Басты бет / ЖИТС-қа қарсы күрес
ЖИТС-қа қарсы күрес

ҚАТЗУ білім алушылары Астана қаласының әкімдігі «АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы» МКҚК 2023 жылы «Көшбасшылық – қауымдастықтарға» ұранымен өтетін халықаралық ЖИТС-қа қарсы күрес күніне арналған жыл сайынғы акцияға қатысты.

Акцияның ҚР университеттері базасында өтуінің маңыздылығы – қазіргі уақытта Астана каласында 16-28 жас аралығындағы жастар арасында АИТВ инфекциясын жұқтыру қаупін тудыратын синтетикалық есірткілердің таралуымен түсіндіріледі.

Акция аясында 2023 жылы 23 қарашада ЖИТС орталығының арнайы зертханалық машинасы университет аумағына келді. Жастар арасында АИТВ-ға тестілеу ауруды ерте диагностикалауға және АРТ-терапияны бастауға көмектеседі, бұл АИТВ-инфекциясын алдын-алуда оң динамика береді.

Арнайы жабдықталған машинада АИТВ орталығының кызметкерлері өз еркімен келген 18 жасқа толған білім алушылардан АИТВ-ға жедел тестілеуді өткізді.

Обучающиеся университета, достигшие 18-летнего возраста, добровольно прошли экспресс-тестирование на ВИЧ под наблюдением сотрудников Центра ВИЧ.