Басты бет / Факультеттер және кафедралар / Дене тәрбиесі кафедрасы
Дене тәрбиесі кафедрасы

Дене тәрбиесі кафедрасы

 

Дене тәрбиесі кафедрасы 1958 жылы құрылған. Алғашқы меңгерушісі тәжірибелі ұстаз В.И.Дюгаев болды. Кафедра штаты ол кезде 5 адамнан тұрды. Одан кейінгі жылдары кафедраны В.С.Сергеев, Ф.Н.Щелкова, КСРО спорт шебері, педагогика ғылымдарының кандидаты М.Г.Мосиенко, Қазақ КСРО еңбегі сіңген жаттықтырушы Ф.Т.Хван басқарды. 1995 жылдан бүгінгі күнге дейін кафедраға доцент А.С.Шкурков жетекшілік етеді.
Кафедрада жоғары білікті оқытушылар ұжымы қалыптасқан, ол оқу үдерісін жоғары сапада қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Кафедраның ғылыми және тәрбиелік әлеуетін қалыптастыруда жоғары білікті оқытушылар, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы Петров И.Ф., Шмидт А.А., Шейна Н.С., Гантанов В.П., Косулина Л.И., Щербакова Л.Н., Кузнецов В.Г., Матвиевская Л.Е., Еремин А.М., Федорова О.Г., Закирова А.Б., Гагауз В.В. т.б. үлестері ерекше.

Оқу сабақтары агрономия факультетінің спорт залында жүргізілді. Сол жерде баскетбол, волейбол, ауыр атлетика, классикалық күрес түрлерінен студенттер арасынан іріктелген құрама командалар жаттықтырылды. Кафедраның материалдық базасының нығаюына 1966 жылы зоотехния факультетінің қолданысқа берілген спорт залы әсер етті. 1976 жылы бас ғимарат құрылысы аяқталғаннан соң, кафедра иелігіне жалпы ауданы 648 ш.м. болатын, шешінетін, жуынатын орындары, басқа да қызметтік жайлары бар спорт блогы берілді. Спорт блогынының құрылысы мен безендірілуіне кафедра оқытушылары мен студенттер белсене қатысты.
1963-1982 жылдар аралығында кафедра қарамағында Нұра өзенінің жағасында орналасқан студенттік спорттық-сауықтыру лагері болды. Лагерге арнайы медициналық топ студенттері мен спортшы студенттер жазғы сессия және каникул кезінде жіберіліп тұрды.
2006 жылы «Сарыарқа» спорт кешенін іске қосудан бастап түрлі деңгейде жоғары нәтиже көрсете алатын жоғары класты спортшылар даярлауға жаңа мүмкіндіктер ашылды. Сонымен бірге салауатты өмір салтын ұстанған оқытушылардың спортпен айналысуына жағдай туды.
Қазіргі таңда кафедра күндізгі оқу бөлімінің 1-2 курс студенттеріне «Дене тәрбиесі» пәнінен сабақ береді.
Кафедрада барлығы 17 оқытушы, оның ішінде 2 доцент, 10 аға оқытушы, 5 ассистент жұмыс істейді. Кафедра оқытушыларының орташа жасы – 50 жас.
Кафедрада педагогикалық деңгейді арттыру мақсатында өзара сабаққа қатысу кестесі жасалған, дене тәрбиесі мен спорт саласының өзекті мәселелері бойынша әдістемелік семинар жұмыс істейді. Оқытушылар Қазақстан Республикасының түрлі аймақтарына, алыс және шетелдерге жарыстарға барып, педагогикалық тәжірибе алмасады.
Кафедрада түрлі деңгейдегі сайыстарда жоғары нәтиже көрсетуге қабілетті спортшылар мен командалар даярлауға көп көңіл бөлінеді.

Аталған кафедра меңгерушісі  Сатбаев Е.К.








Кафедра тарихы

Дене шынықтыру кафедрасы 1958 жылы ұйымдастырылған. Кафедраның тұңғыш меңгерушісі тәжірибелі педагог В.И.  Дюгаев болды, олар бес адамнан тұрды. Кафедраны әрі қарай Сергеев В.С., Шелковой Ф.Н., КСРО спорт шебері, педагогика ғылымы кандидаты Мосиенко М.Г., Қазақ ССР еңбегі сіңген бапкері Хван Ф.Т. басқарды. Қазір кафедраны Қазақстанға еңбегі сіңген бапкер, дене тәрбиесі мен спорт құрметті қызметкері, доцент А.С. Шкурков басшылық етеді.
Оқу кезеңінің алғашқы жылдары дәрістер "Агрономия" факультетінің спорт залында өтті.  Сонда баскетболдан, волейболдан, ауыр атлетика мен классикалық күрестен дайындықтар жүргізілді.  1966 жылы "Зоотехника" факультетінің спорт залы іске қосылды. 1976 жылы құрылыстың бас ғимараты бітіп,  кафедра көлемі 648 шаршы м. ойын залын, (киімілгішімен, жуынатын  орнымен) алды.

