Басты бет / «Атамекен» ҰКП өкілдерімен семинар
«Атамекен» ҰКП өкілдерімен семинар

Елдің кәсіпкерлік секторын дамыту - мемлекеттің бизнес-ортаны жақсартуға бағытталған ұзақ мерзімді міндеттерінің бірі. "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы шағын, орта және ірі бизнестің мүддесін білдіреді, ішкі және сыртқы сауданы қоса алғанда, кәсіпкерліктің барлық салаларын өз қызметімен қамтиды. "Атамекеннің" басты міндеті – бизнестің құқықтары мен мүдделерін қорғау және бизнес жұмысының заңнамалық және өзге де нормативтік ережелерін қалыптастыру үдерісіне барлық кәсіпкерлердің кеңінен қамтылуын және тартылуын қамтамасыз ету.

2020 жылдың 24 ақпанында кәсіпкерлер палатасының өкілдері біздің оқытушылар, докторанттар мен магистранттар үшін "Отандық кәсіпкерлікті дамыту және қолдау" атты семинар өткізді. Спикерлер ретінде "Атамекен" ҰКП бизнес - тренері Жұлдызбаев Нұғман Есболғанұлы және э.ғ.к., қауымдастырылған профессор Керімбек Ғалымжан сөз сөйледі. Семинар талқылау форматында өтті. Семинар барысында "Бизнестің жолкартасы 2020" бизнесті қолдау және дамыту бағдарламаларына (атап айтқанда, "Бизнес - Кеңесші", "Бизнес - Өсу", "Жобалық оқыту") қатысу тетіктері мен шарттары айтылды. Сондай - ақ қонақтар бізге келген Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің тағылымдамадан өтуші-магистранттарына диссертациялық зерттеу тақырыптары бойынша кеңес берді.