Басты бет / «Парасаттылық алаңы» айлығының қорытындысы талқыланды
«Парасаттылық алаңы» айлығының қорытындысы талқыланды

«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ-да Тәрбие кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Күн тәртібінде «Парасаттылық алаңы» айлығы аясында өткізілген іс-шаралардың қорытындысы талқыланып, алдағы міндет-мақсаттар белгіленді. Кеңеске комплаенс-офицер Қ.А.Токушев қатысты. Отырыста агрономиялық, ВжМШТ факультетінің, ОШЖТжҚО, КЖжКББ, ЖРБСжД, техникалық, энергетикалық, экономикалық, гуманитарлық факультеттерінің декан орынбасарлары осы бағыттағы атқарған жұмыстарының есебін жасады.  Барлық факультетте жоспарланған іс-шаралардың орындалғаны және дәрістер, дебат, брейн-ринг, бейне-роликтер, қабырға газеттері сияқты әр түрлі форматта өткізілгені баяндалды. Кеңес соңында бұл бағыттағы жұмыстарды үздіксіз жетілдіру міндеті қойылды.