DIREKT

DIREKT жобасы: Үздік сіз оқыту және білім экономикасыүшінтранс-өңірлік ақпараттық сауаттылық тыдамыту

ЖОБАНЫҢ МАҚСАТЫ:

Ақпараттық сауаттылық құзыреттілігін білім беру бағдарламаларына қосу арқылы Болон үрдісін дамыту. Оқу жоспарына еңгізуге болатын ақпараттық сауаттылық бағдарламасын жасау  (үш цикл жүйесіне еңгізілетін бакалавр/магистр/доктор), тұтастай қоғамда үздіксіз білім беруді дамыту үшін сапаны қамтамасыз етіп, біліктілікті тану. 

ЖОБАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

Еуро Одақ үйлестірушілері: Лимерик технология институты, Ирландия

Қазақстанның серіктес университеттері:

DIREKT Ақпараттық Сауаттылық Онлайн Платформасы

Қосымша ақпараттар: https://direkt-cbhe.com

СЕРТИФИКАТ за участие в выставке результатов проектов Национального офиса Erasmus+ РК «За эффективное сотрудничество и выдающийся командный дух»

DIREKT жобасының іске асырылу туралы видео баян

Ақпаратты таратуға арналған материалдар

 

Жоба Еуропалық комиссияның қолдауымен қаржыландырады. Бұл жариялым Еуропалық комиссияның көзқарасын көрсетпейді және университет жауапкершілігінің заты болып табылады

Қазақстандағы ұлттық ақпараттық сауаттылықты насихаттау күні (3 қазан, 2020, Нұр-Сұлтан)

2020 жылдың 1 қазанынан бастап 5 қазанына дейін С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ «Erasmus+» халықаралық бағдарламасының «DIREKT» жобасы аясында жыл сайынғы Ұлттық ақпараттық сауаттылықты насихаттау күніне орайластырылған іс-шаралар өтті.

Ресми Ұлттық ақпараттық сауаттылық күні - 3 қазан, алайда демалыс күні болғандықтан, жобаның жұмыс тобы іс-шаралар бағдарламасын қазанның 1 мен 5 аралығына жоспарлады.

Бағдарламаға сәйкес келесі іс-шаралар өткізілді:

1. “АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖАЗУ” виртуалды кітап көрмесі 3 қазан күні әлеуметтік желідегі кітапхана парақшаларында жарияланды.

 

 

 

 

2. «Ғылыми деректерді басқарудың негізгі дағдылары» вебинары ҚАТУ докторанттарының қатусымен өтті. Қатысушылар саны – 78 адам.

 

 

 

 

3. «Әлеуметтік желіде плагиатты болдырмау? » вебинары.

Қатысушылар: бакалавр студенттері

Қатысушылар саны – 323 адам.

 

 

  

4. «Кілт сөздерді қолданып интернетте ақпарат іздеу» мастер-классы.

Қатысушылар: магистранттар.

Қатысушылар саны – 149 адам.

 

 

5. « Scopus және Web of science деректер базасындағы авторлық профиль» мастер-классы.

Қатысушылар: ПОҚ.

Қатысушылар саны – 113 адам.

 

 

6. «DIREKT Онлайн Платформасы; ҚАТУ ғылыми кітапханасының тәжірибесі» семинары.

Қатысушылар саны – 33 адам.

 

 

7. «Сипаттамалық абзац» атты академиялық жазудан демонстрациялық сабақ.

Қатысушылар: бакалавр студенттері

Қатысушылар саны – 17 адам.

 

 

8. «Академиялық мақаланың құрылымы» тақырыбында қонақ спикермен онлайн-дәріс:

Қатысушылар: магистранттар

Қатысушылар саны – 43 адам.

 

 

 

Ұлттық ақпараттық сауаттылықты насихаттау күнінің хабарландыруы, бағдарламасы мен іс-шаралары  келесі платформаларда жарияланды:

  • Университет сайты
  • Кітапхана сайты
  • Кітапхананың әлеуметтік желідегі парақшасы
  • Twitter-дегі жоба парақшасы: @DIREKT_ERASMUS

Жоба Еуропалық комиссияның қолдауымен қаржыландырады. Бұл жариялым Еуропалық комиссияның көзқарасын көрсетпейді және университет жауапкершілігінің заты болып табылады

Қазақстандағы ұлттық ақпараттық сауаттылықты насихаттау күні (1-3 қазан, 2019, Нұр-Сұлтан)

2019 жылдың 1 қазанынан бастап 3 қазанына дейін С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-інде «Erasmus+» халықаралық бағдарламасының «DIREKT» жобасы аясында Ұлттық ақпараттық сауаттылықты насихаттау күндері өткізілді. Ұлттық ақпараттық сауаттылықты насихаттау күнінің мақсаты әртүрлі оқу орындарының қатысуымен білім беру және қоғам саласындағы үздіксіз білім беру үшін ақпараттық сауаттылықтың таралуын ынталандыру болып табылады Іс-шараға келісілген күні түрлі оқу орындарынан қатысушылар келді.

Ұлттық ақпараттық сауаттылық күнінің ресми күні - 3 қазан, бірақ іс-шаралардың көптігіне орай, жобаның жұмыс тобы 1 мен 3 қазан аралығына бағдарлама жасады.

Ұйымдастыруға дейінгі барлық мәселелер ҚАТУ командасының отырысында талқыланды.

