Главная / Образовательные программы / Өсімдік қорғау және карантин
Өсімдік қорғау және карантин

Өсімдік қорғау және карантин

5В081100 – «Өсімдік қорғау және карантин»

Біліктілік – «Өсімдік қорғау және карантин» мамандығы бойынша ауыл шаруашылығы бакалавры

Оқыту мерзімі – 4 жыл

Оқыту түрі – күндізгі

4 пән – биология

Білімді қолдану аумағы

Мамандық ауыл шаруашылығы дақылдарының өндірісіне шаруашылық және экономикалық нұқсан келтіретін зиянды ағзалардан (зиянкестер, өсімдік аурулары және арамшөптер) өсімдіктерді қорғаумен байланысты мәселелерді зерттеуге бағытталған. Мамандықты жақсы меңгеру үшін студенттер ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянды және карантинді ағзаларының биологиясы, экологиясы, түрлік құрамы мен олармен күресу шаралары жөнінде терең білім алады.

Кәсіби дағдылар

Бакалавриат курсын аяқтағаннан кейін мамандар ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянды ағзаларына фитосанитарлық мониторинг пен олардан  кешенді қорғау шараларын, сонымен қатар кедендік бекеттерде карантиндік тексерістің барлық кезеңдерін жүргізу бойынша кәсіби дағдыларын қалыптастырады. Түлектер келесі бағыттарда жұмыс істей алады: өсімдік қорғау жəне карантиннің мемлекеттік қызметтерінде, ҚР АШМ ғылыми-өндірістік құрылымдарында, фитосанитарлық диагностика жəне болжамдар орталықтарында, өсімдіктер карантині орталығында, бақылау-токсиологиялық зертханаларында, шекаралық карантиндік бекеттерде.

Білім беру бағдарламасы

Мамандықтың білім беру бағдарламасының негізін келесі курстар құрайды: жалпы және ауылшаруашылық энтомологиясы; жалпы және ауылшаруашылық фитопотологиясы; зиянды нематодалар, кенелер және кеміргіштер; өсімдіктерді химиялық және биологиялық қорғау; өсімдіктер карантині; өсімдіктер иммунитеті және т.б. Студенттер жыл сайын ЖОО арасында өтетін Республикалық және Халықаралық олимпиадаларға қатысуға, сонымен қатар бір семестр барысында еліміздің және шет елдің алдыңғы қатарлы ЖОО–да академиялық ұтқырлықпен оқуға мүмкіндікке ие.

Өсімдік қорғау және карантин кафедрасы

Байланыстар

«Өсімдік қорғау және карантин» кафедрасының меңгерушісі Мұсынов Қажымұрат Майрамбекұлы
Байланыс телефоны: 8 (717) 2- 38-09-14, Е-mail: kazeke1963@mail.ru

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

6M081100 – «ӨСІМДІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ КАРАНТИН»

Біліктілік – «Өсімдік қорғау және карантин» мамандығы бойынша ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі (ғылыми-педагогикалық бағыт), ауыл шаруашылығы магистрі (бейіндік бағыт)

Оқыту мерзімі - 2 жыл (ғылыми-педагогикалық бағыт),

                             1,5 жыл (бейіндік бағыт)

Оқыту түрі – күндізгі

Білімді қолдану аумағы

Мамандықтың ЖОО нан кейінгі оқыту кезеңі ғылыми және өндірістік тұрғыдан ауылшаруашылық дақылдарын зиянды ағзалардан (зиянкестер, аурулар және арамшөптер) қорғаумен байланысты мәселелерді зерттеуге бағытталған. Мамандықты жақсы меңгеру үшін магистранттар өсімдіктерді зиянды ағзалардан қорғаудың инновациялық әдістері бойынша терең білім алады. Өсімдік қорғаудың қазіргі уақыттағы жағдайы мен дамуының болашағын қарастырады.

