Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында айтылған тапсырмаларын іске асыру аясында агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Атап айтқанда, аграрлық экспортты дамыту, сондай-ақ ветеринариялық және фитосанитариялық стандарттарды жетілдіру арқылы ауыл шаруашылығы саласын бәсекеге қабілетті деңгейге шығару міндеті қойылды.
Бұл өз кезегінде аталған бағыттар бойынша жоғары білікті мамандарды сапалы даярлауды күшейтуді талап етеді. Жануарлар ғылымы және Ветеринария институты ветеринария, тағам қауіпсіздігі, биотехнология, мал шаруашылығы, аквакультура және биология салалары үшін сұранысқа ие кадрларды даярлауға елеулі үлес қосып келеді. Ветеринария, мал шаруашылығы және биология ғылымдары бағыттары бойынша үш деңгейлі білім беру жүйесі (бакалавриат – магистратура – докторантура) аясында институт жыл сайын үш жүзден астам маман даярлап шығарады.
Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультеті 2009 жылы ветеринариялық медицина факультеті мен технологиялық факультеттің (10.03.2009 ж. №129 бұйрық) бірігуі негізінде құрылды. Аталған факультеттер тиісінше 1972 және 1964 жылдары негізі қаланған. 2025 жылғы 2 қыркүйектен бастап факультет Жануарлар ғылымы және ветеринария институты қайта құрылды.

Институт ұжымы барлық кезең ішінде он мыңнан астам маман даярлады. Олардың көпшілігі мемлекеттік және әкімшілік қызметтерде, аграрлық сектор ұйымдарында елімізде және шетелде табысты еңбек етуде. Бүгінде институт өз бағыты бойынша еліміздегі жетекші оқу орындарының бірі болып табылады.
Институт директорының міндетін атқарушы – PhD, қауымдастырылған профессор Ибраев Дулат Құсайынұлы.
![]() |
![]() |
![]() |
|
ИБРАЕВ ДУЛАТ ҚҰСАЙЫНҰЛЫ Институт директорының академиялық мәселелер жөніндегі орынбасары, PhD, қауымдастырылған профессор Байланыс мәліметтері: Кабинет: 8213 Тел.: +7 (7172) 43-67-44 E-mail: d.ibrayev@kazatu.edu.kz |
АУБАКИРОВА ГҮЛЖАН АМАНЖОЛҚЫЗЫ Институт директорының ғылыми-зерттеу жұмыстары және интернационалдандыру жөніндегі орынбасары, PhD, қауымдастырылған профессор Байланыс мәліметтері: Кабинет: 8112 Тел.: +7 (7172) 43-67-37 E-mail: g.aubakirova@kazatu.edu.kz |
СЕЙДЕНОВА СЫМБАТ ПОЛАТБЕКҚЫЗЫ Институт директорының әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, PhD Байланыс мәліметтері: Кабинет: 2111 Тел.: +7 (7172) 38-39-01 E-mail: s.seydenova@kazatu.edu.kz |
Институт құрамында 2 Білім беру бағдарламалары тобы (БББ) жұмыс істейді:
• Ветеринария БББ
• Мал шаруашылығы және биологиялық ғылымдар БББ