2019 жылға арналған Ұлттық ақпараттық сауаттылық күнінің маркетинг жоспарына сәйкес келесі іс-шаралар өткізілді:

  • Эссе байқауы: «ЖАЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАЛАЙ ТАНУ КЕРЕК?»;
  • Ақпараттық көрме: «ОҚУ, ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ЖАЗУ»;
  • Дебат
  • Мастер-класс: «SCOPUS ЖӘНЕ SCIVAL КӨМЕГІМЕН ҒЫЛЫМИ МАНСАПТЫ ДАМЫТУ»;
  • Ақпараттық сауаттылық пен кітапхана қызметі туралы ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ВИКТОРИНА;
  • Кітапханадағы ОҚУ КЕШІ;
  • Семинар: «АҚПАРАТТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ: АНЫҚТАУ, БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ»;
  • Дөңгелек үстел (Coffee lecture): «КІТАПХАНАНЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛЕРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ: ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАН ТҮСІНІСТІККЕ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ»;
  • Library Open Air

Жоба атрибуттары:

- Баспасөз хабарлама

- Баннер

- Футболкалар

Жоба туралы үш тілде таратылатын көрнекі материалдар:

  • Брошюралар
  • Флайерлер
  • Плакаттар
  • Жобаның логотипі бар папкалар
  • Кітаптарға арналған бетбелгілер (басылымдардың мазмұны мен дизайны жоба қатысушыларымен Оразымбетова Ж.А. және Нуралина М.Т. әзірленді).

Іс-шаралар мен конкурс қатысушыларына арналған сыйлықтар: флэш-дискілер, қойын дәптерлер, қаламдар, қарындаштар, ДК-ге арналған тышқандар, құлаққаптар, кинотеатр билеттері, кофеханаға сыйлық сертификаттары және шоколадтар.

Ұлттық ақпараттық сауаттылықты насихаттау күнінің барлық іс-шаралары  туралы ақпарат келесі ақпарат көздерінде жарияланды:

  • кітапхана сайты:
  • «Facebook»-тегі кітапхана парақшасында: @kazatulibrary
  • «Twitter»-дегі жоба парақшасында: @DIREKT_ERASMUS

Қаржылық қолдау:

  • Университет қорынан қаржыландыру;
  • Демеушілік - CAB ABSTRACT компаниясы

Барлық іс-шаралар бағдарламаның ережелеріне сәйкес орындалды.

1. Эссе байқауы: «ЖАЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАЛАЙ ТАНУ КЕРЕК?»

Шет тілдер кафедрасының оқытушылары бакалавр мен магистранттар арасында «Жалған жаңалықтар және оларды қалай тану керек?» тақырыбында эссе байқауын өткізді. Нәтижелері 3 қазанда белгілі болды. Қатысушылар саны - 490 студент.

2. Ақпараттық көрме: «ОҚУ, ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ЖАЗУ» - ҚАТУ ғылыми кітапханасының аумағында 1-3 қазан аралығында қойылды. Көрмеге академиялық жазуға арналған кітаптар, ақпараттық сауаттылыққа арналған материалдар, брошюралар және жоба мазмұны бар ақпараттық парақтар қойылды. Көрмені 1000-нан астам адам көрді.

3. Дебат

3 қазан күні шет тілдер кафедрасының оқытушылары магистранттармен «Ақпараттық сауаттылықты түсіну» тақырыбында дебат өткізді. Қатысушылар саны - 30 студент.

4. Университет ғалымдары мен оқытушылары үшін ғылыми метрикасы бар ресурстармен жұмыс жасау бойынша «SCOPUS ЖӘНЕ SCIVAL КӨМЕГІМЕН ҒЫЛЫМИ МАНСАПТЫ ДАМЫТУ» атты мастер-класс ұйымдастырылды. Қатысушылар тәжірибеде Scopus және Scival ресурстарымен жұмыс істеу дағдыларын тексеріп, жетілдіруге мүмкіндік алды. Мастер-класс жаттықтырушысы «Elsevier Science and Technology» негізгі ақпараттық шешімдер бойынша кеңесші, университеттің серіктесі Андрей Локтев. Қатысушылар саны 53 адам.

5. Ақпараттық сауаттылық пен кітапхана қызметі туралы ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ВИКТОРИНА гуманитарлық, экономикалық, техникалық және агрономиялық факультеттердің 1 курс студенттерінің қатысуымен өткізілді. Қатысушылардың әр тобы үшін (15-25 адам) викторина 25 минутқа созылды. Викторина барысында студенттер ақпараттық сауаттылық және кітапхана туралы білімдерін көрсете білді. Байқау соңында жеңімпаздар Library Open Air іс-шарасында ойнатылатын лотереялық жетондармен марапатталды. Қатысушылардың жалпы саны - 121 студент.

6. Кітапханадағы ОҚУ КЕШІ. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына және қазақтың ұлы жазушысы Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті. Іс-шараға «Топырақтану және агрохимия» және «Кадастр» мамандықтарының 2 курс студенттері, «Стандарттау, сертификаттау және метрология» және «Ветеринариялық санитария» мамандықтарының 1 курс студенттері, сонымен қатар гуманитарлық факультеттің қазақ және орыс тілдерінің оқытушылары қатысты. Қатысушылардың жалпы саны - 140 адам.

