Главная / Образовательные программы / Ветеринариялық санитария
Ветеринариялық санитария

Ветеринариялық санитария

Мамандық атауы: 5В120200- Ветеринариялық санитария

КвалификациясыВетеринария саласының маманы

Оқу мерзімі: 5 жыл

Оқу түріІштей

4 пән: Биология

Білімін қолдану саласының қысқаша сипаттамасы:5В120200 – Ветеринариялық санитария мамандығы бойынша «Малшаруашылық өнімдерінің ветеринариялық-санитарлық сараптамасы» білім беру бағдарламасы ветеринариялық қызметтің заңнамалық базасына енгізілген өзгерістерге, Еуразиялық Экономикалық Одақ және Қазақстан Республикасының Бүкіл әлемдік Сауда Ұйымына кіру талпынысына, сонымен қатар, жұмыс берушілердің ұсыныстарына (басқарушы мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар мен жеке-кәсіпкерлік ветеринариялық қызметттер) орай құрастырылды. Білім беру бағдарламасының басты мақсаты – қазіргі кезде өзекті болып отырған, биологиялық және тағам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты мәселелерді зерттеу. Осы орайда білім беру бағдарламасының мазмұны ҚР ветеринариялық заңына және халықаралық ветеринариялық ұйымдардың (ХЭБ, ФАО, БДҰ т.б.) талаптары мен ұсыныстарына сәйкес білім мен практикалық машықтанулар алуға бағытталады.

Машықтанулардың қысқаша мазмұны: Бағдарламаның мақсаты – «Малшаруашылық өнімдерін ветеринариялық санитарлық сараптау» білім беру бағдарламасы бойынша дайындықты нақтылы анық түрде болашаққа, яғни табысты түрде болашақ маманның тұлғалық және кәсіби қызметін жетілдіруге бағыттау. Бұл бағдарлама потенциалды жұмыс берушелердің талаптарын ескере отрып құрастырылған, оларға тағам өнімдерін ветеринариялық-санитарлық сараптау бойынша мамандар қажет.

Білім беру бағдарламасы түлектерге жануарлардың органдары мен ұшаларын, ет пен ет өнімдерінің, сүт пен сүт өнімдерінің, балық пен теңіз өнімдерінің, жұмыртқа мен жұмыртқа өнімдерінің, балдың, өсімдік өнімдерінің базарлардағы ветеринариялық зертханаларда ветеринариялық-санитарлық сараптау саласында қызмет атқаруына мүмкіндіктер беретін болады.

Бағдарламаның қысқаша мазмұны: «Малшаруашылық өнімдерін ветеринариялық санитарлық сараптау» білім беру бағдарламасы Ұлттық квалификациялар шеңбері мен кәсіптік стандарттарға сәйкес құрастырылған және Дублиндескрипторларымен, Еуропалық квалификациялар шеңберімен келісілген. Бұл бағдарлама пәндерді оқудың модульдік жүйесі негізінде жобаланған және жалпы мәдени және кәсіби құзыреттіліктер құрайтын 19 модульдан тұрады. Осы мамандық аясында жүзеге асырылатын білім беру бағдарламасының мазмұнын Мемлекеттік жалпы білім беру стандарты айқындап, бекітеді. Оқу жоспарына қатысты элективтік пәндер каталогы құрастырылады, ол элективтік оқу пәндерін альтернативті таңдау мүмкіндігін береді.

Аталған бағдарламаның НААР ұлттық рейтингісіндегі орны

2015 жылы С. Сейфуллинатындағы Қазақагротехникалықуниверситетінің 5В120200 – Ветеринариялық санитария мамандығы Қазақстандағы жоғары оқу орындары арасында АРТА (акредитациялау мен рейтинглеудің тәуелсіз агенттігі) жүйесі бойынша 2002 балл жинап, бірінші орынды иеленді.

