«Физика және химия» кафедрасының тарихы 1958 жылы Ақмола ауыл шаруашылығы институты құрылып, онда «Химия», «Жалпы физика және математика» кафедралары ашылды.
Кафедрада химия және физика пәндері агрономиялық, техникалық, энергетикалық, ветеринарлық және жерге орналастыру факультеттерінде оқытылады. Соның ішінде «Биотехнология», «Аграрлық техника және технологиялар», «Азық түлік өнімдері технологиясы» мамандықтарында үш тілді бағдарлама бойынша білім алатын топтарда химия пәндері ағылшын тілінде жүргізіледі.
Кафедраның ғылыми дәрежесі бүгінде 59%. Жалпы оқытушы саны – 17, ғылым кандидаты – 9, PhD докторы-1, ғылым магистрлері – 7.
Кафедра меңгерушісі х.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ибатаев Жарқын Әбікенұлы.
Кафедрада біліктілігі жоғары мамандар: «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Университеттің құрметті қызметкері», «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2011» ф-м.ғ.к., доцент Ж.Қ. Әбелдина, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2018» МОН РК, х.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ибатаев Ж.А. және Ы.Алтынсарин атындағы кеуде белгісінің иегері п.ғ.к., доцент Э.Ж. Әлімқұлова еңбек етеді.
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы біліктілікті жетілдіру бағытында ұдайы жұмыс жасайды, ол жақын және алыс шет елдердің жоғары оқу орындарында жүзеге асырылады (Ресей, Германия, Түркия, Грузия, Жапония). Біліктілігін көтерді және тағылымдамадан өтті:
- профессор міндетін атқарушы Ж.Қ. Әбелдина - М.В. Ломоносов атындағы ММУ (2012, Ресей), Прага университетінде (2014, Чехия), Шихэцзы университетінде (2012, Қытай), Жекеменшік кәсіптік білім беру мекемесі «ЦПДО Лань» (2021, Ресей);
- көп тілді оқыту бағдарламасы аясында профессор м.а. Ж.Қ. Әбелдина, доцент Э.Ж.Әлімқұлова (2012, Түркия);
- доцент С.Ж. Құдайбергенова, аға оқытушылар Н.А. Мұханбетова және Г.К. Райсова ҚР БжҒМ «Өрлеу» «Біліктілікті аттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы ұйымдастыруымен «ISEL» институтында (2014, Португалия);
- қауымдастырылған профессор Ж.Ә. Ибатаев Гифу фармацевтикалық университетінде (2017, Жапония);
- аға оқытушы Г.Ш. Әбілдина АҚШ-тың East Lansing қаласындағы Мичиган мемлекеттік университетінің Садоводства факультетінде халықаралық «Болашақ» стипендиясы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті (2018, АҚШ).
Кафедрада физика бойынша 2, химия бойынша 3 оқу зертханалары, 1 виртуальды зертхана және компьютерлік класс бар.
Кафедра ғалымдары Ж. Ибатаев, Г. Нұрғазина, Г. Әбілдинаның жетекшілігімен өсімдіктерінің (қайың, шырша тұқымдас ағаш, базелик) химиялық құрамы мен биологиялық белсенділігін зерттеу және ветеринариялық медицина мен медицинаға арналған жаңа биотехнологиялық өнімдерді жасау; Тиімділігі жоғары пестицид дәрілерін жасау және өндіріске еңгізу; Аграрлық сектор үшін өсімдік және химиялық шикізат негізінде жаңа биологиялық белсенді препараттарды жасау бағытында ғылыми жұмыстармен айналысып келеді.
Кафедрада қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстары келесі тақырыптары бойынша жүргізіледі:
«Ақмола ауыл шаруашылығы институты 1958 жылы 12 наурызда Кеңес Одағының Министрлер Кеңесінің № 241 бұйрығы, №1176 өкімімен ашылды.
«Химия», «Жалпы физика және математика» кафедрасы институтта алғашқы құрылған кафедралардың бірі болды. «Жалпы физика және математика» кафедрасының құрылуына Н. Уфальман, А.П. Салмина, И.Д. Брудин, Л.Н. Кучеринская, И.М. Кирова, М. Лоецкий тәрізді оқытушылар көп еңбек сіңірді.
1961 жылы «Физика» кафедрасы «Жоғары математика» кафедрасынан бөлініп доцент Н.И. Гандрабура, кейіннен т.ғ.к. И.Д. Брудин (1965-1970 жж.) басқарды. Физика пәні ауыл шаруашылығын механикаландыру, жерге орналастыру, агрономиялық, экономикалық және зоотехниялық факультеттері студенттерінде жүргізілді.
