Мал шаруашылығы

Мал шаруашылығы

Білім беру бағдарламалар тобы: В078 - «Мал шаруашылығы»

Білім беру бағдарламасы: 6B08201 «Мал шаруашылығы»

Біліктілігі: ауыл шаруашылығы бакалавры

Оқу мерзімі: 4 жыл

Оқу түрі: күндізгі

4 пән: Биология

Түлектің құзыреттілік моделі (портреті):

БББ түлегі-бұл мал шаруашылығы саласының жұмысын ұйымдастыратын, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу технологиясының заманауи тәсілдері мен әдістерін қолданатын өндіріс менеджері.

Түлек білуге тиіс: кәсіби қызмет саласындағы ҚР заңнамасының негіздері; мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің инновациялық технологиялары; азық өндірудің заманауи технологиялары; асыл тұқымдық жұмысты жүргізудің, ірі және ұсақ қара малды бағалаудың жаңа әдістері; мал шаруашылығының жанама өнімдерін қайта өңдеу технологиясы; фермерлік іс менеджментінің негіздері; мал шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша кәсіпорындарда бизнес жоспарлаудың негізгі қағидаттары; мал шаруашылығындағы цифрлық технологиялар; маркетингтің негізгі қағидаттары, кәсіпорындағы коммерциялық мәмілелер.

Түлек меңгеруі тиіс: оқу процесінде алған білімін, іскерлігін және дағдыларын кәсіби қызметте қолдана білуі керек; мал шаруашылығының сапалы өнімдерін алу үшін өндірістік қызметті жоспарлау, ұйымдастыру; өнім мен шикізат сапасын талдаудың жүйелі тәсілі негізінде қолданыстағы технологиялық процестерді басқару; шаруашылықта басқарудың ақпараттық технологияларымен жұмыс істеу; өнім өндірісін арттыру үшін практикалық қызметте инновациялық әдістер мен құралдарды пайдалану; азық теңгеріміне талдау жүргізу, жайылым айналымының, жасыл конвейердің схемаларын, әртүрлі азық түрлерін дайындау, сақтау және пайдалану технологияларын жасау.

Кәсіби қызмет салалары:

6В082 даярлау бағыты бойынша «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» 6В08 білім беру саласындағы «Мал шаруашылығы» білім беру бағдарламасының Ауыл шаруашылығы бакалаврының кәсіби қызмет саласы – «Мал шаруашылығы» Ауыл шаруашылығы жануарларын селекциялау және көбейту, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, әртүрлі меншік нысанындағы шаруашылықтарда мал шикізатын бастапқы өңдеу, инновациялық технологияларды қолдана отырып, мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді басқару, ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының көрмелерін, аукциондарын, мал шаруашылығы өнімінің экспорты мен импортын ұйымдастыру болып табылады.

Кәсіби қызмет түрлері

6В08 «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» білім беру саласындағы «Мал шаруашылығы» білім беру бағдарламасының, 6В082 – «Мал шаруашылығын» даярлау бағытындағы ауыл шаруашылығы бакалаврының кәсіби қызмет түрлері:

- өндірістік-технологиялық,

- ұйымдастырушылық-басқарушылық,

- эксперименттік-зерттеу,

-мал шаруашылығы бағыты бойынша орта кәсіптік оқу орындарындағы білім беру педагогикалық қызметі.

Білім беру бағдарламасының мазмұны:

«Мал шаруашылығы» білім беру бағдарламасы Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру саласында жалпы мәдени, кәсіби және бейіндік құзыреттері бар, оның әлеуметтік ұтқырлығы мен еңбек нарығында сұранысқа ықпал ететін мамандарға деген қажеттіліктің артуына байланысты жұмыс берушілердің сұранысы негізінде құрылған.

Іске асырылып жатқан бағдарламаның ерекшелігі-іргелі білімді күшейту және мал шаруашылығы саласындағы білім мен құзыреттілікті біріктіретін кәсіби пәндерді меңгеру үшін пәнаралық тәсілді қолдану. Білім беру бағдарламасы ұлттық біліктілік шеңберіне, кәсіптік стандарттарға сәйкес әзірленді, Дублин дескрипторларымен және Еуропалық біліктілік шеңберімен келісілді және ҚР 2018 жылғы 31 қазандағы №604с ЖМББС БҒМ АгроПарижТех университеті профессорларының ұсынымдарын ескере отырып, келісілді.

Білім беру бағдарламасы озық технологиялар талаптарымен үйлесімде болашақ маманға қажетті дағдылар мен біліктерді дамыту негізінде қазіргі заманғы жағдайларда кәсіби қызметтің теориялық және практикалық міндеттерін шеше алатын, бәсекеге қабілетті, жоғары білікті мамандарды кешенді және сапалы даярлауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Білім беру бағдарламасының бірегейлігі - әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар мен шаруашылықтарда тікелей кәсіптік пәндердің практикалық сабақтары үшін дуалды оқыту нысандарын енгізу және қолдану, мал мен құстарды өсіру, азықтандыру мәселелерін зерттеу, А/ш операцияларын жүргізу және т.б. болып табылады (СҚО «АШТС» Тәжірибелік станциясы базасында және ҚР озық шаруашылықтарында).