7. Семинар: «АҚПАРАТТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ: АНЫҚТАУ, БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» - университеттің жас ғалымдар кеңесінің мүшелеріне  арналды. Семинар барысында тыңдаушылар ғылыми дереккөздерді іздеу, ақпарат көздерін анықтау және бағалау, өз зерттеулерінде ақпаратты тиімді пайдалану, библиографиялық сипаттама қалыптастыру және плагиаттан қалай сақтануға болатындығы туралы білді. Қатысушылар саны - 44 адам.

8. Дөңгелек үстел (Coffee lecture): «КІТАПХАНАНЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛЕРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ: ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАН ТҮСІНІСТІККЕ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ» - ҚАТУ кітапханасы және Нұр-Сұлтан қаласының басқа университет кітапханалары қызметкерлірінің қатысуымен өткізілді. Дөңгелек үстелде келесі мәселелер талқыланды:

  • зерттеушілердің ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту бойынша кітапханалық қызметтер;
  • университеттің ғылыми қоғамымен ынтымақтастық;
  • кітапхананың әлеуметтік қызметінің қазіргі тенденциясы: серіктестік және еріктілік.

Қатысушылар саны - 9 адам.

9. Library Open Air

3 қазан күні кітапхана қызметкерлері университет аумағында «Ашық аспан астындағы кітапхана» іс-шарасын ұйымдастырды. Ұйымдастырушылар студенттермен қызықты ойындарын өткізді. Сондай-ақ, Ұлттық ақпараттық сауаттылықты насихаттау күнінің барлық іс-шараларында жиналған жетондар арқылы қатысушылармен лотерея өткізілді. Әр қатысушы сыйлық алды: флешка, флэш-дискілер, қойын дәптерлер, қаламдар, қарындаштар, ДК-ге арналған тышқандар, құлаққаптар, кинотеатр билеттері, кофеханаға сыйлық сертификаттары, шоколадтар. және т.б. Қатысушылар саны - 115 адам.

Аталған іс-шаралар қорытындысы бойынша С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің барлық қонақтары, студенттері мен қызметкерлері жоба, ақпараттық сауаттылық, заманауи кітапханалардың жаңа мүмкіндіктері мен қызметтері туралы хабардар болғанын атап өтуге болады.

Жоба Еуропалық комиссияның қолдауымен қаржыландырады. Бұл жариялым Еуропалық комиссияның көзқарасын көрсетпейді және университет жауапкершілігінің заты болып табылады.

DIREKT жобасының модульдері

Модуль  1:  Арнайы  мақсатқа  арналған  ағылшын  тілі    (кітапханалар,  кітапхана терминологиясы  және  кітапханалық  қолжетімділік):  барлық  қызметкерлерге  бағытталған  ресми  университеттік  құрылымдарда , мемлекеттік және ұлттық кітапханаларда еңгізіледі; 

https://direkt-cbhe.com/modules/module-1-english-for-specific-purposes/

Модуль  2:  Ақпараттық сауаттылық (АС):  кітапханашылар  мен  академиялық  қызметкерлер  үшін    ақпараттық сауаттылықтың  маркетингтік  қабілетін дамытудағы теория  және  практикасы  -  барлық  мүдделі тараптардың қарастыруы үшін  АС туралы хабардар болу стратегиясын жасау;

https://direkt-cbhe.com/modules/module-2-il-marketing-skills-for-academic-staff-and-librarians/

Модуль  3:  Ақпараттық  сауаттылық  1:  Студенттерді  ақпаратты  табуға,    оны  тиімді  және дұрыс пайдалануға көмектесу үшін кітапханашыларды оқыту;

https://direkt-cbhe.com/modules/module-3-information-literacy-for-librarians/

Модуль  4:  Ақпараттық  сауаттылық  2:  Студенттерге  ғаламтор  желісі  мен  баспалардағы ақпараттарға қолжетімділік  алуға  көмектесу үшін кітапхана шыларды оқыту, олардың кітапхана  пайдалану шыларымен қарым-қатынасын жақсарту, педагогикалық  және  оқыту шеберлігін арттыру;

https://direkt-cbhe.com/modules/module-4-information-literacy-2-for-librarians/

Модуль 5: Ақпараттық сауаттылық 3: 21 ғасырдың кітапхана шылары үшін инновациялық онлайн кітапхана қызметтері: Кітапхана шыларға  АС арналған жаңа инновациялық онлайн кітапхана қызметтерін дайындауға көмектесу;

https://direkt-cbhe.com/modules/module-5-information-literacy-3-innovative-online-library-services-for-21st-century-librarians/

Модуль 6: Ақпараттық сауаттылық және академиялық жазу 1.

https://direkt-cbhe.com/modules/module-6-information-literacy-and-academic-writing-1/

Модуль 7: Ақпараттық сауаттылық және академиялық жазу 2.

https://direkt-cbhe.com/modules/module-7-information-literacy-and-academic-writing-2/

Модуль 8: Кәсіби мақсаттағы шет тілі.

https://direkt-cbhe.com/modules/module-7-information-literacy-and-academic-writing-2/

 

Жоба Еуропалық комиссияның қолдауымен қаржыландырады. Бұл жариялым Еуропалық комиссияның көзқарасын көрсетпейді және университет жауапкершілігінің заты болып табылады

ЕО ЭРАЗМУС + DIREKT 574 157 жобасы аясында ҚАТУ-дың бірінші үйлестіру кездесуі

2017 жылғы 6-9 наурыз аралығында Петрозаводск университетінде «DIREKT үздіксіз оқыту және білім экономикасыүшінтрансөңірлік ақпараттық сауаттылықты дамыту» ғылыми жобасы, Еуропалық Одақ Эразмус бағдарламасының аясында алғашқы жұмыс кездесуі болды.

