктері бар. Жыл сайын кафедрада орта есеппен 10-15 білім алушы әр түрлі бағдарламалардың шеңберінде білім алып, тәжірибеден өтеді;

- білім беру бағдарламаларын құрастыруда, жұмыс берушілермен және түлектерімен тығыз байланыс орнатылған;

- білім алушы ӘЕМ-250300 «Азық-түлік өнімдермен қамтамасыз ету» әскери-есепті мамандығын оқу процессімен қатар білім алуға және магистратурада оқуды жалғастыруға мүмкіндігі бар;

-оқу кезінде білім алушылар 100% жатақханамен, медициналық орталықпен, әлеуметтік дәріханамен  және дүкенмен қамтамасыз етілген. 

«Тамақ өнімдерінің технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша кәсіби қызметінің аумағы болып:тамақ өнеркәсібі саласы (сүт, ет, астықты қайта өңдеу, нан-тоқаш, май, макарон, кондитерлік өнімдер, шарап жасау жəне сыра қайнату өнеркәсібі жəне т.б.), жобалау, ғылыми-зерттеу ұйымдары, әртүрлі жеке меншік кәсіпорындар табылады.

Кәсіби қызметінің түрлері

- технологиялық процестерді ұйымдастыру; технологиялық операцияларды жетілдіру және ресурс үнемдейтін технологиялық процестерді меңгеру жұмыстарына қатысу; экология, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өнеркәсіптік санитария талаптарын ескере отырып, кәсіпорындардың техникалық құралдармен жабдықталуын және өндірістік қызметін талдау;

- еңбек ұжымдарының жұмысын ұйымдастыру, басқару шешімдерін қабылдау; кәсіпорындардың техника-экономикалық көрсеткіштерін және маркетингтік қызметтерін талдау; тамақ және қайта өнімдерін стандарттау және сертификаттау бойынша жұмыстар атқару;

- тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық сұлбаларын әзірлеу және жобалау; қолданыстағы тамақ өнеркәсібі мен қоғамдық тамақтандырудың кәсіпорындарын қайта құру;

- тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі салаларындағы отандық, шетелдік тәжірибелер, ғылыми-техникалық ақпаратты зерттеу және талдау;

- білім беру саласында жұмыс істеу.

 

Мамандық атауы

2018 жыл

Білім беру бағдарламасының тобы 2019 жыл

Мектеп түлектері үшін,

толық оқу нысаны

1-таңдау пәні

2-таңдау пәні

5В072700 – «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы»

В068 – «Азық-түлік өнімдерінің өндірісі»

Биология

 

Химия

 

5В072800 – «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы»

 

Бакалавр-түлегі  магистратурада, магистр-түлегі - докторантурада оқуын жалғастыра алады. 

Анықтама телефондары: 8( 7172)317-556,  398-018.

Эдвайзер: Какимов М.М.

тел.: 8(7172)39-73-27

е-mail: muhtarbek@mail.ru

«Тамақ және қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» кафедрасы.