Басты бет / ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO
ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO

Жылдың басты оқиғасы  ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO көрмесі өтті, 100-ден астам отандық университеттер мен мектептер бизнес басшыларының алдында өздерінің әлеуметтік, экологиялық және экономикалық жобаларын қорғады. Байқау аясында «Жерге қамқорлық, адамдарға қамқорлық» бағдарламасы аясында үздік әлеуметтік жобаға да сыйлық тағайындалды.

«ENACTUS өмірді жақсарту үшін инновациялар мен креативтілікті қолданатын бизнес көшбасшыларының жаңа буынын дайындап жатыр.

ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2022 алаңында өткен әлеуметтік - кәсіпкерлік жобалар байқауына ҚАТУ «Seifulin Enactus» командасы  «Құс: ауладан дастарханға дейін» жобасымен қатысып, бірінші орынды жеңіп алып, Пуэрто-Рикода өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.

«SeifulinEnactus» командасының спикері Жұмаділдаева Аяулым, 7М041 «SARUD Тұрақты ауылшаруашылығы және ауылдық аумақтарды дамыту» 2 курс магистранты (ғылыми-педагогикалық бағыт) осы жоба бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады және магистрлік диссертациясын қорғайды. Магистрлік жұмыстың тақырыбы Жұмаділдаева А. «Үй шаруашылықтарының қызметін бағалау және құс етін өндіру мысалында олардың рентабельділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу». Зерттеу барысында Аяулым «Сейфуллин оқулары–18» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда «Жастар және ғылым– болашаққа көзқарас» атты мақаласын жариялады.

Топ жетекшілері: конкурстың академиялық кеңесшісі, «Экономика» кафедрасының меңгеруші, э.ғ.к., доцент, А.Б Темірова., Жергілікті кәсіподақ ұйымының төрағасы С.Қ. Айтхожин және орынбасары Д.Н.Нұрпейісов  

 

ҚАТУ командасын құттықтаймыз.