Спортзалдың құрылысына және жабдықталуына университеттің оқытушылары мен студенттері белсенді қатысты.

 1963 жылдан 1982 жылға дейін университет Нұра өзені жағасындағы көрікті табиғат аясында орналасқан спорттық-сауықтыру лагеріне ие еді. Жазғы емтихан кезеңінде және каникулда лагерьге медицина тобы мен студент-спортшылар денсаулықтарын нығайтуға әрі спорттық шеберліктерін арттыруға жіберілетін.  2006 жылы «Сарыарқа» стадионы территориясында жаңа спорт кешені құрылысының енгізілуімен әр түрлі деңгейдегі жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетуіне қабілетті жоғары класты спортшыларды дайындаудың жаңа мүмкіндігі туды.

Кафедраның қалыптасуы мен ғылыми және тәрбиелеу әлеуетін дамытуына  кафедраның тәжірибелі оқытушылары үлкен үлес қосты: Қазақстан Республикасы еңбек сіңірген бапкері Петров И.Ф., доценттер Гагауз В.В,  Шмидт А.А., Шейна Н.С., Гантанов В.П., Косулина Л.И., Щербакова Л.Н., Кузнецов В.Г., Матвиевская Л.Е., Еремин А.М., Закирова А.Б., Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген бапкер Абдахин С.Н.. 1983 жылы кафедра жетекшісі Мосиенко М.Г. «Ауылшаруашылығы механизаторлары еңбегінің өнімділігін арттыру үшін дене тәрбиесі құралдарын пайдалану» атты кандидаттық  диссертациясын қорғады.
Қазіргі уақытта кафедрада 17 оқытушы жұмыс істейді: 2 педагогика ғылымы кандидаты, 2 доцент, 1 магистр, 10 аға оқытушы,  4 ассистент.

Бүгін кафедра қызметінің стратегиялық бағытының бірі оқу үдерісінің ажырамас бөлігі және білім беру сапасын арттыру үшін ең маңызды шарты ретінде ғылыми-зерттеушілік жұмыс болып табылады. Кафедраның ғылыми жұмысы мен  инновациялық қызметі өзіне мынадай бағытты қосады: дене шынықтыру ерекшеліктері мен спорттық жаттығулар, сауықтыру мен бейімделу дене шынықтыруы; әдістемелерді әзірлеу мен дене шынықтыру сабақтарын басқару бойынша  компьютерлік бағдарламалар және студенттік жастар спорты. Кафедраның барлық оқытушылары «Дене шынықтыруды жоғары оқу орындарын- оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбы бойынша ғылыми жұмыстың  әзірлемесіне қатысты. Мұнымен бір уақытта кафедрада түрлі салаларда және соның айналасында алдында тұрған мәселелерді шешуге қабілетті мамандарды даярлаудың толық жүйесі мен ажырамас бөлігі болып табылатын студенттердің ғылыми жұмысына көп көңіл бөледі.

Кафедраның ғылыми-зерттеушілік қорытындысы Қазақстан Республикасы териториясында өткізілетін республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына жылда оқытушыларының қатысуы болып табылады.

Кафедрада педагогикалық деңгейді арттыру мақсатымен сабақтарға өзара қатысу ұйымдастырылған, денешынықтыру мен спорт айналасында өзекті мәселе бойынша әдістемелік семинар жұмыс істейді. Оқытушылар тәжірибе алмасу мүмкіндігі бар Қазақстан Республикасының әр түрлі аймақтарына, таяу және алыс шетелдерге шығып тұрады. 
Университет студенттерді  сабақтарға жүйелі тарту мақсатымен кафедра мен спорт клубы спорттық-көпшілік  және сауықтыру шараларын ұйымдастыруда, салауатты өмір салтын қамтамасыз етуде үлкен жұмыс атқаруда. Сонымен бірге 400-ге жуық студент-спортшы спорттық шеберліктерін арттыратын 18 спорт түрі секциясы ұйымдастырылған. Баскетбол, волейбол, қазақша күрес,  гир спорты, армрестлинг және басқалары кең танымал болып табылады.

