Главная / Образовательные программы / Қорғаныш орман өсіру
Қорғаныш орман өсіру

Қорғаныш орман өсіру

Білім беру саласының жіктеуі мен коды: 6B08-«Ауыл шаруашылығы және биоресурстар»

Даярлау бағыттарының жіктеуі мен коды: 6B083-«Орман шаруашылығы»

Дәрежесі: «Қорғаныш орман өсіру" білім беру бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы бакалавры  

Оқыту мерзімі:  4 жыл

«Қорғаныш орман өсіру» білім беру бағадарламасының мақсаты - алған білімдерін тәжірибеде іске асыруға және әрі қарай өзін кәсіби жетілдіруге, шығармашылық дамуға қабілетті, қорғаныштық орман өсіру мен орман шаруашылығы саласында өндірістік қызметке дайын бәсекеге қабілетті маманды дайындау.

Білім беру бағдарламасының міндеттері:

  1. Болашақ мамандардың негізгі кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру;
  2. Студенттердің өзіндік ізденіс-зерттеу іс-әрекеті үшін алғышарттар жасау;
  3. Ғылыми-техникалық ақпаратпен жұмыс істей білу, кәсіби қызметте отандық және шетелдік тәжірибені пайдалану, алынған ақпаратты жүйелеу және жалпылау;
  4. Жұмыс берушілердің талаптарын қанағаттандыратын жеке және кәсіби қызметтегі табыстылықты ескере отырып, білімдерін қалыптастыру;
  5. Мамандық бойынша барынша жылдам жұмысқа орналасу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін еңбек нарығында түлектердің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру.

Білім беру бағдарламасының жалпы сипаттамасы

ББ өзектілігі "Қазақстан-2050" мемлекеттік стратегиясын іске асыру үшін (2030 жылға қарай Қазақстандағы ормандардың көлемі 5% - ға дейін өседі) орман орналастыру іс-шараларын жүргізуге, орман пайдалануды жоспарлауға, орманды қалпына келтіруге, ормандарды өрттен және зиянкестердің әсерінен қорғауға, орман қорғауды, құруға дайын жоғары білікті мамандар даярлау талап етілетініне негізделеді. Қазақстан Республикасының орман алқаптарының жағдайын зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу қажеттілігі, қоршаған ортаға және орман экожүйелеріне антропогендік әсердің күшеюімен түсіндіріледі.

Қорғаныш орман өсірудегі орман мелиорациялық және орман шаруашылық жұмыстарының қазіргі қарқыны мен сапасы төмен, олар жиі кешенді емес, фрагменттік сипатта болады. «Қорғаныш орман өсіру» ББ бойынша Қазақстанның орманды дала және дала аймақтарында жоғары білікті кадрларды дайындау мәселелері туындап отыр.

Кәсіби қызмет ету салалары

"Қорғаныш орман өсіру" білім беру бағдарламасы бойынша бітірушілердің кәсіби қызмет саласы:орман шаруашылығы, ұлттық және табиғи саябақтары, қорықтар, көгалдандыру мекемелері, орман орналастыру және жобалау кәсіпорындары, орман питомниктері болып табылады. Кәсіби қызмет пәндері: орман ресурстарын есепке алу және ормандарды қорғау, орман пайдалану, екпе орман құру және отырғызу материалдарын өсіру, елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

Кәсіби құзыреттілігі

білу және түсіну: орманды қалпына келтіру әдіс-тәсілдерін, орман тұрақтылығы және өніміділгін жоғарлату, топырақтарды су және топырақ эрозиясынан алдын-алу үшін орман  өсіру әдістерін және ландшафттық техногенді қайта қалпына келтіру технологиясын білу және түсіну.

істей алу қажет: орманды қорғау іс-шараларын жоспарлау және жобалау, олардың экономикалық және экологиялық тиімділігі мен мақсаттылығын негіздеу; екпе ормандарын, қорғаныш орман екпелерін, ормандарды қамту жобаларын, регламенттерін, орман екпелерін  өндіру, санитарлы-сауықтыру іс-шаралары, өртке қарсы орман учаскелерін жайластыру, орман питомнигін, плантациясын, экологиялық, экономикалық параметрлерді ескере отырып гидромелиорациялық жүйелерді  құру және өсіру  технологияларн енгізу және қадағалау.

меңгеру: қолданыстағы стандарттар бойынша орман материалдарының сапасын бағалау қабілетін меңгеру; орман ресурстары туралы білімдерін ұтымды пайдалануды ұйымдастыру және учаскелерге антропогендік әсерді төмендету бойынша іс-шараларды анықтау үшін пайдалану.

Денсаулық мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін тәжірибеден өту орындарын таңдау, олардың осы білім алушылар үшін қол жетімділігі және денсаулық жағдайы талаптарымен келісіледі.