Басты бет / 7М041 Бизнес және менеджмент (ғылыми-педагогикалық) мамандығы бойынша 2 курс магистранттары тағылымдамадан өтті
7М041 Бизнес және менеджмент (ғылыми-педагогикалық) мамандығы бойынша 2 курс магистранттары тағылымдамадан өтті

2022 жылдың 10 мамыры мен 20 мамыры аралығында «А.И.Бараев атындағы Астық   шаруашылығы  ғылыми-өндірістік орталығынан» «Экономика» кафедрасының 7М041 «Тұрақты ауыл шаруашылығы және ауылдық аумақтарды  дамыту» білім беру бағдарламасы сәйкес 7М041 Бизнес және менеджмент (ғылыми-педагогикалық) мамандығы бойынша 2 курс магистранттары тағылымдамадан өтті.

Тағылымдама бағдарламасына сәйкес магистранттар ғылыми-өндірістік орталықтың қызметімен танысып, диссертация тақырыптары бойынша кітапхананың электронды деректер базасындағы материалдарды қолданды. Студенттер орталықтың мұражайын, ғылыми орталықтың зертханасын аралады. Магистранттардың ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламасы жұмыс жоспарына сәйкес, толық көлемде орындалды. Тағылымдама соңында магистранттарға жеке сертификаттар табыс етілді.