Басты бет / «ҚазАТУ аруы!» байқауы өтті
«ҚазАТУ аруы!» байқауы өтті

«ҚазАТУ – аруы,  2022» байқауы  23.02.22 күні, Агрономия факультетіндегі акт залында  өтті.

Сайыс қыз балаларды  халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылыққа, инабаттылыққа, ізеттілікке, ісмерлікке тәрбиелеу.
Сайыс 4 кезеңмен өтті:              

  1. «Тегін білу, тектілік» - таныстыру 
  2. «Дәм-думан» - аспаздық өнер
  3. «Сегіз қырлы, бір сырлы» - өнер сайысы (ән, би, т.б өнер түрлері)
  4.  «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»  біліммен бағалау кезеңі.

Әділ қазылар алқасы құрамында

Республикалық «Жігіт сұлтаны» сайысының жеңімпазы, актер Олжас Ибраев

«Астана АРУЫ 2019», «МИСС Қазақстан» Әзірбай Ханзада

Жастар саясаты  департаментінің директоры  Адлет Ахметов

Жастар саясаты  департаментінің менеджері  Мадина Шолықбаева

Шығармашылық дамыту орталығының «Ұлт-аспаптар оркестрі» ансамблінің жетекшісі  Гаухар Сармантаева болды.

«ҚазАТУ аруы!» атанып,  I орынды Орман шаруашылығы, жабайы табиғат және  қоршаған орта факультетінің студенті Абдрахман Томирис, II орынды  Агрономиялық факультетінің студенті Амиралиева Гүлнұр; III орынды және  «Білікті ару» номинациясы бойынша марапатталған –Экономикалық факультетінің студенті Жансейтова  Дана иеленді. «Өнерлі ару»  номинациясын  Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультетінің студенті Атабаева Ғазиза, «Көрермен көзайымы» номинациясы бойынша Ветеринария және мал шаруашылығы факультетінің  студенті Балғожина Әсел, «Шебер қолдар»  номинациясымен Техникалық  факультетінің студенті Мельс  Нұрсұлу марапатталды.

Сайысқа белсене қатысқаны үшін әр факультеттердің декандарымен, жетекшілеріне және қатысушыларға, көрермен залында тәртіп сақтауға көмектескені үшін Мобильді топқа  шын жүректен алғыс білдіреміз!