Басты бет / «Дұрыс тамақтану мәдениеті» тақырыбында дәріс өтті
«Дұрыс тамақтану мәдениеті» тақырыбында дәріс өтті

14.02.2023 күні «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ «Денсаулық апталығы» аясында акт залда Астана қ. №5 емхананың СӨС дәрігері Дүйсен Мейірқұл Шералықызы «Дұрыс тамақтану мәдениеті» тақырыбында ашық дәріс өткізді.

Дәрісте СӨС дәрігері Дүйсен М.Ш. адамның денсаулығы салауатты тамақтануға көп байланысты. Салауатты тамақтану бойынша – тамақ рационын, тамақтану тәртібін, тамақтану ережесін дұрыс сақтау туралы толық айтты. Сонымен қатар, дұрыс тамақтану жүрек-қантамыр, асқазан-ішек жолдары, қантдиабеті, остеопороз, онкологиялық аурулардың алдын алу үшін, сыртқы орта әсеріне қарсы тұру үшін, ағзаның жұмысқа қабілеттілігін арттыру үшін, белсенді ұзақ өмір сүру үшін қажет екенін ескертті. Сөз соңында «Ауру – астан» деген пікірді естен шығармай, жоғарыда айтылған қарапайым ережелерді сақтап, өзіміздің тамақтану мәдениетімізді қалыптастыра алуымыз керек екендігін түсіндірді.

Дәрістен қатысушы білім алушылар мен оқытушылар  толық мәлімет алып, өздерін қызықтырған тақырып бойынша сұрақтар қойып, қанағаттанарлық жауап алды.