Кәсіби дағдылар

Магистратура курсын аяқтағаннан кейін магистрлер фитосанитарлық технологиялар құрастыру, фитосанитарлық мониторингті өз беттерімен жүргізу, ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянды ағзалардан, сондай-ақ, карантинді объектілерден қорғау шараларының кешенін құрастыру бойынша кәсіби дағдыларын қалыптастырады. Магистрлер келесі бағыттарда жұмыс істей алады: өсімдіктерді зиянды ағзалардан қорғау аумағында ғылыми-зерттеу жұмыстарын атқаруда; ЖОО-да ғылыми және педагогикалық жұмыстарды жүргізуде, өсімдік қорғау жəне карантиндік мемлекеттік қызметтерінде;

Білім беру бағдарламасы

Мамандықтың білім беру бағдарламасының негізін келесі курстар құрайды: өсімдік қорғау және карантин саласының заманауи жағдайы мен инновациялық дамуы; фитосанитарлық және азық-түліктік қауіпсіздікті ғылыми қамтамасыздандыру және т.б. Магистранттар жақын және алыс шетелдің алдыңғы қатарлы ЖОО-да міндетті ғылыми тағылымдамадан өтуге мүмкіндікке ие.  

Өсімдік қорғау және карантин кафедрасы

 

Байланыстар

«Өсімдік қорғау және карантин» кафедрасының меңгерушісі Мұсынов Қажымұрат Майрамбекұлы
Байланыс телефоны: 8 (717) 2- 38-09-14, Е-mail: kazeke1963@mail.ru

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

6D081100 – «ӨСІМДІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ КАРАНТИН»

Біліктілік – «Өсімдік қорғау және карантин» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) 

Оқыту мерзімі – 3 жыл

Оқыту түрі – күндізгі

Білімді қолдану аумағы

Мамандық бойынша докторантурада оқыту осы сала ғылымының инновациялық технологияларын игеру үшін өсімдік қорғау және карантин аумағындағы бірқатар мәселелерді зерттейді. Мамандықты жақсы меңгеру үшін докторанттар өсімдіктерді зиянды ағзалардан қорғаудың инновациялық әдістері бойынша терең білім алады. Өсімдік қорғаудың заманауи  жағдайы мен дамуының болашағын зерттеп біледі.

Кәсіби дағдылар

Докторанттар фитосанитарлық технологиялар құрастыру, өз беттерімен фитосанитарлық мониторинг жүргізу, ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянды ағзалардан, сондай-ақ, карантинді нысандардан қорғау шараларының кешенді шараларын құрастыру бойынша кәсіби дағдыларын қалыптастырады. Докторанттар келесі бағыттарда жұмыс істей алады: өсімдіктерді зиянды ағзалардан қорғау аумағында ғылыми-зерттеу жұмыстарын атқаруда; ЖОО-да ғылыми және педагогикалық жұмыстарды жүргізуде, өсімдік қорғау жəне карантиннің мемлекеттік қызметтерінде, ғылыми-зерттеу институттарында.

Білім беру бағдарламасы

Мамандықтың білім беру бағдарламасының негізін келесі курстар құрайды: ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянды ағзалардан қорғаудың молекулярлық-генетикалық әдістері; өсімдік карантиніндегі фитосанитарлық тәуекелділікті талдаудың ғылыми әдістемелік негізі; орман және орман екпелерін зиянды ағзалардан қорғау әдістемелері және т.б. Докторанттар жақын және алыс шет елдің алдыңғы қатарлы ЖОО-да міндетті ғылыми тағылымдамадан өтуге мүмкіндікке ие.

Өсімдік қорғау және карантин кафедрасы 

Байланыстар

«Өсімдік қорғау және карантин» кафедрасының меңгерушісі Мұсынов Қажымұрат Майрамбекұлы
Байланыс телефоны: 8 (717) 2- 38-09-14, Е-mail: kazeke1963@mail.ru