![]() |
![]() |
|
КЕМЕШОВ ЖОМАРТ ОМАРБЕКОВИЧ БББ – Ветеринария жетекшісі Байланыс мәліметтері: Кабинет: 8147 Тел.: +7 701 503 35 79 E-mail: zh.kemeshov@kazatu.edu.kz |
БЕГЕНОВА АЙНАГҮЛ БАЙБОЛСЫНҚЫЗЫ БББ – Мал шаруашылығы және биологиялық ғылымдар жетекшісі Байланыс мәліметтері: Кабинет: 8307 Тел.: +7 (7172) 43-67-52 E-mail: a.begenova@kazatu.edu.kz, Begenova73@mail.ru |
Қазіргі уақытта Институттың профессор-оқытушылар құрамы 116 жоғары білікті маманнан тұрады, оның ішінде 18 профессор, 10 ғылым докторы, 48 ғылым кандидаты, 13 қауымдастырылған профессор және 24 философия докторы (PhD) бар. Ғылыми дәрежелілік деңгейі 77,4 %-ды құрайды.
Сонымен қатар, 26 оқытушы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие және 12 оқытушы сабақтарын ағылшын тілінде жүргізеді. Соңғы үш жылда Институттың алты оқытушысы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантының иегері атанса, бесеуі дарынды ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияға ие болды. Он бес оқытушы «Болашақ» бағдарламасы аясында шетелдік тағылымдамадан өтіп, тәжірибе алмасып, кәсіби біліктілігін арттырды.
Институт профессорлары университеттің дамуына елеулі үлес қосып, ректор қызметін атқарған:
• Әлімжанов Бекен Өкенұлы – 1993-2004 жж.
• Бұлашев Айтбай Қабыкешұлы – 2004-2011 жж.
2021 жылдың үздік ғылыми қызметкері болып С.К. Абдрахманов танылды. 2026 жылы оған ауыл шаруашылығы және ветеринария ғылымдары бағыты бойынша «ҚР Президенті жанындағы ҚР ҰҒА» КеАҚ академигі атағы берілді. Бүгінде С.К. Абдрахманов Басқарма мүшесі университеттің ғылыми-зерттеу қызметі жөніндегі проректоры қызметін атқарады.
Оқу үдерісін қамтамасыз ету, ғылыми жобалар мен бағдарламалар аясында зерттеулер жүргізу, сондай-ақ шаруашылық келісімшарттар бойынша жұмыстарды орындау мақсатында Институтта заманауи талаптарға сай жабдықталған 31 зертхана жұмыс істейді.
2017 жылдан бастап Институтта Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісім, сондай-ақ Қытай ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы, Шыңжаң аграрлық университеті және С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум негізінде құрылған Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі Қазақстан-Қытай бірлескен зертханасы (СКҚБЗ) жұмыс істейді.
Зертхананың қызметі екі ел үшін өзара қызығушылық тудыратын жануарлардың жұқпалы ауруларын зерттеуге және балауға бағытталған. Биологиялық қауіпсіздік деңгейі мен техникалық жабдықталуы жануарлардың аса қауіпті трансшекаралық ауруларының қоздырғыштарын зерттеуге мүмкіндік береді.



Балық шаруашылығы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру, оны дамытудың басым бағыттарын іске асыруға қатысу, профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру және оқу процесін жетілдіру мақсатында, С. Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ Басқарма Төрағасы – Ректоры Қанат Маратұлы Тіреуовтың 2024 жылғы 16 сәуірдегі № 1.8.1-3/145-Н бұйрығына сәйкес, С. Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ-дың 2020–2024 жылдарға арналған даму бағдарламасы, сондай-ақ С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ мен Ческе-Будеёвице қаласындағы Оңтүстік Чехия университеті арасындағы 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 543 ынтымақтастық туралы меморандум негізінде Қазақстан-Чех халықаралық аквакультура ғылыми орталығы құрылды.

Жануарлар ғылымы және ветеринария институтының «Тағам қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасы аясында «Тағам қауіпсіздігі» зертханасын аккредитациялау жұмысы жүргізілуде.
Зертханада азық-түлік өнімдерінің сапасын зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Зерттеу объектілері келесілерді қамтиды:
• шикі сүт;
• шикі майсыз сүт;
• шикі кремдер;
• сүт өнімдері (ішетін сүт, ішетін крем, қаймақ және т.б.);
• балауса ет;
• салқындатылған ет;
• балық және балық өнімдері;
• бал;
• өсімдік өнімдері;
• ауыл шаруашылығы жануарларының азығы.