1970 жылдан 1981 жылға дейін «Физика» кафедрасын Л.Н. Кучеринская басқарды. Сол кезде А.В.Блощинская, И.М.Кирова, Е.М. Бисалиева,К.А. Кошербаев, Ж.К. Нурмухаметова, А.К. Пяхина тәрізді тәжірибелі оқытушылар, кейіннен Л.А. Мясникова, Е.Ю. Сургутсков, И.К. Сургутскова, А.Л. Малецкая, К.А. Омаркулов, Б.Т. Акпенова, Р.А. Рамазанова, В.Ф. Задонцев т.б. жас оқытушылармен толықтырылды.
1982 жылдан 2000 жылға дейін аздаған үзіліспен физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.Қ.Әбелдина басқарды.
1963 жыл 1990 жыл
«Химия» кафедрасына алғаш х.ғ.к. А.И. Лазарев (1957-1963 жж.) жетекшілік жасады.
1963-1964 жж. Кафедра меңгерушісі қызметін Т.М. Балкова (1963 ж.) атқарды.
1964- 1967 жж. «Жалпы химия», ал 1967-1993 жж. «Бейорганикалық және аналитикалық химия» кафедрасы болып құрылды.
1964 жылы кафедра органикалық және биологиялық химия, Жалпы химия болып қайта құрылды. Жалпы химия кафедрасы 1967 жылы бейорганикалық және аналитикалық химия болып қайта құрылды. Әр жылдары кафедраны Д.Ф. Епифанова, С.А. Гнетий, Л.В. Ванаева, К.Т. Вершинина басқарды.
Биоорганикалық химия кафедрасы зоотехникалық факультетке қарасты болды. Кафедраны А.Сергеев (1968-1973 жж.), Геращенко (1974-1978 жж.), И.И. Ребрикова (1979-1996 жж.) басқарды.
1997 жылы жалпы химия және биохимия кафедрасы, кейіннен 1998 жылы 30 маусымдағы №114 бұйрық бойынша «Физика» және «Химия» кафедралары «Физика және химия» кафедрасы болып қайта құрылды.
2000-2008 жылдары аралығында кафедраны х.ғ.к., доцент Ә.К.Мұқашева басқарды.
Мустафина Зинаида Адамбаевна
2008-2021 жылдары аралығында п.ғ.к., доцент Эльмира Жұмабайқызы Әлімқұлова басқарды.
Бүгінгі күні кафедраны х.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ибатаев Жарқын Әбікенұлы басқарады.
010011, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ, Ы.Алтынсарин көшесі, 2, Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультеті, 2309 кабинет
тел.:+7(7172)38-96-46,
Е-mail: physics-chemistry@kazatu.kz
Жаратылыстану бағытындағы физика және химия кафедралары 1957 жылы Ақмола ауылшаруашылығы институты ашылғанда алғашқы кафедралардың бірі болып құрылған.
Химия кафедрасы 1998 жылы физика кафедрасымен біріктіріліп бас ғимараттан биологиялық факультет ғимаратына көшіріліп, «Физика және химия» кафедрасы деп аталып, оны ф-м.ғ.к., доцент Абелдина Жайдары Қалтайқызы, 2000-2008 жылдары х.ғ.к., доцент Мұқашева Әлия Кежебекқызы басқарды. 2008 жылдан бастап кафедраға п.ғ.к., доцент Әлімқұлова Эльмира Жұмабайқызы жетекшілік жасап келеді.
Кафедра 60 жылдан астам уақыт ішінде көптеген белестерден өтті. Ел экономикасының түрлі салалары үшін көптеген жоғары білікті мамандар даярлауға қосқан үлесі зор.
Кафедраның негізгі мақсаты халық шаруашылығының түрлі салаларына қажетті бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау және білім беру сапасын арттыру. Осы ретте физика және химия кафедрасы оқу үрдісін жетілдіруге, оқытудың жаңа инновациялық технологияларын енгізуге көп көңіл бөліп отыр. Доценттер Ж.Қ.Абелдина, Э.Ж. Әлімқұловалардың жетекшілігімен физика және химия пәндері бойынша виртуалды зертханалар, оқудың жаңа әзірлемелері, “Platonus” ААЖ үшін оқыту және бақылау бағдарламалары жасалып отыр. Қазіргі заманғы оқыту технологияларын жан-жақты меңгеру қолдану оқу үрдісін оңтайландырып, студенттердің оқу және ғылыми зерттеу жұмыстар бойынша белсенділіктерін арттырады.
