Басты бет / Қайырымдылық әдеби-музыкалық кеш
Қайырымдылық әдеби-музыкалық кеш

Экономика кафедрасының  ұйымдастыруымен 07-044-19-01 «Экономика», 07-506-18-01«Экономика» және 07-044-19-02 «Экономика» мамандығы тобының студенттерімен, НОУ «SOS Детская деревня» балаларды дамыту орталығында, Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай «Абай – Кемеңгер» атты әдеби-музыкалық кеш өткізді.

Әдеби-музыкалық кештің басты мақсаты – Қазақтың бір тума тұлғасы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жылдығына орай, студент жастар арасында және НОУ «SOS Детская деревня» балаларды дамыту орталығында тәрбиеленетін бүлдіршіндерді Абай Құнанбайұлының асыл мұра ретінде қалдырған шығармашылығымен таныстыру.

Әдеби-музыкалық кеш аясында студенттер дайындаған Абай Құнанбайұлының өмірбаянын, шығармашылығын баяндайтын слайдтар көрсетіліп, оны қорытындылау мақсатында викторина сұрақтары қойылды. Бір ерекшелігі бүлдіршіндер сұрақтарға жарыса жауап беріп, Абай Құнанбайұлының өмірбаяныны, шығармашылығы туралы білім деңгейлерін көрсете білді.

Әдеби-музыкалық кеш барысында студенттер «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» әндерін тамылжыта шырқап, домбыраның қоңыр дауысымен Абай өлеңдері мен қара сөздерін  ерекше шабытпен мәнерлеп оқыды. НОУ «SOS Детская деревня» балаларды дамыту орталығы әдеби-музыкалық кешті өткізуші студенттер мен оқытушыларға алғыс жариялады.