Басты бет / Жаңалықтар / ҚХР мен Орталық Азия университеттері арасындағы ынтымақтастық дамитын болады
ҚХР мен Орталық Азия университеттері арасындағы ынтымақтастық дамитын болады

Просмотров: 294

 «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ делегациясы 2024 жылдың 26-27 маусымында Басқарма төрағасы-Ректор, ҚР ҰҒА академигі Қ.М.Тіреуовтің жетекшілігімен, Қытайдың Үрімші қаласындағы Шыңжаң ауылшаруашылық университеті ұйымдастырған «Білім, ғылым және инновация интеграциясы» халықаралық конференциясына қатысты. Конференцияға Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының басшылығы мен Орталық Азия елдерінің ауыл шаруашылығы университеттерінің басшылары қатысты.

Конференция барысында Шыңжаң аграрлық университетінің президенті Цзян Пинан мырзамен және профессорлық-оқытушылар құрамымен кездесулер өткізіліп, оның барысында қос диплом, академиялық ұтқырлық, ғылыми жобаларды бірлесіп дайындауды және енгізу бойынша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруда ынтымақтастықты жүзеге асыру, ортақ жобалар, мәдени алмасуды дамыту, қазақ және қытай тілдерін үйренудің тетіктері қарастырылды.

Шыңжаң аграрлық университетіне барған сапардың нәтижесінде Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылып, оның аясында жоғарыда аталған іс-шаралар жүзеге асырылатын болады. Сөйтіп, университеттер арасында өзара тиімді екіжақты ынтымақтастықты белсенді дамыту туралы келісімге қол жеткізілді.