Басты бет / «Отбасы құқығының өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел
«Отбасы құқығының өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел

«Эко-құқық» клубы аясында «Экономика» кафедрасының аға оқытушылары Байдалина Г.Ш. және Овчинникова Т. В. ұйымдастыруымен  «Отбасы құқығының өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның мақсаты – отбасы құқығы саласындағы құқықтық мәдениетті, студенттердің «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің негізгі ережелері туралы білім деңгейін арттыру.

Дөңгелек үстел барысында 07-045-19-08 топ студенттерінің отбасы құқығының проблемалық мәселелері бойынша баяндамалары тыңдалып, талқыланды. Талқыланған тақырыптардың ішінде: некеге тұратын адамдарды медициналық тексеру, көмекші репродуктивті технологияларды қолдану арқылы туылған балалардың тегін анықтау, патронаттық тәрбие және т.б. мәселелері болды. Сондай-ақ «Эко-құқық» клубының белсенділері 07-044-21-02 тобынан Әбдінағи Ахмет «Отбасы құқығы: еврей отбасы» тақырыбымен  және 07-047-21-13 тобынан Түменбаева Шахиризада «Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру нысандары» тақырыбымен қатысты.