Кафедра мен спорт клубы жыл сайын бірінші курстықтар, факультеттер, оқытушылар мен қызметкерлер арасында Спартакиада өткізеді. Бұған мыңдаған адам қатысады.

Соңғы жылдары кафедра оқытушылары және спорт клубы бапкерлері 3 еңбегі сіңген спорт шебері, 15 халықаралық дәрежедегі спорт шеберін дайындады, олар: ЕСШ- Елеусинов Данияр (бокс), ЕСШ- Акшалов Мерей (бокс), ЕСШ- Асаинов Марат (армрестлинг), МСМК- Сулейменов Ильяс (бокс), МСМК- Кожабеков Ильяс (бокс), МСМК- Абдахин Серик (гир спорты), МСМК- Величко Алексей (гир спорты), МСМК- Гильмутдинов Ренат (гир спорты), МСМК- Ашимов Адильбек (гир спорты), МСМК- Осканов Эскархан (белбеу-тартыс), МСМК- Зекенов Алибек (белбеу-тартыс), МСМК- Кулманбетов Айдос (белбеу-тартыс), МСМК- Кожабаев Талгат (самбо күрес), МСМК- Исраилова Карлыгаш (армрестлинг), МСМК- Ленков Николай (армрестлинг), МСМК- Уманский Денис (армрестлинг), МСМК- Табарина Анастасия (армрестлинг), МСМК- Васильев Денис (армрестлинг)  және  60-тан астам спорт шебері.

Баскетболдан ерлер командасы 2004 жылдан 2010 жылға дейін және әйелдер командасы 2006 жылдан 2010 жылға дейін Қазақстан Республикасы чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері болды.

Студенттік өмір

Университетіміздің студенттері жоғарғы деңгейдегі халықаралық турнирлерге қатысып, төмендегідей нәтижелерге қол жеткізді:

2016 жылдың 25–30 маусым аралығында Туркменстанның Ашхабад қаласында белбеу күресінен өткен Азия чемпионатында жерге орналастыру факультетінің 3 курс студенті Нұртас Саятов 62 кг салмақ дәрежесінде қола медальді жеңіп алды.

2016 жылдың 21–27 тамыз аралығында Венгрияның Секешфехервар қаласында шағын футболдан әуесқой командалар арасында Европа чемпионаты болып өтті. Барлығы 32 құрама команда қатысқан турнирде техникалық факультеттің 2 курс студенті Амангелді Дюсембаев Қазақстан құрама командасының сапында чемпионаттың алтын медалін жеңіп алды.

2016 жылдың 3–8 қыркүйек аралығында Қырғыстанның Шолпан Ата қаласында өткен 2-ші Дүниезжүзілік көшпенділер ойындарында агрономия факультетінің 1 курс студенті Дидар Сатбаев белбеу күресінен 60 кг салмақ дәрежесінде алтын медальді жеңіп алды.

2016 жылдың 27–30 қазан аралығында Ресейдің Набережные Челны қаласында белбеу күресінен 14-ші және гуреш күресінен 3-ші Әлем чемпионаттары болып өтті. Осы чемпионатта агрономия факультетінің 1 курс студенті Дидар Сатбаев белбеу күресінен 62 кг салмақ дәрежесінде қола медальді жеңіп алды. Агрономия факультетінің 3 курс студенті Берікбол Мұратхан гуреш күресінен 57 кг салмақ дәрежесінде қола медальді жеңіп алды.

2016 жылдың 22 қазанында Алматы қаласында Бразилиялық джиу-джитсудан өткен халықаралық турнирде техникалық факультеттің 3 курс студенті Ислам Мамилов 70 кг салмақ дәрежесінде алтын медальді жеңіп алды.

2017 жылдың 5-11 маусым аралығында Қырғыстанның Шолпан Ата қаласында өткен қол күресінен Азия чемпионатында  техникалық факультеттің 4 курс студенті Әлібек Қалмахан 80 кг салмақ дәрежесінде жастар арасында 2-орынды иеленді. Сонымен қатар, осы жарыста ВжМШТ факультетінің 4 курс студенті Абылайхан Әди 90 кг салмақ дәрежесінде ересектер арасында 3-орынды иеленді.     

