Главная / Образовательные программы / Көлік, көлік техникасы және технологиялар
Көлік, көлік техникасы және технологиялар

Көлік, көлік техникасы және технологиялар

Білім беру бағдарламаларының тобы  B065 Автокөлік құралдары

Білім беру бағдарламасы  6B07106 Көлік, көлік техникасы және технологиялар

Оқу мерзімі: 4 жыл

Білім беру бағдарламасының  мақсаты: Білім алушыда жалпы мәдени және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру, жоғары білім беру саласында жоғары сапалы білім беру қызметін көрсету және бакалаврларды даярлаудың осы бағыты бойынша Болон процесінің принциптерін және қазіргі заманғы стандарттарды жүзеге асыру арқылы Қазақстан Республикасы экономикасының көліктік секторы үшін кадрлар даярлау бойынша құзыреттілікті ұсыну.

Қалыптасатын оқыту нәтижелері

  • Көлік есебін шешу алгоритмін анықтау, олардың өзара байланысының құрылымын құру және басым бағыттарды анықтау кезінде факторларды ескеру қабілеті;
  • Көлік техникасын құруға және жөндеуге конструкторлық, технологиялық, инженерлік-техникалық және жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу қабілеті;
  • Мәселелерді шешу және салдарларды болжау нұсқаларын сыни түсіну және талдау, көліктік міндеттер мен жобаларды жоспарлау және іске асыру;
  • Технологиялық, конструкторлық, эстетикалық, экономикалық және басқа параметрлерді ескере отырып, көліктік техника мен технология жобаларын әзірлеу қабілеті;
  • Кәсіпорындармен, бұқаралық коммуникация құралдарымен өзара іс-қимыл жасау кезінде даулы жағдайларды алдын ала білу және жанжалдарды шешу кезінде делдал болу;
  • Көлік кәсіпорындары инновацияларының тиімділігін талдау, көлік техникасы мен технологиясының инновациялық процестерінде басқару дағдыларын қолдану;
  • Заманауи техникамен жұмыс істеу дағдысын меңгеру, кәсіби қызмет саласында ақпараттық технологияларды қолдана білу;
  • Командада жұмыс істеу, әртүрлі жағдайларда икемді және мобильді болу, белгісіздік және тәуекел жағдайында шешім қабылдау дағдыларын меңгеру.