Аталған іс-шарада серіктес елдердің барлық өкілдеріқатысты: Дрезден техникалық университеті, Нитр (Словакия) Константин Философ атындағы университет және ақпараттық сауаттылық саласындағы құзыретті ұйым (НКО), The Pyramid Group (Германия) және коммерциялық емес серіктестік "НЭИКОН" (Мәскеу), Пекин технологиялық институты, Солтүстік-Батыс политехникалық университеті, ғылым мен технологиялық Нанкин университеті. Ресейлік қатысушылар: Петрозаводск мемлекеттік университеті, Огарев атындағы Мордовия мемлекеттік ұлттық зерттеу университеті, Э.Кант атындағы Балтық федералдық университеті, Қиыр-Шығыс федералды университеті.Қазақстан атынан барған қатысушылар: С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.

Кездесу барысында қатысушылардың өз университеттерін, әрбір серіктес университеттің жобадағы рөлін таныстыруға мүмкіндігі болды, гранты бар университет, Лимерик технологиялық институтынан (Лимерик қ., Ирландия) жоба жетекшісі Джеральд Каванна және үйлестірушісі Пэдрейг Кирбимен танысты, олар жобаның мақсаты мен міндеттерін түсіндірді, жобаның миссиясы мен стратегиясына тоқталды, жобадан күтілетін нәтижелер көрсетілді, сонымен қатар әрбір серіктес елден жауапты үйлестіруші анықталды.

Анықталған мәселелер мен міндеттерді талқылау, нақты жоба кезеңдерін іске асыруда жауаптылар мен мерзімін анықтау, жобаның маңызды жұмыс аспектілерін қарастыру үшін кездесуді әрбір қатысушы елдің үйлестірушілерімен 8-9 наурызда кеңес отырысымен жалғастыру туралы шешім қабылданды.

Осылайша, кездесудің қорытындысы бойынша жобаның қатысушылары кездесуден кейін 2 апта ішінде мынадай ақпаратты ұсынуға өзара шешімге келді:

  1. Жобаның барлық қатысушыларының тізімі (аты-жөні, ЖОО-дағы лауазымы, ағылшын тілі білімінің деңгейі, байланыс ақпараты) жобаның іске асу мерзіміне.
  2. Жобаның басқару комиссия тізімі. Академиялық және қаржылық сұрақтар бойынша жобаны басқару комиссиясын құруға әрбір ЕО/СЕ-денекі адам.
  3. Әрбір ЕО/СЕ-ден DIREKT жобасы аясында әлеуметтік желілер үшін жауаптылардың тізімі.

Сонымен қатар, қатысушылар өздерінің логотип үлгілері мен әрбір серіктес университет деректері еңгізілген анкетаны ұсынып, соңғы шешiм қабылдау үшiн Лимерикке жіберді.

Кездесу қорытындысы бойынша, жобаны іске асыру туралыкезекті іс-шаралар жоспары келісілді. Жоба аясында студенттер мен оқытушылардың ақпараттық сауаттылығын және академиялық жазудың қабілеті мен дағдыларын қалыптастыру үшін әрбір серіктес университет қатысушыларына оқыту жоспары мен оқыту модулін құрастыру кажет болады. Сонымен қатар, аталған модульдер оқушыларғадұрыс іздеу, ақпаратты қайта өңдеу, тарату және сақтауды үйренуіне көмектесе отырып, оларды технологияның жаңа сандық әлемінің ақпараттық және коммуникативтік талабына сай даярлайды.

Дамыту бағдарламасын іске асыруға университеттердің ғылыми кітапханалары негіз болады.Олар жаңа технологияларды және үздіксіз  білім беру идеологиясын жүзеге асырушы ретінде қызмет етеді, білімдерді жинақтау, сақтау және білім беру саласында мол тәжірибесі бар.

Жұмыс тобының кезекті отырысы мамыр айында Бейжіңқаласында өтеді.

 

Жоба Еуропалық комиссияның қолдауымен қаржыландырады. Бұл жариялым Еуропалық комиссияның көзқарасын көрсетпейді және университет жауапкершілігінің заты болып табылады.

ЕО ЭРАЗМУС+ жобасының бейжің технология институтында екінші үйлестіру кездесуі өтті

«DIREKT үздіксіз оқыту және білім экономикасы үшін трансөңірлік ақпараттық сауаттылықты дамыту» халықаралық жобасы аясында 6 -14 мамыр аралығында Бейжин технология институтында Қытай, Ресей, Қазақстан серіктес университеттерімен және Лимерик технология институтынан (Ирландия)  жоба жетекшілерімен  екінші үйлестіру кездесуі өтті.

Жоғары аталған жобаның мақсаттары орындалу үшін кездесудің жұмыс бағдарламасы жасалды, қатысушылар сол бағдарлама бойынша оқытылып, жұмыс жасады.

Бірінші үйлестіру кездесу қорытындысы бойынша, әр университеттер оқу модульдерін жасап, олардың көмегімен дұрыс іздеу, ақпаратты қайта өңдеу, тарату және сақтау жолдарын үйренді.

