Басты бет / ЕЭК дамуының негізгі векторлары туралы баяндама
ЕЭК дамуының негізгі векторлары туралы баяндама

2022 жылдың 28 сәуірде С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ қабырғасында, 2025 Стратегиясында көзделген ЕЭК дамуының негізгі ретінде –  агроөнеркәсіптік кешен саласындағы, мемлекеттердің келісілген агроөнеркәсіптік саясатының нәтижелері мен перспективалары туралы - агроөнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасары Айна Құсайынова (Мәскеу қ.) баяндады. Аталмыш іс-шараны Еуразиялық экономикалық комиссиясы мен С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ экономика кафедрасы бірлесіп ұйымдастырды.

Еуразиялық экономикалық комиссияның 10 жылдығын атап өтуге арналған іс-шаралар бағдарламасын іске асыру аясында өткізілген дәріс 2, 3, 4 курс студенттеріне арналған.

Студенттер Еуразиялық экономикалық интеграцияның агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қызметі туралы ақпарат алды.

Дәрісте Еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық үдерістерді дамытудың өзекті мәселелері, келісілген агроөнеркәсіптік саясатты жүзеге асырудың бағыттары мен тетіктері талқыланды. Конференцияға қатысушылар агроөнеркәсіптік кешеннің ұйымдық құрылымдарын дамыту саласындағы зерттеулердің нәтижелерін, заманауи жағдайларда ұлттық және ұжымдық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

ЕЭК өкілдерімен кездесу нәтижесінде кафедра бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша ынтымақтастықты дамытуды жоспарлап отыр.