Главная / Образовательные программы / Бизнестегі қаржылық инновациялар
Бизнестегі қаржылық инновациялар

Бизнестегі қаржылық инновациялар

Бакалавриат 6В04103 – «Бизнесті басқару және кәсіпкерлік»

Біліктілік: басқару және бизнес бакалаврі

Оқу мерзімі – 4 жыл

Оқу түрі – күндізгі

Білімді қолдану аумағына қысқаша сипаттама: Бакалавриат – кемінде 4 жыл нормативті оқу мерзімімен міндетті түрде теориялық оқудың кемінде ESTS кредитін және кәсіби практиканың кемінде 10 кредитін меңгеріп, тиісті мамандық бойынша «бакалавр» академиялық дәрежесін бере отырып,  мамандар даярлауға бағытталған жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасы.

Кәсіби қызметі түрлі ұйымдастырушылық-құқықтық үлгідегі және қаржылық-банктік жүйе бойынша қызметтерде, сонымен қатар,  меншік нысанына, қызмет түріне тәуелсіз бизнес субъектілерінде жұмыс жасаудан тұрады.

«Басқару және бизнес» мамандығы бойынша бакалавр келесі кәсіби қызмет түрлері аясында дайындалады: ұйымдастырушылық-басқарушылық, ақпарттық-талдаушылық; кәсіпкерлік; жобаларды басқару; тәуекел менеджменті.

Мамандық түлектері экономикалық жағдайды бағалайды, басқарушылық шешімдерді қабылдайды, шаруашылық жүргізуші субъектілері қызметін талдау нәтижесінде стратегиялық және тактикалық жоспарларды әзірлеуді жүзеге асырып, сыртқы ортаның өзгерістерін есепке ала отырып, компания қызметінің үдерістерін ұйымдастырып және бақылап,  басқарушылық лауазымдарға орналасады.

Кәсіби қызметтің функциялары болып келесілер табылады: жоспарлау, өндірістің және басқарудың негізгі даму бағыттарының мақсаттары мен міндеттерін анықтау, олардың тиімділігін бағалау; әріптестерді ынталандыру және қызметкерлердің еңбегін белсендіру; шаруашылық жүргізуші субъектілердің басқару қызметін үйлестіру және бақылау; материалдық және материалдық емес өндіріс саласына инновацияларды енгізу және т.б.

Мамандарды даярлау жұмыс берушілер ұсыныстары негізінде білім беру бағдарламасы «Кәсіпкерлік және бизнесті басқару», басқару және бизнес бакалаврі мамандық студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Қазақстан,   жақын және алыс шетелдерінің ЖОО-на бару мүмкіндігіне ие.

«Бизнесті басқару және кәсіпкерлік» бағдарламасын экономиканың даму үрдістері мен еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, отандық және шетелдік ғалымдарды, оқытушылары, табысты бизнесмендер командасы әзірлеген. Бағдарламаны жүзеге асыруға 6 ғылым докторы, 34 ғылым кандидаты және PhD, оның ішінде 10 астам «ЖОО-ның үздік оқытушысы» және ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері, сондай-ақ шетелдік жоғары оқу орындарының ғалымдары: Оңтүстік Корея, Болгария, Литва, ТМД елдері, бизнесмендер тартылды.

Білім беру бағдарламасының мақсаты: Отандық және халықаралық нарықтардағы сапалы өзгерістер, кәсіпкерлік тәуекелдердің өсуі жағдайында қазіргі заманғы құзыреттерді қалыптастыру және жобалау кеңселерінің, персоналды басқару қызметтерінің, стратегиялық даму қызметтерінің, отандық және халықаралық компаниялардың басқару аппараты бөлімшелерінің, мемлекеттік ведомстволар мен агенттіктердің мамандары ретінде бизнесті басқару саласындағы кәсіби қызметке даярлау, сондай-ақ бітірушілерді өз бизнесін құруға және дамытуға даярлау.

6В04103 - «Бизнесті басқару және кәсіпкерлік» БББ оқу нәтижелері

Осы бағдарламаның түлектері келесідей оқу нәтижелерін көрсете алады:

ON1 мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде кәсіби тілдік дағдыларды дамыту қабілеті

ON2 кəсіби қызметтің мəселелерін шешу үшін ауызша жəне жазбаша түрдегі қарым-қатынасқа дайын болу

ON3 қызметкерлердің еңбегін ұйымдастыру мен кәсіпкерлікті дамытудағы нормативтік құжаттардың ерекшеліктерін сыни түсіну 

ON4 макро және микроэкономикалық үдерістерді талдау және бизнес шешімдеріне арналған математикалық модельдерді әзірлеу

ON5 шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің кез келген бағыттарын қаржылық, салықтық, бухгалтерлік және басқарушылық есепке алуды ұйымдастыруға және жүргізуге қабілеті.

ON6 команданы басқару қабілеті, кәсіби, жеке өсу және іскерлік қарым-қатынас дағдылары

ON7 іскерлік және ауыл шаруашылығы саласындағы инновациялық технологияларды қолдану арқылы басқару үдерісін басқару, зерттеу, ұйымдастыру және бағалау қабілеті

ON8 кәсiпорынның, оның iшiнде агроөнеркәсiп саласындағы объектiлердiң өндiрiс процесiн түсiну және басқару мүмкiндiгi

ON9 өз бизнесін құру туралы білімін меңгеру және маркетингті басқару мен логистика негіздерін меңгеру

ON10 инновациялық жобаларды басқару, тәуекелдерді басқару және ауыл шаруашылығы саласында бизнесті ұйымдастыру қабілеті

ON11 «экологиялық ойлау», «жасанды өндіріс» және «әлеуметтік кәсіпкерлік» дағдылары

Байланыстар: «Менеджмент және Маркетинг» кафедрасының меңгерушісі Нукешева Анар Жаскайратқызы, 39-82-08

е-mail:annukesheva@mail.ru