Дидактикалық және ғылыми жұмыс топтарының кездесуінде, 11 жобаға қатысатын  мекемелер жобаға қатысты жасалып жатқан жұмыс туралы есеп берді. Әр ұйымның координаторлары келесі бөлімдер бойынша  презентация жасады:

  • Серіктес ретінде өзін таныстыру, жобаның ішіндегі  рөлі және оның потенциалды үйлесімі.
  • Жобаға байланысты жабдықтарды сатып алу.
  • Команданы таныстыру, команда мүшелері дидактикалық және ғылыми жұмыс топтарына катысатын болады,  сондай-ақ  ДҒЖТ-дағы мүшелердің рөлін анықтау.

Сонымен қатар жобаның дидактикалық және ғылыми  жұмыс топтарының кездесуінде қатысушылар мен жетекшілер кітапхана қызметкерлерін, университеттің ПОҚ  және оқушыларын арнайы бағыттағы ағылшын тіліне, ақпараттық сауаттылыққа және академиялық жазуға  оқыту бойынша жұмыс алгоритмін жоспарлап, талқылады.

Семинардың қорытындысы бойынша кітапханашыларды арнайы бағытта ағылшын тілін меңгеру бойынша оқыту жоспарын тапсырудың нақты уақыты белгіленді, сондай-ақ ағылшын тілін жетік білетін кітапханашылар мен ғылыми қызметкерлердің проценттік көрсеткішін анықтау қажет.

Жоспар бойынша жұмыс топтарының келесі кездесуі Лимерик технология институтында (Ирландия) қараша айында  2017 жылы өтеді.

Жоба Еуропалық комиссияның қолдауымен қаржыландырады. Бұл жариялым Еуропалық комиссияның көзқарасын көрсетпейді және университет жауапкершілігінің заты болып табылады.

Халықаралық ЕО ЭРАЗМУС+ бағдарламасы бойынша қызмет керлердің академиялық ұтқырлығы

С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ ғылыми кітапханасының қызметкерлері Магинур Тулекина, Жұлдыз Оразымбетова университет оқытушылары Сәуле Рүстемова және Әлия Көксегенмен бірге халықаралық Erasmus+ «DIREKT: Үздіксіз оқыту және білім экономикасы үшін трансөңірлік ақпараттық сауаттылықты дамыту» жобасы аясында кітапханалық және ақпараттық қабілетін арттыру үшін Лимерик технологиялық институтында (LIT) (Ирландия Республикасы) академиялық ұтқырлық бойынша тағылымдамадан өтті. Жобаның мақсаты Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Қытай Халық Республикасында ақпараттық сауаттылық және кітапхана қызметін дамыту болып табылады.

LIT Ирландияның технологиялық институттарын құрайтын 13 институттардың бірі және LIT кітапханасы ERASMUS+ қаржыландыратын ірі жобаға жетекшілік етеді. Ирландиялық әріптестер өз университетімен және университет кітапханасының құрылымымен таныстырып, экскурсия, тренингтер және семинарлар өткізді.

Тағылымдама туралы қосымша ақпарат LIT веб парақшасында қолжетімді: http://www.lit.ie/News/Item/LIT_Library_Librarians_from_Astana_Kazakhstan.aspx

 

Жоба Еуропалық комиссияның қолдауымен қаржыландырады. Бұл жариялым Еуропалық комиссияның көзқарасын көрсетпейді және университет жауапкершілігінің заты болып табылады.

ЕО ЭРАЗМУС+ жобасының оқыту бағдарламасын дайындау бойынша кездесуі

2017 жылдың 8-18 қазан аралығында Лимерик технология институты базасында ЭРАЗМУС+ «DIREKT: Үхздіксіз білім алу мен білімді сақтау үшін транс-регионалдық ақпараттық сауаттылықты дамыту» атты халықаралық жобасы аясында үшінші үйлестіру кездесуі өтті. Үйлестіру кездесуі ақпараттық сауаттылық пен академиялық жазудың барлық модульдерін қарастыру мен ақпараттық сауаттылық бойынша ұлттық күнге байланысты іс-шаралардың маркетингтік жоспары стратегиясын жасауға бағытталды.

Ақпараттық сауаттылық пен академиялық жазу бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу мақсатында жобаның үйлестірушісі Пэдрэйг Кирби тренингтер өткізу барысында әрбір модульдің бөлімдері бойынша толық түсіндіріп өтті. Сонымен қатар Философ Константин университетінен келген (Нитра қаласы) жобаның қатысушысы Катерина Весела академиялық жазу бойынша өз тәжірибесімен бөлісіп, жазбаша ағылшын тілінің негізгі қағидалары туралы сөз сөйледі.

Дрезден техникалық университетінен Джеральд Куллен мен Pyramid Group ұйымының өкілі Пол Ист жоба қатысушыларын ақпараттық сауаттылық бойынша ұлттық күнге байланысты іс-шаралардың маркетингтік дағдыларға үйретті. Осы тренингтің нәтижесінде үш мемлекеттен келген қатысушылар ақпараттық сауаттылық бойынша ұлттық күнге байланысты іс-шаралар жоспарын әзірледі.  

Сонымен қатар, семинар жобасында Қазақстан, Ресей мен Қытайдан келген жоба қатысушылары Лимерик технологиялық институты кітапханасының жұмысымен танысты.