Институтта профессор Н.Т. Қадыров атындағы паразитология мұражайы бар. Мұражай Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен жиналған гельминттер мен басқа да паразиттік организмдердің ғылыми коллекцияларының ең ірі қорларының бірі, оған мыңнан астам экспонат кіреді.
Мұражай оқу процесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Мұнда студенттер, магистранттар мен докторанттар паразиттік аурулардың қоздырғыштарымен және олар тудыратын патологиялармен егжей-тегжейлі танысады. Коллекцияның негізін 1956 жылдан бастап Н.Т.Қадыровтың жетекшілігімен жүргізілген жинақтар құрайды. Бұл жинақтар ауыл шаруашылығы, аң шаруашылығы, үй жануарлары мен жабайы жануарлардың гельминтофаунасын елдің әртүрлі климатогеографиялық аймақтарында жүйелі түрде зерттеуге бағытталған. Мұражайдың жиі келушілері – мектеп оқушылары, сондай-ақ студенттер, оқытушылар, ғалымдар мен мамандардан тұратын қонақ делегациялары, елімізден және шетелдерден келген меймандар. Мұражай қорын толықтыруға профессор Н.Т. Қадыровтың шәкірттері — С.С. Токпан, Б.К. Ибраев, С.А. Аубакиров, Б.Е. Ақмамбаева, С.Н. Киреева, Л.А.Лидер және басқалары елеулі үлес қосуда.


Институт шеңберінде ұлттық ат спорты секциясы жұмыс атқарады. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетіде ат спорты секциясын ашудың өзіндік маңызды себептері бар. Университетте білім алып жатқан жастар ат спорты секциясында жаттыға отырып, ат баптау ғылымын да терең меңгеруге мүмкіндік алады.
Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Е.Қ. Тасжүреков, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты А.А. Баққожаев, Астана қаласы мәслихатының төрағасы Е.Е. Каналимов, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Ұлттық ат спорты федерациясының президенті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәдібек Түгел, С.Сейфуллиннің туысы А.Р. Әбіш, сондай-ақ университеттің Басқарма төрағасы – ректоры, ҚР ҰҒА академигі Қ.М. Тіреуов бастаған оқу орнының басшылығы қатысты.

«Мал шаруашылығы және биологиялық сабақтас ғылымдар» білім беру бағдарламасында жаңа интерактивті аудитория ашылды. Аудитория Қазақстан жоғары мектебі Ғылым академиясының толық мүшесі (академик), ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Рашит Қазыханұлы Қазыхановтың ғылыми-өндірістік, ұстаздық-педагогикалық және қоғамдық-қайраткерлік қызметіне арналды.


Институттың ғылыми-зерттеу жұмыстарына оқу орындарындағы оқушылар (студенттер, магистранттар, докторанттар) де қатысады. Жыл бойы студенттер арасында ғылыми, шығармашылық және рухани әлеуетті дамытуға арналған іс-шаралар өткізіледі.



Институт әлемнің түрлі елдерінің көптеген университеттерімен және ғылыми ұйымдарымен ынтымақтастық орнатқан. Қазақстан Республикасында 96 кәсіпорын мен ұйым серіктес болып табылады.

Институт студенттері сыртқы академиялық ұтқырлыққа белсене қатысады. 2023-2026 оқу жылында сыртқы академиялық ұтқырлыққа барлығы 46 адам қатысып, ал бізге осы бағдарлама бойынша 17 студент келген.

Жыл сайын институтта бітіруші студенттер үшін «Бос орындар жәрмеңкесі» өткізіледі, оған мемлекеттік және жеке ұйымдардан жұмыс берушілер шақырылады. Студенттермен осы кездесуде кәсіпорын басшылары әңгімелесу өткізіп, еңбек шарттарын жасасады.


Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің 2025 жылғы ұлттық рейтингінде институттың үш білім беру бағдарламасы бірінші орынға, төрт білім беру бағдарламасы екінші орынға ие болды. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2026 жылғы білім беру бағдарламасы рейтингінде институттың үш білім беру бағдарламасы бірінші, екі білім беру бағдарламалары үшінші және төртінші орындарға ие болды. Институт түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіші 92 пайызды құрайды.
Жануарлар ғылымы және ветеринария институтында 2024–2026 жылдар аралығында ғылымның басым бағыттарын дамытуға бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстарының (ҒЗЖ) кешені жүзеге асырылуда.
Ғылыми зерттеулер мал шаруашылығының тиімділігін арттыруға, ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, инновациялық технологияларды енгізуге, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенде сұранысқа ие тәжірибеге бағытталған нәтижелер алуға бағытталған.
|
ҚР БҒМ ГҚ |
|||
|
1 |
AP23488071 Қалмақ тұқымы малы етінің сапасына полиморфты гендердің әсері |
Кажгалиев Нурлыбай Жигербаевич |
Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту |
|
2 |
AP23485881 Жайылымдық мал шаруашылығына арналған паразиттерге қарсы фитобиотиктермен байытылған азықтық дәрілік қоспаларды әзірлеу |
Жанабаев Асылбек Абдрашитович |
Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту |
|
3 |
AP23489183 Құс тұмауының эпидемиологиясы және сандық эпидемиология мен ақпараттық-коммуникативтік технологиялар әдістері негізінде дауалау шараларын құрастыру |
Абдрахманов Сарсенбай Кадырович |
Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту |
|
4 |
AP23489156 Латексті диагностикум әзірлеу үшін Trichinella nativa-ның альтернативті телімді иммунды ақуыздарының гендерін қолдану |
Акибеков Оркен Султанхамитович |
Өмір және денсаулық туралы ғылым |
|
5 |
AP23490406 Қазақстан Республикасындағы құс фабрикаларында кездесетін сальмонеллез штаммдарын молекулалық-генетикалық сипаттау және оларды анықтау үшін жедел тест әзірлеу |
Боровиков Сергей Николаевич |
Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту |
|
6 |
AP23489419 Дегерес қой тұқымының өнімді қасиеттерін жетілдіру үшін еділбай тұқымының генетикалық потенциалын пайдалану |
Бегенова Айнагуль Байболсыновна |
Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту |
|
7 |
AP23487951 Балық өнімділігін арттыруға арналған экструдияланған байытылған жемдерді әзірлеу, оның сапасы мен қауіпсіздігін бағалау |
Адильбеков Жанат Шабанбаевич |
Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту |
|
8 |
AP23489140 Ешкі шаруашылығы өнімдерін өндірудің тиімді тәсілдерін енгізу және инновациялық технологияларын трансферттеу |
Шайкенова Кымбат Хамитовна |
Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту |
|
9 |
АР23484620 Сүттің сапасы мен қауіпсіздігін бағалай отырып, жануарлар маститтерінің алдын алу және емдеу үшін фитогениктер мен фитобиотиктерді әзірлеу және енгізу |
Балджи Юрий Александрович |
Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту |
|
Жас ғалымдардың ГҚ |
|||
|
10 |
AP22783162 Жылқылардағы сальмонелла түсіктерінің қоздырғышының эпидемиологиясы және молекулалық-генетикалық талдауы |
Бакишев Темирлан Гомарович |
Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту |
|
Жас Ғалым |
|||
|
11 |
AP22685499 Пробиотикалық сүт қышқылы бактерияларының экзополисахаридтерін тамақ биотехнологиясында қолдану потенциалы |
Омарова Аккенже Бердихановна |
Өмір және денсаулық туралы ғылым |
|
12 |
AP22683160 Субклинкалық желінсауды алдын алу және сүт сапасын жақсарту үшін пиролиз әдісімен фитогранулалар әзірлеу және өндіру |
Бакишева Жанар Сагидоллаевна |
Өмір және денсаулық туралы ғылым |
|
Халықаралық жобалар |
|||
|
13 |
Жылқылардың жұқпалы анемиясы бойынша Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының (WOAH) анықтамалық зертханасын құру |
Абдрахманов Сарсенбай Кадырович |
Қытай |
|
14 |
Солтүстік Қазақстан жағдайында ауыл шаруашылығы жануарларындағы гельминтозға қарсы Phytobiotics futterzusatzstoffe препараттарының тиімділігі |
Жанабаев Асылбек Абдрашитович |
Германия |
Ғылыми-зерттеу жұмыстары мемлекеттік және салалық басымдықтарға сәйкес, білікті ғылыми кадрларды тарта отырып және заманауи зерттеу әдістерін қолдану арқылы жүзеге асырылуда. Алынған нәтижелер институттың ғылыми әлеуетін нығайтуға және отандық ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.
2024-2025 жылдардағы қызметті қорытындылау шеңберінде профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қоғамдастықтың көрнекті өкілдері атап өтілді.
2024 жылдың қорытындысы бойынша «Үздік оқытушы» атағына ие болды:

Жанабаев Асылбек Абдрашитович
2025 жылы «Үздік оқытушы» атағына ие болды:
![]() |
![]() |
![]() |
|
Булашев Айтбай Кабыкешович |
Байкадамова Гульнара Ахановна |
Шайкенова Кымбат Хамитовна |
Сонымен қатар, конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша 2025 жылғы ? мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері:

Муханбеткалиев Ерсын Ергазыевич
2025 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарламасы аясында келесі оқытушылар іріктеуден және табысты оқуда және оқуды аяқтады:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
|
Джакупов Исатай Тусупович
|
Акибеков Оркен Султанхамитович
|
Кухар Елена Владимировна
|
Рахимжанова Дамегуль Толеугазыевна |
Ускенов Рашит Бахитжанович
|
|
Агрофирма «Родина» ЖШС |
|
«Өскемен құс фабрикасы» АҚ |
|
«КазФХП ҒЗИ» ЖШС |
|
«Қолданбалы биология ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС |
|
«Қазақ тағамтану академиясы» ЖШС |
|
«Қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі қазақ ғылыми-зерттеу институты » ЖШС |
|
Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығы |
|
«Республикалық микроорганизмдер жинағы» РКМ |
|
«А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС |
|
«Зенченко және К» КТ |
|
«Жастық» агрокешені ЖШС |
|
«НИКЖИВ» АҚ |
|
«Асыл - түлік» РЦПЖ АҚ |
|
«Орал» ЖШС |
|
«Анди» ЖШС |
|
«Ақнар ПФ» ЖШС |
|
«СХП Новобратское» ЖШС |
|
«SK Food» ЖШС |
|
«Қадам НС» ЖШС |
|
«Жақсылық Агро» ЖШС |
|
«Елім Табантал» ЖШС |
|
«Қарағанды Құс» ЖШС |
|
«Көгер ЛТД» ЖШС |
|
«Майқұдық құс фабрикасы» ЖШС |
|
«АгроБұлақ» ЖШС |
|
Агрофирма «Ақжар Өндіріс» ЖШС |
|
«Қазақ тұлпары» ЖШС |
|
«Еңбек» ЖШС |
|
«Агрофирма Поиск» ЖШС |
|
«Астана миакро» ЖШС |
|
«Ордабасы құс» ЖШС |
|
«АКА» ЖШС |
|
«Ижевский» ӨК |
|
«Астана - Өнім» АҚ |
|
«Capital Prodjects Ltd» ЖШС |
|
«Батай Шу» ЖШС |
|
«Алтын Дан» ЖШС |
|
«ДОНИ LTD» ЖШС |
|
«Қазгер Құс» ЖШС |
|
«Бескөл құс фабрикасы» ЖШС |
|
«Аgro Export LTD» ЖШС |
|
«Нұр Жайсау НС» ЖШС |
|
«Агроинтерқұс» ЖШС |
|
«СевКазНИИЖиР» ЖШС |
|
«Шынтас-Ата» ЖШС |
|
«Сары-Арқа-Нан» ЖШС |
|
«Шымкент құс» ЖШС |
|
«Оңтүстік-Батыс мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС |
|
«Бастау» ЖШС |
|
«Агрофирма Dinara-Rash » ЖШС |
|
«Сүт Жағасы» ЖШС |
|
«Мяском» ЖШС |
|
«Партизанское» ЖШС |
|
«Республикалық Герефорт палатасы» ОО |
|
«Подгорное» ЖШС |
Идрисова Асем – 6В08401 «Аквакультура және су биоресурстары» білім беру бағдарламасының, 02-080-23-15 тобының білім алушысы 2024–2025 оқу жылында Оңтүстік Чехия университетінде (Ческе-Будейовице қ.) 11.09.2024–15.02.2025 аралығында бір академиялық кезең бойы білім алды (19.09.2024 ж. №1.5.2-3/1578-Б).
Сыртқы академиялық ұтқырлық аясында бір семестрге Краков ауыл шаруашылығы университетіне 6В05102 «Биотехнология» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Ельгундинова А.Е.
01.10.2023–25.02.2024 аралығында жіберілді (06.10.2023 ж. №1523-Б).