Бүгінгі күні кафедрада 1 педагогика ғылымдарының докторы, 10 ғылым кандидаты, 11 ғылым магистрі қызмет етуде. Кафедра қызметкерлерінің ғылыми дәрежелілік деңгейі 50%-дан жоғары.
Кафедра бірнеше жылдан бері М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің физика факультеті кафедрасымен әріптестік қарым-қатынас орнатқан. Соның негізінде аталмыш ЖОО оқытушыларымен бірлестікте оқулықтар және оқу құралдары жарық көрген. Бұл шығарылған оқу құралдары үшін авторлар – Ж.Қ Абелдина, Ж.К. Молдумарова және т.б. «Национальная экологическая Премия России – 2015» конкурсында құрметті дипломға ие болды.
Кафедра оқытушылары ғылыми жұмыстарды зертханалық аудиторияларда, сондай-ақ ғылыми зерттеу институттар негізінде жүргізіп келеді. Кафедра жанында х.ғ.к., доцент О.А. Аймақов жетекшілігімен «Биологиялық белсенді заттарды физика-химиялық әдістермен зерттеу» ғылыми зертханасы ұйымдастырылған.
Кафедра бүгінде ғылыми-зерттеу жұмыстары келесі бағыттарда ұйымдастырлып жүргізілуде:
а) Заманауи педагогикалық технологиялардың әртүрлі аспектілерін дайындау және дамыту (жобалар әдісі, заманауи оқу мекемелерінде оқытудың тұлғалы-бағытталған түрі, оқытудың инновациялық технологияларын қолдану, «портфолио» құру арқылы химияны, физиканы оқытудың әдістемесін жетілдіру және т.б.) Ж.К. Абелдина, Э.Ж. Әлімқұлова, Б.А. Мұқышев, Г.М. Нургазина, С.Ж. Кудайбергенова, С.Қ. Жокижанова және т.б.оқытушылар жетекшілігімен жүргізіліп келеді.
ә) Табиғи қосылыстар химиясы, органикалық қосылыстар синтезі. Ауыл шаруашылық өнімдерін, тыңайтқыштар мен жемшөп және т.б. талдау, сараптау. Бұл бағыттағы ғылыми жобаларды «Биотехнология», «Өңдеу өндірістерінің технологиясы», «Агрономия», «Ветеринария», «Экология» және т.б. мамандықтар бойынша магистрлік және PhD докторлық диссертация жұмыстары аясында О.А. Аймаков, Э.Ж Әлімқұлова, Г.М. Нұрғазина, Д.А. Нұрғалиева, С.Құдайбергенова, Ж.Ә. Ибатаев және тағы басқа оқытушылар жүргізіп келеді.
Ибатаев Ж.А. 2019 жылдың 17-28 маусым аралығында Йедитепе университеті (Стамбул, Түркия) негізінде ғылыми тағылымдамадан өтіп келді. Сонымен қатар осы кезде Омер Халисдемир атындағы университет (Нгиде, Түркия) негізінде өткізілген Халықаралық Түркі әлемі жаратылыстану және инженерлік ғылымдары бойынша конгресске қатысып баяндама жасады. Конгресске Түркиядағы Қазақстан елшісі қатысып, ғалымдарға жетістіктер тіледі.
Осы бағыттардағы ғылыми зерттеу жұмыстардың нәтижелері әр түрлі деңгейдегі журналдарда, импакт-факторлы журналдарда жарық көрген (соңғы 5 жыл ішіндегі таңдамалы жұмыстар):
Байланыс ақпараты: Ы. Алтынсарин көшесі, №2 корпус, Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультеті, 2403 кабинеті.
Телефон: +7(727) 238-96-46; Е-mail: alimkulova_ema@mail.ru
М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің теңіз және құрлық суы физикасы, ядролық процестер физикасы кафедрасымен келісім шарт жасалған. Онда ғылыми жоба, яғни «Online режимінде қашықтықтан оқыту жүйесі үшін бағдарламалық өнімдер және виртуалдық кеңістік ізірлеулерді зерттеу» бойынша кафедра ұжымы бірігіп жұмыс жасауда.
Сонымен қатар Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия технологиялық институтымен де келісім шарт жасалған.