 

Оқыту бағдарламасын дайындау бойынша  кездесу нәтижесінде жоба қатысушылары оқу бағдарламасын тапсыру мерзімін анықтады және ақпараттық сауаттылық пен академиялық жазу бойынша пәнді университеттің оқыту жүйесіне «сынамалы» түрде енгізу жоспарланды. 

 

Жоба Еуропалық комиссияның қолдауымен қаржыландырады. Бұл жариялым Еуропалық комиссияның көзқарасын көрсетпейді және университет жауапкершілігінің заты болып табылады.

ЕО ЭРАЗМУС+ жобасы аясында модуль бойынша жұмыс топтарының кездесуі

2018 жылдың 22-25 мамыр аралығында А.Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университетінде ЕО Эразмус+ «Direkt: Үздіксіз оқыту және білім экономикасы үшін трансөңірлік ақпараттық сауаттылықты дамыту» халықаралық жобасы аясында модуль бойынша жұмыс топтарының  кездесуі өтті. Кездесу пилоттық модульдерді шолу және ақпараттық сауаттылық пен академиялық жазу бойынша модульдер үшін онлайн платформаны әзірлеуді жоспарлауға арналды.

Кездесу барысына серіктес елдердің барлық катысушылары мен жоба үйлестірушісі Педрейг Кирби, жоба катысушылары Валерия Рачеева (Pyramid Group, Германия), Яна Лупричева (Константин Философ атындағы университет, Нитра; Словакия) қатысты.

Кездесу бағдарламасы бойынша жобаның қатысушылары екі топта жұмыс істеді:

  • ақпараттық сауаттылық және академиялық жазу модулдері бойынша жұмыс тобы, оның құрамында ҚАТУ командасынан М.Т.Нуралина, О.А.Жумадиллаева;
  • модульдерді оқыту бойынша жұмыс тобы, топ мүшелері - М.Д.Ахметова, Ж.А.Оразымбетова болды.

Ақпараттық сауаттылық модулдері бойынша жұмыс тобы келесі мәселелерді талқылады:

  • Кітапханалық онлайн-модулін құру процесінде әдістемелік ұсыныстарды үйлестіру;
  • кітапханалық онлайн-модульді дамыту;
  • Жабдықтарды сатып алу, оның ішінде жоба бағдарламалық қамтамасыз ету құралы;
  • Жобаның нұсқаулық бағдарламасын аяқтау;
  • Ақпараттық сауаттылыққа арналған ұлттық хабардар ету күндері;
  • Жұмыс тобының сапасын басқару және бағалау, тағы басқа да жұмыс мәселелері.

Кездесу барысында, бірінші топ жоба үйлестірушісі Кирби Педрейг қосымша ұсыныстар жобаның қатысушылары жүзеге асырылған алдыңғы жобаның үлгісі онлайн модуль көрсетілді. Яна Луприцева (Словакия) онлайн-модульдерді дамыту бойынша өзінің тәжірибесімен бөлісті және кездесуге қатысушыларға пайдалы кеңестер берді. Ақпараттық сауаттылық және академиялық жазу бойынша онлайн-модульден күтілетін нәтижелер егжей-тегжейлі талқыланды. Сондай-ақ ресейлік серіктестер ақпараттық сауаттылық туралы ұлттық хабардарлық күнін өткізу тәжірибесімен бөлісті.

Жаттығу модульдері бойынша жұмыс тобында әрбір әріптес-университет жоба туралы ақпаратты енгізу және тарату және жобалық модульдерді пилоттық жоспарлау туралы есеп берді. Валерия Racheeva (Германия) жобаның қатысушыларымен сапасын бақылау және жоба туралы ақпарат таралуына негізгі көрсеткіші ретінде жоба қызметін бағалау маңыздылығын талқылады. Detail жобаның ресми сайтының жұмысы туралы әңгімелеп берді және ол серіктес ЖОО-жоба туралы ақпаратты тарату сайт баяндамалар жасауға қажетті екенін атап өтті.

Осы кездесудің қорытындысы бойынша жобаны жүзеге асыру бойынша одан әрі іс-қимыл жоспары келісілді.

Келесі кездесу 2018 жылдың шілде айында Дрездендегі (Германия) Технология университетінде өтеді.

Жоба Еуропалық комиссияның қолдауымен қаржыландырады. Бұл жариялым Еуропалық комиссияның көзқарасын көрсетпейді және университет жауапкершілігінің заты болып табылады

Қазақстандағы ұлттық ақпараттық сауаттылықты насихаттау күні (1-4 қазан, 2018, Астана)

2018 жылдың 1қазанынан бастап 4 қазанына дейін С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ «Erasmus+» халықаралық бағдарламасының «DIREKT» жобасы аясында Ұлттық ақпараттық сауаттылықты насихаттау күндері өткізілді. Ұлттық ақпараттық сауаттылықты насихаттау күнініңмақсатыбілім беру мен қоғам саласындағы үздіксіз білім беру үшін ақпараттық сауаттылықтың таралуын ынталандыру болып табылады. Іс-шараға келісілген күні түрлі оқу орындарынан қатысушылар келді.

Қазақстанның жобасеріктестерімен іс-шараның өткізілетін күні 3 қазанға белгіленген болатын. Алайда іс-шаралар санының көп болуына байланысты, Ұлттық ақпараттық сауаттылықты насихаттау күнінің бағдарламасы 1-4 қазан аралығына әзірленді.

