Басты бет / Студенттік бизнес-инкубатор аясындағы іс-шаралар
Студенттік бизнес-инкубатор аясындағы іс-шаралар

Бүгінгі таңда студенттік бизнес-инкубатор аясында бірнеше іс-шаралар өткізілді, атап айтқанда:

08.02.2023 жылы студенттік жобалардың бірінші жәрмеңкесі ұйымдастырылды, онда университеттің логотипі бар имидждік киімдерді тігу, шағын кондитерлік цех, сұлулық қызметтерін көрсету, үйде зергерлік бұйымдар жасау, әйелдер мен еркектерге арнаған сөмкелерін тігу бойынша жобалар ұсынылды.

08.02.2023 жылы С. Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ мен Назарбаев Университеті арасындағы ынтымақтастықты жолға қою шеңберінде, Назарбаев Университетінің инкубациялық бағдарламасына өтінімдерді қабылдау бойынша ақпараттық сессия өткізілді.

01.03.2023 жылы шақырылған спикерлермен кәсіпкерлік бойынша мастер-класс өткізілді: Т. Қ. Өмірзақов, М. А. Набиев, А. Сыздықов.

09.03.2023 жылы шақырылған спикермен мастер-класс өткізілді: Баймағамбетова А. Р., тақырыбы "Болашақтың дағдылары. Сізге сұранысқа ие маман болуға не көмектеседі".

24.05.2023 ж. "Қаржыгер жұмыс берушіге бірнеше есе көп ақша табу үшін қандай шешім бере алады?" шақырылған спикер Шанайбаева. Ж.

14.06.2023 жылы ресми түрде "3.2.1. Старт" Cocf-Cola lcecek Kazakhstan компаниясының жоба бөлігі болып атандық. Қазақстан жастары арасында пластикті бөлек жинауды және оны қайта өңдеуді дамытуға бағытталған жетекші жоғары оқу орындарының бірі болып С. Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ болды.