Басты бет / «Пандемия (коронакризис) жағдайында ұлттық экономиканың даму перспективалары» тақырыбындағы студенттердің ғылыми жобаларының халықаралық конкурсы
«Пандемия (коронакризис) жағдайында ұлттық экономиканың даму перспективалары» тақырыбындағы студенттердің ғылыми жобаларының халықаралық конкурсы

«Экономика» мамандығының 4 курс студенттері КЕАҚ «Нархоз университетінің» «Экономика және менеджмент» мектебі және «Экономика» білім беру бағдарламасы өткізген «Пандемия (коронакризис) жағдайында ұлттық экономиканың даму перспективалары» тақырыбындағы студенттердің ғылыми жобаларының халықаралық конкурсына қатысты.

Байқаудың негізгі мақсаты - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Зияткерлік ұлт 2020» ұлттық жобасы аясында студенттердің, отбасылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру және дарынды студенттерді қолдау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету.

Студенттердің ғылыми жобаларының халықаралық байқауы 3 кезеңнен тұрды:

Бірінші кезең - ақпараттық-ұйымдастырушылық, 2020 жылдың 23 қарашасынан 7 желтоқсанына дейін жалғасты: студенттердің және қатысушылардың ғылыми жобаларын қабылдау туралы ақпаратты жеткізу.

Екінші кезең - 7 желтоқсаннан 18 желтоқсанға дейін жалғасы. Қатысушылардың ғылыми жобаларын белгіленген критерийлер бойынша үздік ғылыми жобаларды іріктеу және бағалау.

Үшінші кезең-жобаларды қашықтықтан қорғау, жеңімпаздарды анықтау және байқау қорытындысын шығару.

Ғылыми жобалар байқауына екі жұмыс ұсынылды:

«Эмиль» ЖШС сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру». Елеусіз А, Тлеуова А., 4 курс студенттері. Ғылыми жетекшілері: Темирова А. Б., Нарбаева Г. К.

«Ақмола-Феникс» АҚ қызметінің рентабельділігін арттырудың экономикалық негіздемесі» Естай А., Турабай А., Умуртаева А., 4 курс студенттері. Ғылыми жетекшілері: Темирова А. Б., Нарбаева Г. К.

Іріктеу нәтижесінде 4 курс студенттері Елеусіз А, Тлеуова А. «Эмиль» ЖШС сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» тақырыбындағы жобасы сонғы кезеңге өтті. Халықаралық ғылыми жобалар байқауының қорытындысы бойынша  «Үздік зерттеу жұмысы» дипломымен марапатталды.