2020 жылғы қараша айының 25 -27 аралығында "С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ" КЕАҚ мен AGROPARISTECH арасында қос дипломды білім беру бағдарламасы аясында базалық пәндерді оқыту тиімділігін іске асыру мақсатында 2020-2024 жылдарға арналған Физика және химия кафедрасының іс-шаралар жоспарына сәйкес кафедра оқытушылары Lycée Fénelon (Agreenium, Франция) университетінің физика профессорлары Мишель Обер мен Мюриэль Дюжарденмен жоспарланған үш күндік семинар онлайн режимде өткізілді.
Семинар жұмысында «Химия» және «Физика» пәндерінің жұмыс бағдарламаларының мазмұны жан-жақты талқыланды. Әріптестермен пікір алмасу барысында пәндердің жұмыс бағдарламаларына түзетулер мен толықтырулар енгізіліп, өңделді.
Профессор Мишель Обер кафедра оқытушыларына өзінің дайындаған термодинамика тақырыбында дәрісін оқып, пікір алмасты.
Семинар жұмысындағы талқыланған жаратылыстану пәндерін оқытудағы өзекті мәселелер оқытушылар үшін ғылыми-әдістемелік жағынан пайдалы болды.
Физика және химия кафедрасында кураторлық топтарда студенттік өмір - бұл тек оқу ғана емес, сонымен қатар достармен бірге өткізілген қуанышты күндер, ән-би кештері, спорттық шаралар ұйымдастырылады.
Жоғары оқу орындарында ғылым мен білім өзара тығыз байланысқан, сондықтан да студенттің алдында тұрған міндеттердің бастысы ол бар күш-жігерін, көңілін білім алуға жұмсауы қажет.
|
|
Кураторлар студенттердің университеттегі өмірін қадағалап, оған жол сілтеуші. Студенттерді оқудан тыс шараларға қатыстыруға, құқықтарын қорғауға, басқа да университет студенттерімен қарым-қатынас жасау, бос уақытты үнемді пайдалануды, студенттердің шығармашылық қырлары мен өзін-өзі дамыту жұмыстарын жүргізуге баулу, сонымен қатар, қоғамдық белсенділігі мен мәдениет деңгейін арттыру жұмыстарымен айналысады. Бұл үшін түрлі акциялар мен іс-шаралар өткізіп, заң бұзушылыққа жол бермеу, салауатты өмір салтын насихаттау, студенттерге адам ағзасына темекіден, спиртті ішімдіктерден, наркологиялық заттардан келетін зиян туралы ақпарат береді. Адамзат үшін қатерлі және жастар үшін жаман қылықтар мен олардан арылудың жолдары мен мүмкіндіктерін көрсетеді.
|
|
Куратор тек студенттерді үлкен өмірге дайындап қана қоймай болашақ мамандарды ғылыми-зерттеу жұмыстарына, ғылыми конференцияларға белсене қатысуға шақырады. СҒҚ белсенділері ғылыми үйірмелерге, дөңгелек үстелдергеат салысып, конференцияларға қатысатын студенттерге көмектесіп, сайыстар мен пікірталастар өткізеді. Сонымен қатар, студенттер үшін маңызды болып саналатын конференциялар, гранттар, олимпиадалар мен түрлі басылымдар, мақалалар жайлы ақпарат беріп, олар үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз етіп отырады.
|
|
Кафедрада жыл сайын студенттердің ғылыми конференциясы, пәндік олимпиада ұйымдастырылып өткізіледі.
Кафедра оқытушылары КЖжКББ факультетінінде топ кураторлары болып жұмыс жасайды (Г.К.Раисова, Л.А.Рахимжанова, Г.М.Нұрғазина, Н.Шакерхан, Д.О.Мурзалинов).
Кураторлық топ студенттерді қаланың, университеттің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысады.
Еліміздің Бірінші президенті мұражайына, Ұлттық мұражайға, С.Сейфуллиннің мұражайы, театрларға мәдени іс-шараларға қатысып отырады.
17.09.2020 ж. сағат 11.00-де zoom платформасында 05-703-18-16 – Ақпараттық жүйелер тобының ашық кураторлық сағаты өтті, куратор физика және химия кафедрасының доценті Саягул Женісқызы Құдайбергенова.
