Главная / Образовательные программы / Жануарлардың ветеринарлық саулығы
Жануарлардың ветеринарлық саулығы

Жануарлардың ветеринарлық саулығы

Білім беру саласы коды мен жіктелімі: 8D09 –«Ветеринария»

Дайындық бағытының коды мен жіктелімі: 8D091 – «Ветеринария»

Біліктілік: «Жануарлардың ветеринарлық саулығы» оқу бағдарламасы бойынша (PhD) Философия докторы

Оқу мерзімі: 3 жыл, ғылыми-педагогикалық

Оқу түрі:күндізгі

Білім беру бағдарламасының мақсаты болып жоғары мамандандырылған кадрлардың жануарлар мен адамдардың денсаулығының амандығын қадағалауға бағытталған ветеринария, ауыл шаруашылығы жəне биология саласында басқарушы, ғылыми-зерттеулік жəне оқытушылық қызметтің жұмысын атқаруға мамандар дайындау болып табылады.

Білім беру бағдарламасыныңмазмұны Кедендік Одақ пен Əлемдік Тауарлық Ұйымның шарттарына сəйкес тұжырымдық зерттеулердің іске асыруы бойынша жануарлар ауруларын бақылау негізінде жүргізілетін іс-шараларға, сонымен қатар Халықаралық ұйымдардың шарттары мен ұсыныстарына сəйкес (Əлемдік жануарлар денсаулығын қамтамасыз ету ұйымы, Тағам жəне ауыл шаруашылық ұйымдар, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) білім жəнетəжірибелікдағдылар алынуын қамтамасыз етеді.

“Ветеринария” – 8D09 мамандығы бойынша Білім беру бағдарламасының негізгі міндеттері:

  • ветеринария салалары бойынша ғылыми жəне білім беретін орындардың, мемлекет пен аграрлық нарықтың мұқтаждылығына байланысты теориялық жəне тəжірибелік білімдерін терең ұғындыру;
  • жоғары деңгейлі кəсіби мəдениет пен азаматтық позициялы, білім жəне бизнес сонымен қатар ветеринария құрылымында заманауи ғылыми жəне тəжірибелік мəселелерін шеше алатындай мамандарды дайындау;
  • докторанттарда дүниежүзілік ғылыми жəне білім беру ұйымдарына бірлесуге мүмкіндікберетін машық пен ептілікті қалыптастыру;
  • докторанттың таңдаған мамандығына сəйкес жекеленген оқудың білім беру траекториясымен қамтамасыз ету.

Білім беру бағдарламасының өзектілігі ветеринариялық ғылымның нақты салаларында халықаралық зерттеулердің негізгі бағыттарына сəйкес келеді,докторанттарға заманауи ғылыми жұмыстарды жүргізуде жəне дүниежүзілік ғылыми қоғамдастыққа ықпалдасуда дағдылары мен қабілетін қалыптастырады.

Білім беру бағдарламасының ерекшелігі ветеринария саласындағы эпидемиология, моделдеу жəне жұқпалы ауруларды молекулярлы-биологиялық зерттеулерінде, ауылшаруашылық жануарларының көбею биотехнологиясы, дүниежүзілік экономикасының глобализациясы шарттарында жануар текті өнімдерді сақтандыру менеджменті аумағында арнайы компетенциялары бар, ғылыми-практикалық кадрларда жұмыс нарығының қажеттілігін қамтамасыз етеді.

Білім беру бағдарламасының бəсекелестік артықшылықтары докторанттармен жан-жақты зерттеу жүргізуге жəне ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау жəне ветеринария саласындағы Қазақстанның маңызды аймақтық мəселерін шешетін пəнаралық ғылыми жобаларды жүзеге асыруға бағытталған.

Білім беру бағдарламасының бірегейлігі оның жүзеге асырылу процесі халықаралық, республикалық жəне гранттық ғылыми жобалар шеңберінде, сондай-ақ докторанттарға зерттеу жүргізген кезде университеттің, басқа ғылыми мекемелер мен кəсіпорындардың материалдық-техникалық базасын жəне ресурстарын пайдалануға мүмкіндік беретін тікелей келісім-шарттармен жүзеге асырылады. халықаралық стандарттарға сай келетін инновациялық нəтижелерге қол жеткізу.

Білім беру бағдарламасының мүдделі тараптары (стейкхолдері ) - на ресми ветеринарлық қызметтер, Қазақстанның аймақтық, өңірлік жəне республикалық маңызы бар зертханалары, «Атамекен» ҒӨК, агроөнеркəсіптік кəсіпорындар, Қазақстанның жетекші ветеринарлық жəне биологиялық ғылыми-зерттеу институттары жатады.

