Басты бет / «Өмір сыйла, донор бол» атты акция өтті
«Өмір сыйла, донор бол» атты акция өтті

5-6 желтоқсан күндері С.Сейфуллин атындағы Казақ агротехникалық зерттеу университетінде «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы»  (Қан орталығы) мамандарының ұйымдастыруымен «Өмір сыйла, донор бол» атты акция өткізілді.

Акцияның мақсаты: жастарға қан мен оның компоненттерін қайта құю арқылы адам өмірін құтқарып, денсаулығына қауіп қатер төнген жандардың өмірін ұзартуға мүмкіндік бар екендігін ұғындыру, донор болу арқылы өзгеге үміт сыйлау, өскелең ұрпаққа донор болғанның ешқандай зияндығы болмайтынын түсіндіре отырып, жастарды игілікті іс жасауға шақыру.

Университеттің білім алушылары, оқытушылары мен қызметкерлері арасынан донор болуға ниет білдірген адамдар алдымен өздері жайында, өмір салты және өткен аурулары туралы мәлімет беріп, жан-жақты тексерілді. Содан кейін әлеуетті донорлар қан тобын, резус факторын, гемоглобин деңгейін анықтау үшін алғашқы зертханалық зерттеулерден өтіп, дәрігерлердің нұсқауы бойынша қан тапсырды.

Аталған акцияға жалпы 80 адам қатысты.