Тақырыбы: «Санитарлық талаптар және вирустың алдын-алу жолдары «COVID-19»
Қарағанды қаласының отбасылық денсаулық орталығының бөлім меңгерушісі, м.ғ.к., отбасылық дәрігер Мақсұтова Айнұр Қаратайқызымен онлайн кездесу өтті. Дәрігер "Covid-19 Короновирустық инфекциясы" атты тақырыпқа дайындалған дәрісті ұсынды: адам өзін қалай қорғау керектігін, қандай қорғау шараларын қолдану керектігін және егер бізде вирус белгілері байқалса, өзін қалай ұстау керектігін баяндады.
Топ студенттерінің арасында Новак Валерияны "біздің күндердің қаһарманы " (басқаша атай алмайсың) бар, ол өзінің үлкен ағасымен бірге жазғы каникул кезінде қалалық инфекциялық орталықтың (Нұр-сұлтан қ.) реанимациясында санитар болып жұмыс істеді, COVID-19 пациенттерімен тікелей жұмыс істеді.
Студент группы Новак Валентин – санитар в реанимации городского инфекционного центра |
2018 жылдың 23-28 сәуір аралығында Физика және химия кафедрасында «Оқытудың инновациялық технологияларын қолданып мамандарды даярлау сапасын арттыру" тақырыбында ашық есік күні өткізілді
Мақсаты: Кафедра оқытушыларының мамандарды даярлау сапасын арттырудағы оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану тәжірибесімен бөлісу.
Міндеттері:
Ашық есік күні - бұл С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-нің физика және химия кафедрасында жылында бір рет өткізілетін дәстүрлі іс-шара.
23.04.2018 - 28.04.2018 ж. ашық есік күніне кафедраның оқытушылары мен студенттері белсенді қатысты.
КЖжКББ факультетінің деканы А.Ж. Асқарова, физика және химия кафедрасының меңгерушісі Э.Ж.Әлімқұлова студенттер мен мектеп оқушыларына кафедраның, факультеттің жетістіктері, университеттің мамандықтары туралы және студенттердің қол жеткізген жетістіктері жайлы ақпараттар берді.
Ашық есік күні аясында келесі жұмыстар ұйымдастырылып өткізілді:
Доцент Э.Ж.Әлімқұлова, магистр А.Қ.Әшірбекова ұйымдастырған 5В072700-«Азық түлік өнімдерінің технологиясы», 5В072800- «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» мамандықтарының 2 курс студенттері арасында «Биологиялық химия» пәні бойынша интеллектуалды сайыс; ғылым кандидаттары Б.А.Мукушев, Д.А.Нургалиева, Г.М.Нургазина және физика магистрі А.М.Зикиринаның басшылығымен ұйымдастырылған физика, химия пәндерінен олимпиада өте қызықты, тартымды өтті. .
Химия ғылымдарының кандидаты Ж.А.Ибатаевтың жетекшілігімен Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған студенттік конференция да жоғары деңгейде өтті.
Ашық есік күні студенттер мен мектеп оқушыларының қызығушылығын тудырды, олар апта бойында жоспарланған барлық іс-шараға белсенді араласты.
Ашық есік күні студенттер үшін де оқытушылар үшін де өте тиімді және жоғары деңгейде өткізілді.
Апта соңында Ашық есік күні аясында белсенділік көрсеткен студенттер мен оқытушылар диплом, мақтау қағаздары және сертификаттармен марапатталды.