Аға эдвайзердің Т.А.Ж: ӘбдірахмановСәрсенбай Қадырұлы, эдвайзердің Email: S_abdrakhmanov@mail.ru

Байланыс телефоны: +7-7172-297-252

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Мамандық атауы: 6М120200 - Ветеринариялық санитария

Квалификация: Ветеринария ғылымдарының магистрі

Оқу мерзімі: 2 жыл

Оқу түріІштей

Білімін қолдану саласының қысқаша сипаттамасы6М120200-«Ветеринариялық санитария» мамандығы бойынша  білім беру бағдарламасы республиканың ветеринариялық қызметіндегі заңнамалық базаның өзгеруіне, Еуразиялық экономикалық одақтың қызмет етуіне орай және ҚР Бүкіл әлемдік Сауда Ұйымына енуіне байланысты, сонымен қатар, жұмыс берушілердің (мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар мен жеке кәсіпкерлік ветеринариялық қызмет) ұсыныстарын ескере отырып құрастырылған.

Білім беру бағдарламасының басты мақсаты магистранттың тағам өнімдері сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Осыған орай білім беру бағдарламасының мазмұны Еуразиялық экономикалық Одақ жағдайында және Бүкіл әлемдік Сауда Ұйымына ену қарсаңындағы талаптар, сонымен қатар, Халықааралық ветеринариялық Ұйымдардың (ХЭБ, ФАО, БДСҰ т.б.) талап, ұсыныстарына сәйкес малшаруашылық өнімдері сапасы мен қауіпсіздігін ветеринариялық-санитарлық сараптау үшін қажетті білім мен практикалық тағылымдама алуға бағытталған.

Машықтанымдардың қысқаша сипаттамасы6М120200 – «Ветеринариялық санитария» мамандығы бойынша білім беру магистрлік бағдарламасының басты машықтанымдық мақсаты магистранттарды тағам өнімдерін ветеринариялық-саниитарлық сараптаудың қазіргі заманғы әдіс-тәсілдеріне машықтандырып, үйрету болып табылады. Магистранттарды тағам өнімдерінде болуы ықтимал және жануарлар мен адамдар денсаулығына зиянын тигізе алатын бөгде заттардың негізгі топтарымен таныстыру. Білім алушы бойында білімін одан әрі жетілдіру және жаңа білім жинақтау, түрлі деңгейдегі ғылыми шараларға қатысу, докторантурада ғылыми дайындығын жалғастыру қабілетін шыңдау.

Білім беру бағдарламасы келешекте ветеринариялық-санитарлық сараптау және тағам өнімдернің қауіпсіздігі бойынша зертханаларында жұмыс жасай алатын мамандарды қажет ететін потенциалды жұмыс берушілердің талаптарын ескере келе құрастырылған.

Бағдарламаның қысқаша мазмұны6М120200 - «Ветеринариялық санитария» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы Ұлттық квалификациялар мен кәсіби стандарттарға сәйкес Дублиндескрипторы мен Еуропалық квалификациялар шеңберіндегібағдарламаларға сүйене отырып, Мемлекеттік жалпыға ортақ жоғары блім беру стандартына қатысты және 6М120200 – «Ветеринариялық санитария» мамандығының типтік бағдарламасына сәйкес құрастырылған. Білім беру бағдарламасы пәндерді оқытудың модульдік жүйесі негізінде жобаланып, жасалынған, ол арнайы және кәсіби құзыреттіліктерді құрылымдайтын 7 модульдан тұрады.

2015 жылдан бастап 6М120200 «Ветеринариялық санитария» үш тілдік білім беру жүргізіле бастады. Кафедраның төрт оқытушысы сабақтарды ағылшын тілінде өткізеді.

Бағдарламаның НААРрейтингінде алатынорны

С. СейфуллинатындағыҚазақ агротехникалық университеті құрамындағы 6М120200 – «Ветеринариялық санитария» мамандығы ҚазақстанРеспубликасында атлаған мамандық бойынша білім беру бағдарламасы бойынша қызмет ететін жоғары оқу орындары арасында НААРрейтингі бойынша І орын алып, 304 балл жинаған.