2024–2025 оқу жылының 2-семестрінде 6В08201 «Мал шаруашылығы» білім беру бағдарламасы бойынша ҚХР, Янлинь қаласындағы Солтүстік-Батыс орман және ауыл шаруашылығы университетінен 4-курс студенттері қабылданды:Zhang Yue, Zhao Ziyi, Yan Tianshuo, Yu Shumin (20.03.2025 ж. №1.5.2-3/432-Б).
2024–2025 оқу жылының 2-семестрінде ішкі академиялық ұтқырлық бойынша 6В05102 «Биотехнология» білім беру бағдарламасына Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университеттен 3-курс студенттері қабылданды:Сейсенғазинова А.Т., Әділбекова А.Қ., Талапғалиева А.Т.(24.01.2025 ж. №1.5.2-3/227-Б).
2024–2025 оқу жылының 2-семестрінде ішкі академиялық ұтқырлық бойынша 6В05103 «Биология» білім беру бағдарламасына Торайғыров университетінен 2-курс студенті Қылышбай Д.Ж. қабылданды (24.01.2025 ж. №1.5.2-3/227-Б бұйрық).
2022–2023 оқу жылында ішкі академиялық ұтқырлық аясында
6В05102 «Биотехнология» білім беру бағдарламасына ҚазҰАУ-дың 2-курс студенті Нұртаза Д.Н. қабылданды (11.01.2023 ж. №38-Б бұйрық).
2024–2025 оқу жылының 2-семестрінде сыртқы академиялық ұтқырлық аясында Қырғызстан Республикасы, Бішкек қаласындағы Скрябин атындағы Қырғыз ұлттық зерттеу университетінен
6В08401 «Аквакультура және су биоресурстары» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері білім алды:
Айтымбетова Дильнур, Курманбеков Али, Мусаева Рузана, Туратбекуулу Нурхан, Эмилисов Доолотказы (11.04.2025 ж. №1.5.2-3/507-Б).
2024–2025 оқу жылының 2-семестрінде сыртқы академиялық ұтқырлық аясында Қырғызстан Республикасы, Бішкек қаласындағы Скрябин атындағы Қырғыз ұлттық зерттеу университетінен
6В08201 «Мал шаруашылығы» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері білім алды: Сыдыкова Ш., Мамажанов А., Давлетова А.
Шығыс академиялық ұтқырлық::
1) Лукьянина Виолетта Сергеевна, Ресей, Екатеринбург қаласындағы Орал мемлекеттік аграрлық университеті (31.01.2023 ж. №156-Б бұйрық);
2)Арыстанова Айдана, Эстония, Ауыл шаруашылығы университеті (06.02.2025 ж. №1.5.2-3/306-Б бұйрық).
Кіріс академиялық ұтқырлық:
Қытай Халық Республикасының Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университетінен 6В09102 «Азық-түлік қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасы бойынша студенттер: Yan Tianshuo, Yu Shumin
(20.03.2025 ж. №1.5.2-3/432-Б бұйрық).
6В08202 «Ауыл шаруашылығы жануарларын селекциялау және көбейту» білім беру бағдарламасы бойынша академиялық ұтқырлық аясында Қытай Халық Республикасының Янлинь қаласындағы Солтүстік-Батыс орман және ауыл шаруашылығы университетінен магистрлер білім алды: Shen Shouzheng, Han Zhongiun, Chen Yougrui
(19.03.2025 ж. №1.5.2-4/191-М/Д бұйрық).
Сыртқы академиялық ұтқырлық (екі дипломдық «Абай-Верн» бағдарламасы бойынша, 1 жыл) аясында 7М05102 «Өсімдіктер биотехнологиясы» білім беру бағдарламасының 2-курс магистрі Зейнуллин Мурат Франция, «Ecole Nationale Supérieure d’Agronomie et Industries Alimentaires (ENSAIA)» университетінде 01.09.2024–30.06.2024 аралығында білім алды (15.02.2024 ж. №1.5.2-4/120-М/Д бұйрық).