Білім беру бағдарламасы шеңберінде жоғары іргелі дайындық бакалавриат түлектеріне магистратурада оқуын жалғастыруға мүмкіндік береді.

Білім беру бағдарламасы пәндерді оқыту жүйесі негізінде жобаланған және жалпы білім беретін және кәсіби құзыреттерді қалыптастыратын 14 модульден тұрады.

Білім беру бағдарламасы 205 кредит көлемінде теориялық оқытуды және 8 кредит көлемінде практикалық оқытуды және 12 кредит - қорытынды бақылауды қамтиды. Бұл ретте студент міндетті компонент бойынша 46 кредитті немесе 1380 сағатты, ЖОО компоненті бойынша 142 кредитті немесе 4260 сағатты және таңдау компоненті бойынша 72 кредитті немесе 2160 сағатты меңгеруі тиіс

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу технологиясы кафедрасы

6B082 - "Mал шаруашылығы" Білім беру бағдарламасы

кафедра меңгерушісі: Ибраев Дулат Кусаинович,

тел. 8 707 483 09 39; d.ibrayev@kazatu.kz

 


 

Білім беру бағдарламалар тобы: М132 - «Мал шаруашылығы»

Білім беру бағдарламалары:

  1. 7M08201 - «Азық және ауыл шаруашылық малын азықтандыру»
  2. 7M08202 – «Ауыл шаруашылық малдың селекциясы және оны молайту»

Біліктілігі: ауыл шаруашылығы магистры

Оқу мерзімі: 2 жыл

Оқу түрі: күндізгі

Түлектің модель құзіреттілігі (мінездемесі)

Білім беру бағдарламасының түлегі – бұл мемлекеттік қызмет, оқу және ғылыми-педагогикалық ұйымдарының, тереңдетілген ғылыми-педагогикалық және зерттеу дайындығы бар қызметкер, сондай-ақ мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы бойынша қазіргі заманғы тәсілдері мен әдістерін, инновациялық және ақпараттық технологияларды қолдана алатын, ауыл шаруашылығы малдары мен құстарын азықтандыру мен жем-шөп өндіру технологиясын, мал шаруашылығы саласының асылтұқымдық және селекциялық жұмысын ұйымдастыратын  өндіріс менеджері болып табылады.

Кәсіби деңгей саласы

Кәсіби қызмет саласы - «Ауыл шаруашылығы малдарын азықтандыру және азықтар», «Ауыл шаруашылық малдың селекциясы және оны молайту» білім беру бағдарламаларының "7М08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар мамандығы бойынша, 7М082 – "Мал шаруашылығы" дайындық бағыты бойынша магистр, қазіргі мал шаруашылығында ауыл шаруашылығы малдарын жоғары сапалы өнім өндіру мен ұйымдастыру бойынша кешенді міндеттерді шешуге бағытталған  зоотехникалық зерттеулер мен әзірлеулемелер аясындағы ғылыми-зерттеулер, оқу ұйымдары мен  мемлекеттік қызмет болып табылады.  Кәсіби қызмет объектілері: ауыл шаруашылығы малдары, толыққанды азықтандыру мен мал азығын технологиясының ғылыми негіздері, жем-шөп өндірісі, азық санитариясы, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, ауылшаруашылығы малы мен құс көрмелері мен аукциондарын, мал шаруашылығы өнімінің импорты мен экспортын ұйымдастыру және меншік нысаны әртүрлі шаруашылықтардағы асылдандыру жұмысы болып табылады. 

Кәсіби деңгей түрлері

«Ауыл шаруашылығы малдарын азықтандыру және азықтар", «Ауыл шаруашылық малдың селекциясы және оны молайту»  білім беру бағдарламаларының "7М08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар мамандығы бойынша, 7М082 – "Мал шаруашылығы" дайындық бағыты бойынша магистрінің кәсіби деңгей түрлеріне а) өндіріс-технологиялық, б) ұйымдастырушылық-басшылық, в) селекциялық-асылдандыру жұмыстары; г) мемлекеттік қызмет; д) ғылыми-зерттеу, е)жоғары оқу орындарында педагогикалық деңгейлер болып табылады.  

Білім беру бағдарламасының мазмұны:

Білім бағдарламалары Ұлттық біліктілік аясында, кәсіби стандартқа сәйкес және 2018 жылдың 31-ші қазанындағы №604  ҚР БҒМ МББС келісіліп әзірленген.

Білім бағдарламалары пәндерді модулді жүйе негізінде құрылып және 7М08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар мамандығы бойынша 7М082 Мал шаруашылығы бағыты бойынша магистранттарды дайындауда жалпы білім кәсіби құзіреттілігін қалыптастыратын 6 модульдан тұрады.

