Басты бет / Дәстүрлер тарихы
Дәстүрлер тарихы

2023 жылдың 10 наурызында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде  философия кафедрасының «Достық» клубының  ұйымдастыруымен «Дәстүрлер тарихы» атты концерттік іс-шара өтті. Шараның мақсаты еліміздегі ұлттардың дәстүрлерін үгіттей отырып, қоғамдағы ұлтаралық татулық пен толеранттылық құндылықтарын жастарға насихаттау болып табылады. Концерттік шарада университетіміздің өзге ұлт студенттеріне болған клубтың мүшелері ұлттық өнерлерін көрермендерге паш етті.

Аталмыш шараға орыс ұлтынан болған 1 курс студенті Посникова Галина мен  өзбек ұлтының өкілі Арипжанов Бахтиер жүргізуші болды.   Шара әр ұлт өкілдерінің билерінен көрініс беретін попуримен ашылды. Студенттер қазақ, өзбек, орыс, лезгин, үнді, татар, испан ұлттық билерін орындап, көрермендерге ерекше шаттық көңіл-күй сыйлады. 2 курс студенттері  Газдиев Мурат ингуш тілінде, Недвига Виталий неміс тілінде, Карабаева Елизавета қазақ тілінде өлең оқыды.  Кеш барысында қазақтың ұлттық өнерінен халық әндері мен күйлері орындалды. Әрбір ұлт өкілдерінен болған студенттер ұлттық тағамдарын қонақтар мен көрермендерге ұсынды.

Концерттік шараның құрметті қонақтары  Басқарма төрағасының жсатар саясаты және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Құсайынова Жайнагүл Айтмағанбетқызы  және гуманитарлық факультеттің оқытушылары болды. Шараның соңында Жайнагүл Айтмағанбетқызы сөз сөйлеп,   ұйымдастырушылар мен студенттерге алғысын айтты.