2017 жылдың 22-24 шілде аралығында Астана қаласының «Дәулет» спорт кешенінде Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған белбеу күресінен өткен XV-ші Әлем чемпионатында спортшы студенттеріміз үлкен жетістіктерге қол жеткізді: 1) Агрономия факультетінің 2 курс студенті Сәтбаев Дидар 57 кг салмақ дәрежесінде еркін стильде алтын медальді жеңіп алып, Әлем чемпионы атағына қол жеткізді, сонымен қатар «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағын иеленді; 2) Агрономия факультетінің 4 курс студенті Мұратхан Берікбол 57 кг салмақ дәрежесінде классикалық стильде алтын медальді иеленіп, Әлем чемпионы атанды, сонымен қатар «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағын иеленді; 3) 90 кг салмақ дәрежесінде агрономия факультетінің 4 курс студенті Шаймерден Біржан күміс медальді жеңіп алды, сонымен қатар «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағын иеленді; 4) 75 кг салмақ дәрежесінде техникалық факультеттің 2 курс студенті Төлеухан Ақжол қола медаль иегері атанды, сонымен қатар «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағын иеленді; 5) Аталмыш біріншілікке студенттерімізді дайындаған дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі Сәтбаев Ерлан Қабдоллаұлы «Қазақстан Республикасының Еңбегі сіңген жаттықтырушысы» атағына ие болды.

2017 жылдың 2 – 11 қазан аралығында аралығында Венгрияның Будапешт қаласында кикбоксингтен өткен Әлем чемпионатында магистратураның 1 курс студенті Шахбан Ерлан 54 кг салмақ дәрежесінде 2-орынды иеленіп, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын иеленді. Сонымен қатар, Ерлан 2018 жылдың 14-18 маусым аралығында Италияның Римини қаласында өткен Әлем Кубогында қола медальді иеленді.

2018 жылдың 26-27 қаңтар аралығында Украинаның Одесса қаласында киокушинкай-каратэ бойынша өткен Әлем чемпионатында техникалық факультеттің 1 курс студенті Жәнібек Темірлан 65 кг салмақ дәрежесінде алтын медальді жеңіп алды.

2018 жылдың 3 – 7 қыркүйек аралығында Қырғызстанның Шолпан Ата қаласында өткен 3-Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында келесі студенттеріміз белбеу күресінен жоғарғы жетістіктерге қол жеткізді: КЖжКББ факультетінің 1 курс студенті Дюсембаева Ұлжан 60 кг салмақ дәрежесінде қола медальді жеңіп алды. Агрономия мамандығының 1 курс магистранты Мұратхан Берікбол 65 кг салмақ дәрежесінде қола медальді жеңіп алды.

2018 жылдың 25-27 қарашасы аралығында Ресейдің Қазан қаласында өткен белбеу күресінен Әлем чемпионатында агрономия факультетінің 3 курс студенті Сәтбаев Дидар 57 кг салмақ дәрежесінде күміс медальді жеңіп алды.

2018 жылдың 19-21 желтоқсаны аралығында Астана қаласында өткен белбеу күресінен жастар арасындағы Әлем чемпионатында КЖжКББ факультетінің 1 курс студенті Дюсембаева Ұлжан 66 кг салмақ дәрежесінде алтын медальді жеңіп алып, Әлем чемпионы атанды.       

2019 жылдың 3 – 5 қыркүйегінде Оңтүстік Кореяның Чунь-Джоу қаласында өткен белбеу күресінен Дүниежүзілік жауынгерлік ойындарында компьютерлік жүйелер мен кәсіптік білім беру факультетінің 2 курс студенті Дүйсенбаева Ұлжан 66 кгсалмақ дәрежесінде алтын медальді жеңіп алды.    

Агрономия факультетінің 4 курс студенті Сатбаев Дидар 2019 жылдың 1 – 2 қараша аралығында Ресейдің Қазан қаласында өткен Әлем чемпионатының күміс медалін жеңіп алды.

2019 жылдың 20 – 21 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өткен қазақ күресінен Әлем чемпионатында экономикалық факультеттің 1 курс студенті Әбенова Толғанай 60 кг салмақ дәрежесінде қола медальді иеленді.

2020 жылдың 19 – 20 қаңтар аралығында Иран астанасы Тегеран қаласында өткен Иран күресінен өткен 3-ші Әлем чемпионатында агрономия факультетінің 2 курс магистранты Шаймерден Біржан 90 кг салмақ дәрежесінде алтын медальді жеңіп алды.

Байланыстар

Сатбаев Ерлан Қабдуллаұлы - кафедра меңгерушісі

Байланыс.тел.: 8-701-158-26-96

Е-mail: belbeu-kures.kz@mail.ru

Корпоративтік пошта почта:  physical-education@kazatu.kz

Қабылдау уақыты: бейсенбі 15.00 – 18.00

Құжаттар
2020-2021 оқу жылында«С. Сейфуллинатындағы ҚазАТУ» КеАҚ спортшыларының жарысқа қатысуы бойынша ЕСЕП