Басты бет / №7 студенттік жатақхана тұрғындарына құқықтық сауаттылық бойынша түсіндіру жұмысы ұйымдастырыдды
№7 студенттік жатақхана тұрғындарына құқықтық сауаттылық бойынша түсіндіру жұмысы ұйымдастырыдды

2022 жылдың 22-28 қыркүйегі аралығында Басқарма төрағасының жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ж.А.Құсайынова №7 студенттік жатақхананың ер балаларымен ішкі тәртіп бойынша әңгіме жүргізді.

Білім алушыларға 65 жылдық тарихы бар оқу орнымыздың жетістіктері таныстырылып, оны әрі қарай дамытуға әр студент сапалы білімі және  үлгілі тәртібімен үлес қоса алатындығы айтылды. Жатақханада тұру ережесінің талаптарын талқылай отырып, оны сақтаудың бірінші кезекте студент үшін маңыздылығы түсіндірілді. Білім алушының құқықтық жауапкершілігі талқыланды (яғни, рұқсат етілмеген митингтерден, төбелесу, ұрлық жасау әрекеттерінен аулақ болу т.б.). Жалпы, жатақхана бойынша 185 студентпен алдын алу жұмысы жүргізілді.