Тилепова А.К., 3-курс докторант, Эстония, Тарту қаласындағы Эстон табиғаттану ғылыми университетінде, 05.09.2023–06.10.2023 аралығында (06.09.2023 ж. №325-Н бұйрық).
Каменов М.Т., 2-курс докторант, Ресей, Екатеринбург қаласындағы Орал мемлекеттік аграрлық университетінде, 13.02.2023–15.03.2023 аралығында (09.02.2023 ж. №59-Н бұйрық).
Исмаилова А.Ж., 3-курс докторант, Ресей, Екатеринбург қаласындағы Орал мемлекеттік аграрлық университетінде, 13.02.2023–15.03.2023 аралығында (09.02.2023 ж. №58-Н бұйрық).
Аккаир Б.Ж., 3-курс докторант, Түркия, Қайсері қаласындағы Эрджиес университетінде, 11.01.2023–11.02.2023 аралығында (29.12.2023 ж. №480-Н бұйрық).
Еңсебек Т.Д., 2-курс докторант, Түркия, Қайсері қаласындағы Эрджиес университетінде, 12.12.2023–18.01.2023 аралығында (05.12.2023 ж. №435-Н бұйрық).
Докторант Абенова А.Ж., Қытай Халық Республикасы, Харбин ғылыми-зерттеу ветеринарлық институтында, 02.04–04.05.2023 аралығында (11.05.2023 ж. №152-Н бұйрық).
Докторант Уахит Р.С., Германия, Берлин қаласындағы Федералдық тәуекелдерді бағалау институтында, 03.06–03.07.2023 аралығында;
Докторант Жахина А.А., Ресей, Саратов қаласындағы РАН Саратов ғылыми орталығында, 23.04–24.05.2023 аралығында (11.05.2023 ж. №151-Н бұйрық).
Магистр 1-курс студенті Ғазимжанов Ерлан Ерболұлы, 7М09101 «Ветеринариялық медицина» білім беру бағдарламасы бойынша (23.12.2025 ж. №79-М бұйрық).
DEULA-Nienburg бағдарламасы, Германия бойынша 6В05103 «Биология» білім беру бағдарламасының студенттері білім алды:
Хамитхан М.З., Курманова Арина А., Курмангалиева К.С., 12.05.2025–30.09.2025 аралығында (18.04.2025 ж. №1.5.23/529-Б бұйрық).
LOGO e.V. бағдарламасы бойынша 6В08201 «Мал шаруашылығы» білім беру бағдарламасының студенттері білім алды: Бекенгалиева М.Б., Абждыкова А.Е., Акылкосарова А.Е., Аманғазықызы А., 26.04.2025–25.10.2025
Аралығында (18.04.2025 ж. №1.5.23/529-Б бұйрық).
Германияда өндірістік тәжірибеден өтті:
Ашимов Олжас, Дюсенбина Мадина – Германия, LOGO e.V., 28.04–27.10.2023 (28.04.2023 ж. №546-Б бұйрық).
Тыныштық Інжу Серікбайқызы, Заирова Гүлдана Еркінқызы – Германия, DEULA-Nienburg, 15.05–30.09.2023 (28.04.2023 ж. №546-Б бұйрық).
Райымбек Адас Сәбитқызы, Дулатаева Наргиз Артуровна – Германия, LOGO e.V., 28.04–28.10.2025 (28.04.2025 ж. №1.5.2-3/529-Б бұйрық).
Консбаева Ардак Сәкеновна, Постникова Галина Николаевна, Руслан Әділ Расулұлы – Германия, DEULA-Nienburg, 12.05–30.09.2025 (28.04.2025 ж. №1.5.2-3/529-Б бұйрық).
Факультет деканы: Акібеков Өркен Сұлтанхамитұлы
Телефон: +7 (7172) 436-867; e-mail: orken.a.s@mail.ru
Академиялық жұмыс жөніндегі декан орынбасары: Мұсабеков Айдос Түменбайұлы
Телефон: +7 (7172) 436-861; e-mail: doc-1982@mail.ru
Тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары: Сейденова Сымбат Полатбекқызы
Телефон: +7 (7172) 383-901; e-mail:Simbat.s@mail.ru