Білім беру бағдарламасының құрылымы.

Оқу бағдарламаның кескіндері пəндерді оқу үшін модульдік жүйе негізінде құрастырылған жəне жалпы мəдени, арнайы тіл жəне кəсіби құзыреттерді қалыптастыратын 5 модульден тұрады. Кредиттер саны 180 кредит, оның ішінде: теориялық оқу -53 кредит, тəжірибелік оқуға(практиканың барлық түріне) – 115 кредит, қорытынды аттестациялану -12 кредит.

Кəсіптік қызметтің түрлері

 8D09 - «Ветеринария» философия(PhD) докторларыкелесі кəсіби қызметтерді орындай алады:

  • өндіру жəне басқару;
  • ұйымдастырушылық жəне технологиялық;
  • ғылыми-зерттеулік;
  • жоспарлық (проектік);
  • педагогикалық. 

Жалпы білім беру құзыреті

8D09 - «Ветеринария» мамандығы бойынша философия (PhD) докторларының жалпы білім беру құзыретіне:

  • эволюция туралы түсінік, ветеринариялық, ауылшаруашылық жəне биологиялық ғылымдармен тəжірибесі жəне əлемдік сонымен қатар отандық жетістіктерінің негізгі ұғымдары;
  • ғылыми этиканың принциптерін сақтау;
  • халықаралық жəне отандық ветеринария саласындағы заңнаманы жəне нормативтік құжаттарды білу;
  • ғылыми білім əдіснамасы; 

Негізгі мəндер ретінде анықталады:

  • тиісті саладағы мəселелерді кəсіби жəне кешенді талдау;
  • тұлғааралық қарым-қатынас пен адам ресурстарын басқару, жоғары оқу орындарының мамандарын даярлау қабілеті;
  • патенттік іздеу дағдылары бар; зияткерлік меншік құқықтарын қорғау; ғылыми теориялар мен идеяларды талдау;
  • ғылыми форумдарда көпшілік алдында сөз сөйлеу жəне сөйлеу тəжірибесі болу;
  • мемлекеттің экономикалық саясаты саласында, шаруашылық жəне ауылшаруашылық субъектілерінде, ұйымдарды басқару жағынан білімге ие болу.
  • ғылыми қарым-қатынас жəне халықаралық ынтымақтастық үшін шет тілін пайдалану. 

Кəсіби біліктілік

  • жаһандану жағдайында ғылыми-білім беру қызметін ұйымдастыру, ақпараттық ағындардың жедел жаңаруы жəне өсуі;
  • теориялық, тəжірибелік жəне қолданбалы зерттеулерді басқару;
  • ғылыми методологияны, нəтижелерді өңдеуге арналған заманауи бағдарламалық өнімдерді иелену;
  • зерттеу жобалары мен зерттеулерін құзыретті сараптау;
  • жоғары жəне орта арнаулы орта білім берудің педагогикалық əдіснамасына ие болу;
  • кəсіптік өсуді қамтамасыз ету. 

Кəсіби тəжірибе өту негізі

8D09 - «Ветеринария» мамандығы бойынша философия (PhD) докторы келесі мекемелерде кəсіби тəжірибеден өтуі мүмкін:

  • мемлекеттік ветеринариялық қызметте, шекарадағы жəне көліктегі ветеринариялық пункттерде, бақылау пункттерінде;
  • биологиялық препараттар мен биологиялық белсенді заттар өндіру жəне бақылау жөніндегі кəсіпорындарда;
  • ғылыми-зерттеу институттарында, мемлекеттік жəне жеке ветеринарлық ұйымдарда;
  • ветеринария мамандарын даярлау жəне қайта даярлауды жүзеге асыратын кəсіпорындарда;
  • зерттеу, ветеринарлық медицина саласындағы жобалау ұйымдарында. 

Бағдарламаның  АРТА  рейтингінде алатын орны 

Сейфулин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің 5D120100 - «Ветеринарлық медицина» мамандығының құқықтық мұрагері болып табылатын 8D09 – «Ветеринария» мамандығы, 2018 жылы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында, АРТА рейтингісінде екінші орынды иеленеді. 

Аға эдвайзер: Әбдірахманов  Талғат Жүнісұлы, Email: talgat.abd@mail.ru, байланыс телефоны: +7-7172-297-247