Басты бет / Экономика факультетінің 60-жылдығына арналған «Қарттарым – асыл қазынам» қайырымдылық іс-шарасы
Экономика факультетінің 60-жылдығына арналған «Қарттарым – асыл қазынам» қайырымдылық іс-шарасы

2023 жылдың 20 қаңтарында екі жақты «С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ және «ЖАС ЛИДЕР» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ 2023-2024 оқу жылына арналған КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ-на сәйкес, «Экономика» кафедрасы мен факультеттің «жастар ісі жөніндегі комитетінің» ұйымдастыруымен «Экономика факультетінің 60-жылдығына арналған мерейтойға орай студент топтарының мейірімділік, қайырымдылық іс-шараларын жүргізу мақсатында, «Қарттарым – асыл қазынам» іс-шарасын Ақмола облысы Целиноград ауданы Аққайың ауылында орналасқан «Шапағат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» ККММ –дегі ардақты ата-апаларымызға қайырымдылық концерт қойылып, дастархан жайылды. Үлкенге құрмет, кішіге міндет болу кейінгі ұрпақтың аманаты. Іс-шара соңында жастарымыз қазыналы қарттарымыздың ақ батасын алып, ризашылығына бөленіп қайтты.