Басты бет / «Кәсіпкерлік бастама – 2020» сайысы
«Кәсіпкерлік бастама – 2020» сайысы

Оқу үдерісі әдетте дәрістердегі теориялық материалды оқып, үйрену және оны практикалық сабақтарда бекіту және студенттердің өзіндік жұмыс бойынша тапсырмаларды орындауы арқылы жүзеге асырылады. Алайда, бұл жеткіліксіз және оқытушылар мұны түсінеді. Сондықтан біз жыл сайын кәсіпкерлік негіздерін оқитын әртүрлі мамандық студенттері арасында "Кәсіпкерлік бастама" сайысын өткізуді шештік. Байқаудың мақсаты - студенттерге болашақ кәсіпкерлер-спикерлер, питч мейкерлер ретінде өзін жүзеге асыруға мүмкіндік беру, бизнес жоспар құру және бизнес кейстерді шешуге дайын болу.

 

2020 жылдың 6 наурызында Экономика кафедрасының оқытушылары Балкибаева Аида Мақсұтқызы мен Маденова Кулшара Мырзабайқызының жетекшілігімен осы байқау ұйымдастырылды және бұл байқау дәстүрге айналады деген үміттеміз. Сарапшылар ретінде факультет деканы Серік Қанатұлы Айтхожин, кафедра меңгерушісі Ақмарал Болатқызы Темирова, аға оқытушы Дана Сұлтанханқызы Құрманова белсенді түрде қатысты. Агрономиялық факультетінің 4-курс және экономикалық факультетінің 3 курс студенттері өздерінің кәсіпкерлік жоспарларының есебін дайындап, прототиптерді, болжанатын тауарлардың дизайнын жасады.

 

Бизнес кейске жауап ретінде студенттер арасында Бейбіт Арман, Шаркемелов Сабина, Шайзада Нұрсұлтан, Зұлфан Айтбай, Сокорянский Антон өз ойларын нақты негіздеме келтіре отырып, ортаға салды.

Байқау қазақ және орыс тілдерінде оқытатын топтар арасында бір уақытта өтті, бұл сонымен қатар таныстыру сөйлеу арқылы тілдік дайындық деңгейін көруге мүмкіндік берді. Өйткені қазіргі кәсіпкер Қазақстандағы көптілді ортада және әлемдік нарықта жұмыс істеуге тура келеді. Тілдік дайындық жеткілікті болуы керек және студенттер неғұрлым көп тілді меңгерген сайын, бизнес үшін соғұрлым жақсы.

Дауыс беруші аудитория  ықтимал инвесторлар ретінде келесі жылы осындай конкурстарға дайындау және ұрпақтар сабақтастығын сақтау үшін экономика факультетінің 2-курс студенттері шақырылды. Өткізілген шараға белсенді қатысқан барлық адамдарға алғысымызды білдіреміз!