Олимпиада жүлдегерлері:
«Химия» пәні:
№ |
Аты жөні. |
топ |
Мамандық |
Орын |
1 |
Рамазанова Асем |
06-727-16-27 |
5В072700-« Азық түлік өнімдерінің технологиясы» |
1 |
2 |
Имаш Сымбат |
06-727-16-27 |
5В072700-« Азық түлік өнімдерінің технологиясы» |
2 |
3 |
Успанова Салтанат |
06-727-16-27 |
5В072700 –«Азық түлік өнімдерінің технологиясы» |
2 |
4 |
Кабдуахит Дарын |
01-801-17-01 |
5В080100 –«Агрономия» |
3 |
5 |
Амангелдиева Аймереке |
01-808-17-09 |
5В080800-« Топырақтану және агрохимия» |
3 |
6
|
Демесін Аружан |
01-811-17-11 |
5В081100- «Өсімдік қорғау және карантин» |
3 |
«Аналитикалық химия»
№ |
Аты жөні |
топ |
Мамандық |
Орын |
1 |
Асылбекова Наргиза |
701-17-13
|
5В070100-«Биотехнология»
|
1 |
2 |
Жахина Амина |
701-17-13
|
5В070100-«Биотехнология» |
2 |
3 |
Нысынбек Жанар |
701-17-13 |
5В070100-« Биотехнология» |
3 |
«Биохимии» пәні
№ |
Аты жөні |
топ |
Мамандық |
Орын |
1 |
Елеусізов Әділет |
06-728-16-23 |
5В072800-« Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» |
2 |
2 |
Темержан Амина |
06-727-16-28 |
5В072700 –«Азық түлік өнімдерінің технологиясы» |
3 |
3 |
Смагулова Тумар |
06-727-16-28 |
5В072700-« Азық түлік өнімдерінің технологиясы» |
3 |
№27 Мектеп-лицей |
||||
1 |
Киселева Ирина |
Школа- лицей №27 |
11 сынып |
1 |
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
ЭКСПО 2017 Финляндия павильонының VIP-залында өткен Таза технологиялар аясындағы білім семинарына қатысқаны туралы ақпарат
29 тамызда 2017 жылы Астана қаласында ЭКСПО 2017 фин павильонының VIP-залында «Таза технологиялар мен Жасыл экономика бойынша қазақстандық-финдік білім алу мүмкіндіктері» семинары өтті. Семинарға С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ-нің физика және химия кафедрасының оқытушылары Абельдина Ж.К., Калманова Д.М., Зикирина А.М. қатысты.
Финляндия тарапынан (KFEIG) ұйымдар:
Олардың ұсыныстары:
Бұл салада финдер белгілі жетістіктерге жетіп, қазақстандық университеттермен ынтымақтасуға дайын.
С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ-нің оқытушылары бірлескен жобаларға қатысу туралы келісім жасау мүмкіндіктерін қарастырды..
Физика пәнінен ашық сабақтар өткізу жоспарына сәйкес, физика және химия кафедрасының профессор қ.а. ф-м ғ.к. Ж.К.Абельдина ашық сабақ өткізді. Ашық сабаққа қатысқан оқытушылар алдын ала дайындалған әдістемелермен танысты. Сабақ толығымен фото және видео аппаратураларға түсірілеген.
2017 жылдың 11 қазанында Ж.К.Абельдина 5В0090300 Жерге орналастыру мамандығының 2-ші курс студенттеріне Тербелістер физикасы тақырыбы бойынша дәріс оқыды. Оқыту барысы тербелістік үдерістерді, оның ішінде еркін, еріксіз және баяулаған тербелістер жайында негізгі түсініктерді қалыптастыру болды. Дамыту барысы шектік ойлауды, интелектті жоғарылату, дербестік пен талдау қабілетін, шешім қабылдау мен логикалық ойлауды дамыту еді. Дүниетанымдық түсінікті дағдыландыру, яғни себеп пен салдардың байланысы - тәрбиелік масаты болды.
Сабақтың техникалық қолдауы мультимедиалық тақта мен мультимедиалық проектор арқылы жүзеге асты. Бағдарламалық жасақтаманың техникалық және коммутациялық мүмкіндіктері көрсетілді. Электронды қаламмен формулалар және сызбалар жазылды.
Дәріс оқу кезінде, презентация қосу арқылы: тілшіктер, еріксіз тербелістердің амплитудасы, фазасы және резонанс сиякты проблемалық оқыту элементтері қолданылды. «Тербелмелі қозғалыстың» видео үзіндісі көрсетілді.
Студенттер оқыту процесіне белсене қатысып, өздері сұрақ қойып, оқытушының қойған проблемалық тапсырмаларына жауап беруге тырысты және қажетті шешімдергі біріп жұмыс жасау арқылы келіп отырды. Дәріс бойы видео түсірілім жүріп отырды.
2017 жылдың 1 қарашасында Ж.К. Абельдина «Корпускулалық-толқындық дуализм» тақырыбына 5В0081200 Ауылшаруашылықтың энергиямен қамтамассыздандыру мамандығының 2 курс студенттеріне дәріс оқыды. 2017 жылдың 8 қарашасында 5В0071900 Радиотехника, электроника и телекоммуникация мамандығының 1 курс студенттеріне виртуалды зертханада ашық сабақ өткізді.
Ашық сабақтардан кейін, оқытушылар сабақ барысында қолданылған сәтті педагогикалық әдістерді нұскай отырып, сабақтың жүргізілуін талқылады. Дәріскердің жоғары кәсіпқойлығын бағалай отырып, болашақта қажетті білімділік пен біліктілікті жоғарлатуды ұсынды.