Басты бет / Жатақхана студенттері үшін «өрт қауіпсіздігі» туралы онлайн дәріс өтті
Жатақхана студенттері үшін «өрт қауіпсіздігі» туралы онлайн дәріс өтті

15 және 19 маусымда ҚАТЗУ жатақхана студенттері үшін «Өрт қауіпсіздігі» атты онлайн дәріс өткізілді. ЖОО студенттері арасында өрт қауіпсіздігі және тұрмыстық жарақаттану ережелерін бұзудың алдын алу бойынша мұндай профилактикалық жұмыс ҚАТЗУ үшін дәстүрлі болып табылады.

Дәріс мақсаты: төтенше жағдайлар кезінде өрт сөндіргіш құрылғысымен жұмыс істеу және техникасымен танысуға, онымен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру

Дәрісте ҚАТЗУ Инфрақұрылымды басқару және қызмет көрсету жөніндегі департаментінің бас менеджері М.Т. Оразалин өрттің шығу себептері, алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану және өрт болған кезде мінез-құлық ережелері, эвакуация тәртібі туралы айтып берді.

Студенттерге өрт қауіпсіздігі бойынша оқу-жаттығу фильмдері көрсетілді, олар оттың қаншалықты қауіпті екенін және осы апатқа салғырттықтың қандай зардаптарға әкелетінін көрсетеді.

«Ең бастысы, сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін, жеке қырағылығыңыз бен сақтығыңыз қажет екенін есте ұстаған жөн!»,- деп атап өтті М.Т. Оразалин

Мұндай кездесулер білім алушыларға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығын жеткізуге және өрттің алдын алу шаралары туралы ақпаратты жеткізуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, студенттер баяндамашыға өмір қауіпсіздігіне қатысты барлық өзекті сұрақтарды қоюға мүмкіндік алды.