Аға эдвайзердің Т.А.Ж.: Әбдірахманов СәрсенбайҚадырұлы, Email: S_abdrakhmanov@mail.ru

Байланыс телефоны: +7-7172-297-252

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Мамандық атауы: 6D120200-Ветеринариялық санитария

Квалификациясы: Доктор PhD

Оқу мерзімі: 3 жыл

Оқу түрі: Іштей

Білімін қолдану саласының қысқаша сипаттамасы: 6D120200-«Ветеринариялық санитария» мамандығы бойынша  білім беру бағдарламасы республиканың ветеринариялық қызметіндегі заңнамалық базаның өзгеруіне, Еуразиялық экономикалық одақтың қызмет етуіне орай және ҚР Бүкіл әлемдік Сауда Ұйымына енуіне байланысты, сонымен қатар, жұмыс берушілердің (мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар мен жеке кәсіпкерлік ветеринариялық қызмет) ұсыныстарын ескере отырып құрастырылған.

Білім беру бағдарламасының басты мақсаты докторанттың тағам өнімдері сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Осыған орай білім беру бағдарламасының мазмұны Еуразиялық экономикалық Одақ жағдайында және Бүкіл әлемдік Сауда Ұйымына ену қарсаңындағы талаптар, сонымен қатар, Халықааралық ветеринариялық Ұйымдардың (ХЭБ, ФАО, БДСҰ т.б.) талап, ұсыныстарына сәйкес малшаруашылық өнімдері сапасы мен қауіпсіздігін ветеринариялық-санитарлық сараптау үшін қажетті білім мен практикалық тағылымдама алуға бағытталған.

Машықтанымдардың қысқаша сипаттамасы: 6D120200-«Ветеринариялық санитария»мамандығы бойынша білім беру магистрлік бағдарламасының басты машықтанымдық мақсаты докторанттарды тағам өнімдерін ветеринариялық-саниитарлық сараптаудың қазіргі заманғы әдіс-тәсілдеріне машықтандырып, үйрету болып табылады. Докторанттардың таңдап алған мамандығына сәйкес жеке білім алу траекториясынқамтамасыз ету. Білім алушы бойында білімін одан әрі жетілдіру және жаңа білім жинақтау, түрлі деңгейдегі ғылыми шараларға қатысу, докторантурадан кейінгі ғылыми дайындығын жалғастыру қабілетін шыңдау.

Білім беру бағдарламасы келешекте ветеринариялық-санитарлық сараптау және тағам өнімдернің қауіпсіздігі бойынша зертханаларында жұмыс жасай алатын мамандарды қажет ететін потенциалды жұмыс берушілердің талаптарын ескере келе құрастырылған.

Бағдарламаның қысқаша мазмұны: 6D120200-«Ветеринариялық санитария»мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы Ұлттық квалификациялар мен кәсіби стандарттарға сәйкес Дублин дескрипторы мен Еуропалық квалификациялар шеңберіндегібағдарламаларға сүйене отырып, ҚР Үкіметінің 2006 жылдың 1 қыркүйегіндегіқаулысымен (№779) бекітілген Мемлекеттік жалпыға ортақ жоғары блім беру стандартына қатысты және 6D120200-«Ветеринариялық санитария»мамандығының типтік бағдарламасына сәйкес құрастырылған. Білім беру бағдарламасы пәндерді оқытудың модульдік жүйесі негізінде жобаланып, жасалынған, ол арнайы және кәсіби құзыреттіліктерді құрылымдайтын 7 модульдан тұрады.

2015 жылдан бастап 6Д120200 «Ветеринариялық санитария» және 6D120200  «Ветеринариялық санитария» мамандықтарында үш тілдік білім беру жүргізіле бастады. Кафедраның төрт оқытушысы сабақтарды ағылшын тілінде өткізеді.

Бағдарламаның  НААР рейтингінде алатын орны

С. СейфуллинатындағыҚазақ агротехникалық университеті құрамындағы 6D120200-«Ветеринариялық санитария» мамандығы Қазақстан Республикасында атлаған мамандық бойынша білім беру бағдарламасы бойынша қызмет ететін жоғары оқу орындары арасында НААР рейтингі бойынша 2 орын алып,239 балл жинаған.

Аға эдвайзердің Т.А.Ж.: Әбдірахманов Сәрсенбай Қадырұлы, е-mail: S_abdrakhmanov@mail.ru

Байланыс телефоны: +7-7172-297-252