ҚАТУ-дың жоба қатысушылары іс-шараларды ұйымдастыру бойынша алдын-ала бірнеше кездесулер өткізіп, келесі тапсырмаларды бекітті: семинар спикерлерін анықтау; жоба логотипі бар баспа басылымдарының мазмұны мен дизайнын дайындау (флаерлер, буклеттер, үш тілде кітапқа арналған бетбелгілер); іс-шаралар мен жарыстар қатысушыларына арналған жоба логотипі бар сыйлықтар әзірлеу (флэш-дискілер, футболкалар, блокноттар, қаламдар, магниттер, кілт тізбектері).

Сондай-ақ, Ұлттық ақпараттық сауаттылықты насихаттау күнінің хабарландыруы мен бағдарламасы университеттің веб-сайтында жарияланды: http://kazatu.kz/en/science-and-innovations/national-information-literacy-awareness-day/

Ұлттық ақпараттық сауаттылықты насихаттау күнінің барлық іс-шаралары  туралы ақпарат «facebook» әлеуметтік желісіндегі кітапхана парақшасында жазылды: https://www.facebook.com/kazatulibrary/

Фото-есептер «twitter» әлеуметтік желісіндегі жоба парақшасында жарияланды: https://twitter.com/DIREKT_ERASMUS

Барлықіс-шараларбағдарламаныңережелерінесәйкесорындалды.

Қазақстандағы Ұлттық Ақпараттық Сауаттылықты Насихаттау күніне орайластырылған алғашқы іс-шара 20 қыркүйекте басталды. Осы күні «ХХІ ғасырдағы ақпараттық сауаттылық» тақырыбында эссе байқауы жарияланды. Байқауға 60-қа жуық адам қатысты (бакалавр аға топ студенттері, магистранттар). Конкурстың ережелеріне сәйкес қатысушылар өз жұмыстарын 30 қыркүйекке дейін тапсырды. Барлық эсселерді тексерген соң, 3 қазанда жарыстың қорытындысы жарияланды. 3 жеңімпаз анықталып, оларға сертификаттар мен сыйлықтар табыс етілді.

1-4 қазан аралығында ҚАТУ ғылыми кітапханасында «Ақпараттық сауаттылық және академиялық жазу» тақырыбында кітаптар мен мерзімді басылымдар көрмесі ашылды. Сондай-ақ, 1-2 қазан аралығында студенттер, магистранттар, докторанттар, оқытушылар мен кітапханашыларға арналған «Ақпараттық сауаттылық: тұжырымдамасы, мақсаты, оның негізгі элементтері», «Интернетте ақпараттарды іздестіру әдістері. Google және академиялық дерекқорлар»,«Ашық қолжетімді ғылыми ресурстарға шолу»,«Ғалымдар үшін импакт-фактор және басқа көрсеткіштер»және сол сияқты тақырыптарда бірқатар тренингтер өткізілді.

2 қазан күні ғылыми кітапхана университеттің компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультетімен бірлесіп «Кітапханадағы түн» атты іс-шара ұйымдастырды. Онда студенттер «Астанадағы 10 кітапханаға экскурсия», «ХХІ ғасырдағы ашық кітапханалардың болашағы» және т.б. тақырыптар бойынша презентациялар жасады, пікірталастар мен викториналарға қатысты.

3 қазан күні «Ғылым мен жоғары білім берудегі ақпараттық сауаттылық және академиялық жазу» тақырыбында қалалық семинар өткізілді, оған баяндамашылар ретінде халықаралық сарапшылар мен Назарбаев Университетінің мамандары шақырылды: Фатих Томсон (TESOL оқытушысы, Вашингтон Университеті, АҚШ), Бенжамин Тейлор (EFL оқытушысы, Джорджтаун Университеті, АҚШ),  Петр Лапо (Назарбаев Университеті кітапханасының бас маманы) және Элизавета Камилова (Назарбаев Университеті кітапханасының анықтамалық бөлімінің маманы). Семинарға 200-ден астам адам қатысты, оның ішінде Астананың жоғары оқу орындарының кітапханашылары және ҚАТУ оқытушылары, докторанттар, магистранттар және студенттері қатысты. Сондай-ақ, семинардан кейін университет алаңында «Кітапхана Оpen Air» іс-шарасы өткізіліп, «facebook» әлеуметтік желісіндегі кітапхана парақшасында алдын-ала жарияланған конкурстың қорытындысы бойынша жүлделі орындар ойнатылды.

4 қазан күні университеттің Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінің ғимаратында жоспарға сәйкес жеке тренинг  ұйымдастырылды.

Осы шара аясында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің барлық қонақтарына, студенттеріне және қызметкерлеріне жоба жайлы, ақпараттық сауаттылық, заманауи кітапханалардың жаңа мүмкіндіктері мен қызметтері туралы ақпарат берілгенін атап өтуге болады.

Жоба Еуропалық комиссияның қолдауымен қаржыландырады. Бұл жариялым Еуропалық комиссияның көзқарасын көрсетпейді және университет жауапкершілігінің заты болып табылады

ЕО ЭРАЗМУС+ жобасы аясында кездесу

2018 жылдың 22-25 қазан аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде ЕО Эразмус+ «Direkt: Үздіксіз оқыту және білім экономикасы үшін трансөңірлік ақпараттық сауаттылықты дамыту» халықаралық жобасы аясында жоба қатысушылардың кездесуі өтті.