Білім бағдарламалары 120 оқу кредитінен (3600 сағат) тұрады, оның ішінде: 62 кредит (1860 сағат) – теориялық оқыту, 24 кредит (720 сағат) – ғылыми-зерттеу жұмысы және 12 кредит – (1260 сағат) – қорытынды аттестаттау, тәжірибе 22 кредит (660 сағат). Магистрант университет компоненті бойынша 39 кредит (1170 сағат) және таңдау компоненті бойынша 23 кредит (690 сағат) игеру керек.

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу технологиясы кафедрасы

 7М082 - "Mал шаруашылығы" Білім беру бағдарламасы

кафедра меңгерушісі: Ибраев Дулат Кусаинович,

тел. 8 707 483 09 39; d.ibrayev@kazatu.kz

 


 

Білім беру бағдарламалар тобы: D132 - «Мал шаруашылығы»

Білім беру бағдарламасы: 8D08201- «Жануарлар туралы ғылым»

Біліктілігі: философия докторы (PhD)

Оқу мерзімі: 3 жыл

Оқу түрі: күндізгі

Түлектің құзыреттілік моделі (портреті)   

Осы бағыттағы PhD докторы дайын болу керек:

- мал шаруашылығы саласындағы ғылыми-зерттеу қызметіне.

- ғылыми-өндірістік қызметті әртүрлі меншік нысанындағы мал шаруашылығы шаруашылықтарында; мал шаруашылығы өнімдерін және шикізатты қайта өңдеу кәсіпорындарында жүзеге асыру.

- малдардың тұқымдық және өнімділік сапасын арттыру бойынша жұмыстар кешенін ұйымдастыру, жоспарлау және тікелей жүзеге асыру, сондай-ақ мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын бақылауды ұйымдастыру, маркетинг және мал шаруашылығы өнімдерін өткізу;

- аграрлық ЖОО-дағы педагогикалық қызметке.

Кәсіби қызмет саласы

8D08201-"Жануарлар туралы ғылым" білім беру бағдарламасының PhD докторының кәсіби қызмет саласы ғылыми-зерттеу және білім беру ұйымдары, мемлекеттік қызмет, мал шаруашылығындағы селекция және генетика, асыл тұқымды мақсаттар үшін жануарларды бағалау және іріктеу әдістері, селекциялық асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу, асыл тұқымды малдардың жаңа тұқымдарын жасау, ауыл шаруашылығы малдары мен құстарының көрмелері мен аукциондары, асыл тұқымды малдардың экспорты мен импортын ұйымдастыру болып табылады.

Кәсіби қызмет түрлері

8D082 - "Мал шаруашылығы" докторантурасының дайындау бағыты бойынша 8D08 – "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар" мамандығының философия докторы (PhD) келесі кәсіби қызмет түрлерін орындай алады:           

Кәсіби қызмет пәні

8D082 – «Мал шаруашылығы» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы докторантының кәсіби қызмет түрлері болып табылады::               

- ғылыми-зерттеу;

- педагогикалық;

- өндірістік-басқарушылық;

- ұйымдастыру-технологиялық;          

Кәсіби қызмет түрлері  - ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, жобалау-іздестіру жұмыстарын орындау, Мал шаруашылығының әр түрлі салаларында ғылыми-ұйымдастыру қызметін атқару;

- аграрлық оқу орындарында педагогикалық қызмет жүргізу;

- мал шаруашылығы саласында басқару қызметін жүзеге асыру және менеджмент және маркетинг міндеттерін орындау;

- мал азығын дайындау және өндіруді ұйымдастыру, мал азығының қажеттілігін есептеу және мал азығының құрамы мен сапасын химиялық талдау;

- селекциялық және асыл тұқымдық жоспарларды әзірлеу және жасау. Кәсіби қызмет саласы

Білім беру бағдарламасының мазмұны:

Білім беру бағдарламасы ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бекіткен МЖМБС сәйкес ұлттық біліктілік шеңберіне және кәсіби стандарттарға сәйкес әзірленген.    Білім беру бағдарламасы пәндерді оқытудың модульдік жүйесі негізінде жобаланған және жалпы білім беру және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыратын 3 модульден тұрады. Білім беру бағдарламасы 25 кредит көлемінде базалық және Кәсіби пәндерді қамтитын теориялық оқытуды, 20 кредит көлемінде практикалық оқытуды, 123 кредит көлемінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын қамтиды. Оқу кезінде докторант міндетті компоненттің 10 кредитін және таңдау компонентінің 15 кредитін меңгеруі тиіс. Қорытынды аттестаттауға 12 кредит жоспарланған. Докторлық диссертацияны ресімдеуге және қорғауға - 12 кредит. Жалпы 3 жыл ішінде докторант 180 кредитті игеруі тиіс.   

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу технологиясы кафедрасы

8D082 - "Mал шаруашылығы" Білім беру бағдарламасы

кафедра меңгерушісі: Ибраев Дулат Кусаинович,

тел. 8 707 483 09 39; d.ibrayev@kazatu.kz