Басты бет / ҚАТУ-дың 65 жылдығына арналған «XXI ғасыр ғылымы- трансформация дəуірі» тақырыбындағы «18 (2) СЕЙФУЛЛИН ОҚУЛАРЫ» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция
ҚАТУ-дың 65 жылдығына арналған «XXI ғасыр ғылымы- трансформация дəуірі» тақырыбындағы «18 (2) СЕЙФУЛЛИН ОҚУЛАРЫ» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-дың 65 жылдығын мерекелеу аясында «ХХІ ғасыр ғылымы – трансформация дәуірі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Бүгін пленарлық және секциялық отырыстар өтті. «Ғылыми биологиядағы және ауылшаруашылық өсімдіктерін қорғаудағы инновациялық шешімдер» секциясының отырысы өте қызықты, ғылымға толы болды. Секцияға Қазақстан, Әзірбайжан, Ресей елдерінің жетекші университеттері мен ғылыми орталықтарының ғалымдары, фитосанитарлық қызмет мамандары, Астана ботаникалық бағы және басқа да ұйымдар, докторанттар, магистранттар, студенттер қатысты.

ГАЖ технологиясын және зиянкестерді анықтаудың молекулалық биологиялық әдістерін тәжірибеде қолдану қарастырылған баяндамалар белсенді пікірталас тудырды.

Талқылауда ерекше қауіпті өсімдік зиянкестерінің мекендеу орындарын модельдеу және болжау, анықтау, басқару стратегиясын әзірлеу мәселелері қозғады.

Тыңдалым нәтижесінде үздік баяндамалар алғыс хаттармен марапатталды. Ғалымдар қаулыға қорытынды жасап, тәжірибе алмасу, жоғары оқу орындарының, өндірістік бірлестіктер мен ауылшаруашылық дақылдарын өсірумен айналысатын ұйымдардың студенттеріне өсімдіктерді қорғау бойынша білімді насихаттау форматын ұсынды.