Кездесуге дидактикалық және ғылыми топтың мүшелері және ақпараттық сауаттылық модульдері бойынша жұмыс тобы қатысты. Кездесу барысында ақпараттық сауаттылық модульдері мен академиялық жазуға арналган онлайн-платформа жасаудың техникалық мәселелері талқыланды. Жобаның үйлестірушілері 8-ші модульдің мазмұнын ұсынды, аталған модуль Дрездендегі үйлестіру кеңесі нәтижесінде тізімге қосылған болатын (Шілде, Германия).

Кездесуге Консорциумның барлық әріптес университеттерінің өкілдері, жоба жетекшісі Джеральд Кавана, жобаның үйлестірушісі Педрейг Кирби, жобаның қатысушылары Ева Рид (Нитрадағы Константин Философия Университеті, Словакия), Жерард Куллен (Дрезден техникалық университеті, Германия) және Валерия Рачеева (Pyramid Group, Германия) қатысты.

Бірінші топтыңжұмыс барысында жобаның үйлестірушісі Педрейг Кирби академиялық жазу бойынша тренингтер өткізді: сенімді ақпарат көздері, ғылыми деректер, ақпараттарды этикалық пайдалану, плагиаттыққа жол бермеу және т.б.

Барлық жоғары оқу орындарында өткізілген ақпараттық сауаттылық күніне ерекше назар аударылды. Қатысушылар өздерінің тәжірибелерімен бөлісті және презентация түрінде баяндама жасады. Есептерді талқылау соңында 2019 жылға ұлттық ақпараттық сауаттылық күнін өткізу жоспарларын талқылады.

Сондай-ақ, Ресей Федерациясының елдік үйлестірушісі Ольга Софонкина 2018 жылы 7 қыркүйекте Петрозавод мемлекеттік университетінде өткен жобаның мониторингіне қатысты есеп берді. Мониторинг нәтижелері бойынша келесі ұсыныстар жасалды:

  • ақпараттық сауаттылықты оқытуды жоспарлау бойынша нұсқаулықтың мазмұнына сай нақты топты анықтау;
  • ақпараттық сауаттылықты оқытуды жоспарлау бойынша нұсқаулықтың құрылымын жетілдіру;
  • нұсқаулықты әріптес елдердің ресми тілдеріне аудару мәселесін қарастыру.

Осы кездесудің қорытындысы бойынша жобаны жүзеге асыру бойынша одан әрі іс-қимыл жоспары келісілді.

Келесі жұмыс кездесуі Солтүстік-Батыс Политехникалық Университетінде (ҚХР) 2018 жылдың желтоқсанында өтеді.

Жоба Еуропалық комиссияның қолдауымен қаржыландырады. Бұл жариялым Еуропалық комиссияның көзқарасын көрсетпейді және университет жауапкершілігінің заты болып табылады

Жоба Еуропалық комиссияның қолдауымен қаржыландырады. Бұл жариялым Еуропалық комиссияның көзқарасын көрсетпейді және университет жауапкершілігінің заты болып табылады

ЕО ЭРАЗМУС+ жобасы аясында кездесу (г.Сиань, КНР)

2018 жылдың 16 желтоқсан мен 20 желтоқсан аралығында Сиань қаласындағы Солтүстік-Батыс политехникалық университетінде (ҚХР) Еуропалық Одақтың Erasmus +  «DIREKT: Үздіксіз оқыту және білім экономикасы үшін  трансөңірлік ақпараттық сауаттылықты дамыту» халықаралық жобасы аясында ақпараттық сауаттылық және академиялық жазбалар жөніндегі жұмыс тобының кездесуі өтті.

Кездесуге жобаның сыртқы бағалау тобының мүшелері Анжела Репановичи (Брашовадағы Трансильвания Университеті, Румыния), Манолис Коукоуракис  (Критс Университеті, Греция) және  Ратко Кнезевич (Бихач Университеті, Босния мен Герцеговина) қатысты.

Аталған кездесуге С.Сейфуллин атындағы КАТУ-нің Халықаралық ынтымақ тастықты және көптілді оқытуды дамыту орталығының директоры Салтанат Мейрамова және кітапхана қызметкері Жулдыз Оразымбетова қатысты.

Кездесу мазмұны жобаның іс-шаралары мен нәтижелерін шолу мен «DIREKT» жобасының 7-ші модулін оқытуды қамтыды. Жоба үйлестірушілері (LIT) жобаның құрылымы мен механизмдері, жобаның сапасын басқару жоспары және нәтижелерді тарату стратегиясы, сондай-ақ 7-ші модульдің мазмұны: академиялық жазу және ақпараттық сауаттылық, академиялық жазу этикасы, плагиат және библиографиялық сипаттама туралы презентациялар жасады.

Кездесудің үшінші күні серіктес елдердің қатысушылары жобаның барысы мен атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

Осы кездесудің нәтижесінде, жобаны іске асыру бойынша одан әрі іс-қимыл жоспары келісілді.

 

Жоба Еуропалық комиссияның қолдауымен қаржыландырады. Бұл жариялым Еуропалық комиссияның көзқарасын көрсетпейді және университет жауапкершілігінің заты болып табылады