Басты бет / «Референдум «Жаңа Қазақстанды бірге құрайық» идеясын іске асыру» атты дөңгелек үстел өтті
«Референдум «Жаңа Қазақстанды бірге құрайық» идеясын іске асыру» атты дөңгелек үстел өтті

2022 жылы 20 мамырдаС.Сейфуллин атындағы ҚАТУ, «Эко-права» клубының аясында Экономика факультетінің аға оқытушылары Б.Б.Бермухамбетова мен И.К.Амерханованың және Экономика факультеттерінің студенттерінің ұйымдастыруымен «Референдум«Жаңа Қазақстанды бірге құрайық» идеясын іске асыру» тақырыбында конституциялық реформаның мәні мен алдағы референдумның маңыздылығы туралыдөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге Университетіміздің профессорлық оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты. Конституция құқық үстемдігінің құндылықтарын іске асыру құралы болып табылатындықтан, Ата заңға еңгізілетін өзгерістердің мәні түсіндіріліп, қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді. Дөңгелек үстелге қатысушы оқытушылар жер мәселесіне, мемлекеттік басқару аясындағы өзгерістері туралы сұрақтарын қойып, ой түйін жасалды.