Басты бет / "Қанмен бөлісу" акциясы өтті
"Қанмен бөлісу" акциясы өтті

15-17 ақпан күндері «С.Сейфуллин Казақ агротехникалық университеті» КеАҚ-та Денсаулық апталығы аясында "Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы"  (Қан орталығы) мамандары университетке келді.

Университеттің білім алушылары, оқытушылары мен қызметкерлері арасынан донор болуға ниет білдірген адамдар     алдымен өздері туралы, өмір салты және өткен аурулары туралы мәліметтермен сауалнамалар толтырып, терапевт пен тексеруден, атап айтқанда қан қысымын, жүрек соғу жиілігін өлшеу, теріні тексеруден өтті,

 Содан кейін әлеуетті донорлар қан тобын, резус факторын, гемоглобин деңгейін анықтау үшін алғашқы зертханалық зерттеулерден өтті.

Жалпы қан тапсырушы 102 адамның кейбіреулері  тәжірибесі бар донорлар болса, кейбіреуі бірінші рет қан тапсырушылар болғанымен, барлығы жауапкершілікпен қарады. Барлығы дәрігерлердің нұсқауы бойынша қан тапсырды.