Главная / Образовательные программы / Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Мамандық атауы: 5В070400- «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»

Квалификациясы: Техника және технология бакалавры

Оқу мерзімі: 4жыл

Оқу түрі: Күндізгі

4 пән: Физика

Білімін қолдану саласының қысқаша сипаттамасы: «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтарының  түлектеріне    берілетін білімнің басты артықшылықтарына мынадай ерекшеліктерді білу жатады:Аппаратты- бағдарламалық кешендердің сәулетін және қолданушы интерфейсін ұйымдастырудың негізгі принциптерін жобалау, кәсіби іс-шаралар сұрақтарын тиімді шешу үшін өңдеу үдерісін ұйымдастыру және бағдарламалық қамтамасыз етуді құру кезінде инструменттік,  бағдарламалық технологияларды және есептеу техникасының жабдықтарын  таңдау, есептеу жүйелерін, кешендерін және желілерін құру барысында аппаратты және бағдарламалық жабдықтарды кешендеу әдістері мен тәсілдерін қолдану, есептеу техникасы және компьютерлік жүйелердің жүйелік, инструменталды және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді баптау және оларға қызмет көрсету, бағдарламалық өнімдерді қолдау және оларды  ақпаратты өңдеу және басқару үдерісінде әр түрлі есептерді шешу үшін қолдану. 

Бұл мамандықты бітірушілердің негізгі дағдылары: 

  • ғылым, техника, экономика және өндірістің әртүрлі салаларында бағдарламаларды әзірлеп, қолдау, аппараттық құралдарды орнату және жөндеу, дерекқорлар мен веб-сайттарды жасау;
  • компьютерлерді, бағдарламалық қамтамасыз етуді, техникалық және технологиялық жүйелерді және әртүрлі желілерді қолдана отырып, математикалық, ақпараттық және техникалық қолдауды әзірлеу және пайдалануды жүзеге асыру;
  • компьютерлік жүйелерді модельдеу, зерттеу және жобалау және оларды өңдеу және басқарудың кіші жүйелері үшін заманауи бағдарламалау тілдерін қолданады.

Білім беру бағдарламасы еңбек нарығында IT-мамандарға қойылатын заманауи талаптарға сәйкес әзірленген. Жұмыс берушілердің айтуынша, білім беру бағдарламасы бағдарламалық жасақтаманы, әкімшілік етуді және тестілеуді білетін мамандарды даярлауға бағытталған: 

  • болашақта компьютерлік бағдарламашылар мен автоматтандырылған жүйелердің бағдарламашыларында негізгі кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру; 
  • эксперимент шеңберінде оның барлық кезеңдерінде студенттердің тәуелсіз зерттеу және ғылыми-зерттеу қызметі үшін алғышарттар жасау; 
  • ғылыми-техникалық ақпаратпен жұмыс істей білу, кәсіби қызметтегі отандық және шетелдік тәжірибені пайдалану, алынған ақпаратты жүйелеу және жинақтау.

Бағдарламаның қысқаша мазмұны:«Есептеу техникасы мен автоматтандырылғанжүйелердіңбағдарламалық қамтамасыз ету»атты модульдік білім беру бағдарламалары  Қазақстан Республикасының мемлекеттік 5.04.019-2012 стандарт негізінде дайындалған Ұлттық біліктілік шеңбер және кәсіптік стандарттарға сәйкес құрастырылған, Дублин дескрипторлары және Еуропалық біліктілік шеңберімен келісілген. 

Бағдарлама пәндерді оқытудың модульдiкжүйесiнегiзiнде жобаланды және 12 модулді құрайды. Осы мамандық аясында жүзеге асырылатын білім беру бағдарламасының мазмұнын Мемлекеттік жалпы білім беру стандарты айқындап, бекітеді. Оқу жоспарына қатысты элективтік пәндер каталогы құрастырылады, ол элективтік оқу пәндерін альтернативті таңдау мүмкіндігін береді.

Сауле Хамитқызы Толеуова, байланыс телефоны: +7(7172)38-39-58, e-mail:Toleuova1972@mail.ru

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 

Мамандық атауы: 6М070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» 

Біліктілігі: Техникалық ғылымдар магистрі 

Оқу мерзімі: 2 жыл/1,5 жыл/1жыл 

Оқу түрі: Күндізгі

Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының магистранты – бұл, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар (АКТ) саласындағы біліктілігі жоғары деңгейдегі маман, ол ғылыми-зерттеу жұмыстарын шешуге, жаңа бағдарламалық қамтамасыз етуді құру тапсырмаларын және қолданыстағыларын сүйемелдеуге және заманауй технологиялармен жұмыс істеуге, педагогикалық жұмыстарды орындауға қабілетті, айқын инженерлік және ғылыми ойлауға, жалпы мәдени дамудың жоғары деңгейіне ие, айқын азаматтық және моральдық позицияға ие шет тілін білетін маман. 

Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша техника және технологиялар магистрлерінің кәсіби қызметтерінің объектілері келесілер болып табылады:  

  • жобалау ұйымдары; 
  • өнеркәсіптік кәсіпорындар; 
  • қаржылық ұйымдар; 
  • ғылыми-зерттеу мекемелері; 
  • мемлекеттік басқару органдары; 
  • оқу орындары (ғылыми және педагогикалық бағытта) 
  • және т.б.;  

Бағдарламаның қысқаша мазмұны:

Білім беру бағдарламасы еңбек нарығындағы ІТ-мамандарына қойылатын заманауи талаптарға сәйкес әзірленген. Жұмыс берушілердің пікірі бойынша, білім беру бағдарламасы бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалау, әкімшіліктендіру және тестілеу аймақтарында білімі бар мамандарды даярлауға бағытталған: 

Есептеу техникасы және автоматтандырылған жүйелер бойынша бағдарламашы мамандардың болашақтағы негізгі кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру; 

Студенттердің өзіндік іздену-зерттеу қызметтері үшін оның барлық кезеңдерінде эксперимент өткізу шеңберінде алғышарттар жасау;  

Ғылыми-техникалық ақпаратпен жұмыс істей білу, кәсіби қызметте отандық және шетелдік тәжірибені пайдалану, алынған ақпаратты жүйелендіру және жинақтау. 

Эдвайзер: Сауле Хамитқызы Толеуова, байланыс телефоны: +7(7172)38-39-58, e-mail:Toleuova1972@mail.ru